Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3) және 26-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"26-1) салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру;
26-2) бірыңғай төлемді төлеу, аудару және оны жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын келісу;
26-3) импорты қосылған құн салығынан босатылатын мемлекеттік емес музейлер әкелетін өнер туындыларының тізбесін келісу;
26-4) өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін келісу;";
мынадай мазмұндағы 186-1) тармақшамен толықтырылсын:
"186-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |