"Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 41 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

       көрсетілген қаулымен бекітілген экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары және көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 24 және 25-жолдармен толықтырылсын:

      "

24.

Зертханалық ауқымдағы зерттеулерде, сондай-ақ эталондық стандарт ретінде пайдаланылатын өсімдіктерді қорғау құралдары және басқа да органикалық орнықты ластағыш заттар





1) зертханалық ауқымдағы зерттеулерде, сондай-ақ эталондық стандарт ретінде пайдаланылатын өсімдіктерді қорғау құралдары

лицензия/
қорытынды

-

АШМ


2) зертханалық ауқымдағы зерттеулерде, сондай-ақ эталондық стандарт ретінде пайдаланылатын өсімдіктерді қорғау құралдары және басқа да органикалық орнықты ластағыш заттар

лицензия/
қорытынды

-

ЭТРМ

25.

Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензия




1) сандық шектеулер (квоталар) белгіленген жекелеген тауарлар түрлері ****

бір мәртелік лицензия

-

орталық мемлекеттік органдар

2) айрықша құқық белгіленген жекелеген тауарлар түрлері *****

айрықша лицензия

-

орталық мемлекеттік органдар

3) бас лицензия берілетін жекелеген тауарлар түрлері ******

бас лицензия

-

орталық мемлекеттік органдар

      ";

      ескертпелер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Экспорты және (немесе) импорты рұқсат беру құжаттарының негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарлардың атаулары, кодтары және орталық мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттарының түрлері "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

      * Тарифтік квоталар белгіленген тауарлардың атаулары мен кодтары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың актілерімен немесе сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.

      ** Автоматты лицензиялау белгіленген тауарлардың атаулары мен кодтары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдерімен және (немесе) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.

      *** Рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлардың атаулары мен кодтары орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерімен және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдерімен айқындалады.

      **** Сандық шектеулер (квоталар) белгіленген тауарлардың атаулары мен кодтары орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерімен және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдерімен айқындалады.

      ***** Айрықша құқық берілген тауарлардың атаулары мен кодтарын, сондай-ақ айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияның шешіміне сәйкес тиісті орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде бекітеді.

      ****** Орталық мемлекеттік органдар бас лицензия беретін тауарлардың атаулары мен кодтары орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерімен және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен айқындалады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      ИИДМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов