Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 180 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 159-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Нұра" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

      "1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-1-жолмен толықтырылсын:

      "20-1. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Нұра" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.".

      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов