"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 15 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 қазандағы № 854 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.10.2023 № 854 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 266 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия (бұдан әрі – мемлекеттік стипендия) беріледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов