"Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру, темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті, алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 25 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру, темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті, алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 634 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық органдары алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов