"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 13) тармақшасына, "Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ЕҰУ КеАҚ) "Халықаралық экономика және қаржы академиясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ХЭҚА АҚ) 100 (жүз) пайыз мөлшердегі акцияларының пакетін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ-мен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) ХЭҚА АҚ акцияларын иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-208-жолмен толықтырылсын:
"21-208. "Халықаралық экономика және қаржы академиясы" АҚ.";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында::
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне:
407. "Халықаралық экономика және қаржы академиясы" акционерлік қоғамы.".
4. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (келісу бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |