Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 93-1) және 93-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"93-1) Ұлттық байланыс орталығы және оның Хатшылығы туралы ережелерді әзірлеу және бекіту, сондай-ақ Ұлттық байланыс орталығының құрамын бекіту;
93-2) Көпұлтты кәсіпорындарға арналған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының басшылық қағидаттарының бұзылуы туралы өтініштерді қарау регламентін әзірлеу және бекіту;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |