Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 қаулысында:
көрсетілген қаулымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексінде:
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттары" деген 1-бөлімде:
"Үкімет Қордың акционері ретінде" деген 1-тарауда:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қордың Директорлар кеңесінің құзыреті Қор туралы заңға сәйкес айқындалады. Қордың Директорлар кеңесі Қордың жалғыз акционері сайлайтын төраға мен мүшелерден тұрады. Тәуелсіз директорларды қоса алғанда, Директорлар кеңесінің мүшелеріне қатысты осы Кодекстің "Директорлар кеңесінің және атқарушы органның тиімділігі" деген 5-тарауының талаптары Қор туралы заңға және Қордың жарғысына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.";
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қор туралы заңның 8-бабының 1-тармағында көзделген жағдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері мен өзге де мемлекеттік қызметшілердің ҚБК ұсынымы бойынша сайлануын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері мен өзге де мемлекеттік қызметшілердің Қор тобына кіретін ұйымдардың директорлар кеңестерінің немесе байқау кеңестерінің құрамдарына кіруіне тыйым салынады.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Жалғыз акционердің шешімі бойынша және ол айқындайтын тәртіппен Қор жыл сайын "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға Қордың таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөледі.";
"Директорлар кеңесінің және атқарушы органның тиімділігі" деген 5-тараудың 6-тармақта бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қор туралы заңның 8-бабының 1-тармағында көзделген жағдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері мен өзге де мемлекеттік қызметшілердің ҚБК ұсынымы бойынша сайлануын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері мен өзге де мемлекеттік қызметшілердің Қор тобына кіретін ұйымдардың директорлар кеңестерінің немесе байқау кеңестерінің құрамдарына кіруіне тыйым салынады.";
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттарына аннотациялар" деген 2-бөлімде:
"Үкімет Қордың акционері ретінде" деген 1-тарауда:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қордың Директорлар кеңесінің құзыреті Қор туралы заңға сәйкес айқындалады. Қордың Директорлар кеңесі Қордың жалғыз акционері сайлайтын төраға мен мүшелерден тұрады. Тәуелсіз директорларды қоса алғанда, Директорлар кеңесінің мүшелеріне қатысты осы Кодекстің "Директорлар кеңесінің және атқарушы органның тиімділігі" деген 5-тарауының талаптары Қор туралы заңға және Қордың жарғысына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.";
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қор туралы заңның 8-бабының 1-тармағында көзделген жағдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері мен өзге де мемлекеттік қызметшілердің ҚБК ұсынымы бойынша сайлануын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері мен өзге де мемлекеттік қызметшілердің Қор тобына кіретін ұйымдардың директорлар кеңестерінің немесе байқау кеңестерінің құрамдарына кіруіне тыйым салынады.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Жалғыз акционердің шешімі бойынша және ол айқындайтын тәртіппен Қор жыл сайын "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға Қордың таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөледі.";
"Директорлар кеңесінің және атқарушы органның тиімділігі" деген 5-тарауда:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қор туралы заңның 8-бабының 1-тармағында көзделген жағдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелері мен өзге де мемлекеттік қызметшілердің ҚБК ұсынымы бойынша сайлануын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері мен өзге де мемлекеттік қызметшілердің Қор тобына кіретін ұйымдардың директорлар кеңестерінің немесе байқау кеңестерінің құрамдарына кіруіне тыйым салынады.";
он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Директорлар кеңесінің құрамы теңгерімді болуға тиіс, бұл шешімдердің ұйым мүдделерінде және акционерлерге әділ қарым-қатынасты ескере отырып қабылдануын қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесі мүшелерінің (акционерлердің өкілдері, тәуелсіз директорлар, атқарушы органның басшысы) үйлесімін білдіреді. Қор туралы заңның 8-бабының 1-тармағында көзделген жағдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің және өзге де мемлекеттік қызметшілердің Қордың басқару жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша сайлануын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің және өзге де мемлекеттік қызметшілердің Қор тобына кіретін ұйымдардың директорлар кеңестерінің немесе байқау кеңестерінің құрамдарына кіруіне тыйым салынады.";
2) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысында:
49-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
"15-5) Қордың "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға өзінің таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде жыл сайын қаражат бөлуі туралы шешім қабылдауы.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Қордың Директорлар кеңесі Қордың жалғыз акционері сайлайтын төраға мен мүшелерден тұрады.
Директорлар кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға (Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін қоспағанда) қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда белгіленеді.
Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттардың (Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін қоспағанда) Жалғыз акционер мен Қордың мүдделерінде өздерінің міндеттерін орындау және Директорлар кеңесінің тиімді жұмысын ұйымдастыру үшін қажет тиісті жұмыс тәжірибесі, білімі, біліктілігі және іскерлік және/немесе салалық ортадағы оң жетістіктері болуға тиіс.";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Қордың Директорлар кеңесінің төрағасын (бұдан әрі – Директорлар кеңесінің төрағасы) Қордың жалғыз акционері сайлайды.
Директорлар кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда белгіленген тәртіппен:
1) Директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады;
2) Қордың Директорлар кеңесінің отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді;
3) отырыстарды жүргізеді және хаттамаға қол қояды;
4) Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес лауазымдық жалақының мөлшерін белгілей отырып, Қордың атынан Басқарма төрағасымен еңбек шартын жасасады.
Директорлар кеңесінің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Директорлар кеңесі мүшелерінің бірі жүзеге асырады, бұл ретте Директорлар кеңесі төрағасының функцияларын Басқарма төрағасы жүзеге асыра алмайды.";
82-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) Қордың интернет-ресурсында орналастырылатын Қор қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы жария есепті дайындау;
12-2) Қор қызметінің мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастықпен және шетелдік инвесторлармен тұрақты негізде кездесулер өткізу;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |