Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 1-тармағына сәйкес Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар:

      1) Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      2) жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарынан және 10 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (келісу бойынша) Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2026 № 884 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (келісу бойынша) жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2026 № 884 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (келісу бойынша) жүктелсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2026 № 884 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1147 қаулысымен
бекітілген

Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Іс-шаралар жоспарына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2026 № 884 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты
орындаушылар

Іске асыру мерзімі

Қаржыландыру көздері


1

2

3

4

5

6

Қоғам

1.

Жетекшілік ететін салаларда (қызмет ерекшелігін ескере отырып) сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсіндіретін тарату материалдарын дайындау және халық арасында тарату

постерлер, брошюралар, парақшалар, буклеттер және т.б.

МҚІА (келісу бойынша), ЖАО

2023 –2026 жылдар

001 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

2.

Баннерлік өнімдерді шығару және оларды орналастыру

баннерлер

ЖАО, МҚІА (келісу бойынша)

2023 –2026 жылдар

жергілікті бюджет шеңберінде

3.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта фильмдер (сериалдар) әзірлеу, республикалық телеарналарда трансляциялау

сериалдар, фильмдер

МАМ, МҚІА (келісу бойынша)

2023 – 2026 жылдар

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

4.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтерді (5 минуттан аспайтын) әзірлеу және республикалық және өңірлік телеарналарда, қоғамдық орындарда, соның ішінде кинотеатрларда (сеанстар басталар алдында) трансляциялау

бейнероликтер

МҚІА (келісу бойынша), МАМ, ЖАО

2023 – 2026 жылдар

001 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

5.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиороликтерді әзірлеу және трансляциялау

аудиороликтер

МҚІА (келісу бойынша), МАМ, ЖАО

2023 –2026 жылдар

001 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

6.

Танымал әртістердің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға бағытталған бейнероликтерді шығару, кейіннен олардың аккаунттарында (Facebook, Instagram) орналастыру

бейнероликтер

МАМ

2023 –2026 жылдар

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

7.

"Qazaqstan" телеарнасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта арнайы айдар ашу

тұрақты айдар

СЖҚІА (келісу бойынша), АҚДМ

2023 жылғы
I тоқсан

001 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

8.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта театрландырылған қойылымдар жасау және өткізу, оның ішінде республикалық және өңірлік телеарналарда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде трансляциялау

спектакльдер, театрлық қойылымдар

МАМ, МҚІА (келісу бойынша)

2023 –2026 жылдар

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

9.

"Хабар 24" телеарнасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта ай сайын шығарылатын арнайы бағдарлама ұйымдастыру

телебағдарлама

СЖҚІА (келісу бойынша), АҚДМ

2023 жылғы
I тоқсан

001 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

10.

Орталық мемлекеттік органдар басшыларының тиісті саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тұжырымдамалық тәсілдерін баяндайтын авторлық мақалаларын БАҚ-та жариялау

жарияланымдар

ОАО, МҚІА (келісу бойынша)

2023 –2026 жылдар

республикалық бюджет шеңберінде

11.

БАҚ-та барлық деңгейдегі әкімдердің сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы мәселелері бойынша авторлық мақалаларын жариялау

жарияланымдар

ЖАО

2023-2026 жылдар

жергілікті бюджет шеңберінде

12.

БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға өңірлік конкурс өткізу

конкурс

ЖАО, МҚІА (келісу бойынша)

2023 –2026 жылдар

жергілікті бюджет шеңберінде

13.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.10.2026 № 884 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

14.

Адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты ілгерілету мақсатында діни бірлестіктердің, этномәдени орталықтардың, саяси партиялардың және қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен іс-шаралар өткізу

кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар және басқалары

МҚІА (келісу бойынша), МАМ, ЖАО

2023 –2026 жылдар

001 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

15.

Кәсіподақ бірлестіктерімен еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды ілгерілету жөніндегі іс-шаралар өткізу

кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар және басқалары

Еңбекмині, МҚІА (келісу бойынша), МАМ, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы (келісу бойынша)

2023 – 2026 жылдар

қаражат талап етілмейді

16.

Кітапханаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кітап көрмелерін ұйымдастыру

көрмелер

МАМ, ЖАО, МҚІА (келісу бойынша)

2023 –2026 жылдар

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

17.

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында республикалық кең ауқымды акция ұйымдастыру

акция (жылына кемінде 1 рет)

МҚІА (келісу бойынша), Әділетмині, ОАО, ЖАО

2023 –2026 жылдар

қаражат талап етілмейді

18.

Халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көші-қон заңнамасын сақтау, азаматтардың полицияға сенімін арттыру бойынша "Жолдағы қабылдау бөлмесі" республикалық акциясы

акция (жылына кемінде 1 рет)

ІІМ, МАМ

2023 – 2026 жылдар

қаражат талап етілмейді

19.

Интернет-алаяқтықтың профилактикасы және оған қарсы іс-қимыл туралы халықты егжей-тегжейлі ақпараттандыру үшін, оның ішінде цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша ақпараттық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру

акция (жылына кемінде 1 рет)

ІІМ, ЖАО

2023-2026 жылдар

қаражат талап етілмейді

Мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қызметшілер, квазимемлекеттік ұйымдардың жұмыскерлері

20.

Мемлекеттік органдарда "Ашық есік күні" акциясын өткізу

акция (жылына кемінде 1 рет)

ОАО, ЖАО

2023-2026 жылдар

қаражат талап етілмейді

21.

Адал, лайықты мемлекеттік қызметшілер үлгісін кеңінен жария ету арқылы мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту

БАҚ-та материалдар

МҚІА (келісу бойынша), МАМ, ОАО, ЖАО

2023 –2026 жылдар

001 "Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

22.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсіндіретін жаднамалар әзірлеу және мемлекеттік орган мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлері арасында тарату

жаднама

СЖҚІА (келісу бойынша), МҚІА (келісу бойынша), ЦДИАӨМ

2023 жылғы III тоқсан

001 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

23.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің профилактикасы үшін білім беру ұйымдарында жұмысқа орналастыру тәртібі туралы нормаларды түсіндіру акциясын өткізу

акция (жылына кемінде 1 рет)

ОМ, ҒЖБМ, ЖАО

2023-2026 жылдар
(II тоқсан)

қаражат талап етілмейді

24.

Бақылау және мониторинг іс-шараларын (лицензиялау, мемлекеттік аттестаттау, кәсіптік бақылау, білім беру ұйымдарын тексеру, білім алушылардың оқудағы жетістіктерін мониторингтеу, білім беру саласындағы халықаралық салыстырмалы зерттеулер) жүзеге асырған кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі ақпараттық роликті дайындау және тарату

ролик

ОМ, МАМ

2023 –2026 жылдар

001 "Оқу-ағарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

25.

Мемлекеттік қызметші күніне орай жас мемлекеттік қызметшілердің ата аналарына жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін алғыс хаттар жіберу

алғыс хаттар

ОАО, ЖАО

2023-2026 жылдар
(II тоқсан)

республикалық және жергілікті бюджет шеңберінде

Бизнес-қоғамдастық

26.

Оң кейстерді БАҚ-та кеңінен жария ету арқылы адал бизнесті насихаттау

БАҚ-та материалдар

ЖАО, "Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)

2023-2026 жылдар

жергілікті бюджет шеңберінде

27.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі туралы бейнематериалдарды орналастыру

БАҚ-та және әлеуметтік желілерде бейнематериалдар

СИМ

2023-2026 жылдар

001 "Ішкі жəне сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау жəне өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту жəне ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

28.

Тұтынушылардың белгіленбеген тобының құқықтарын қорғау және олардың нақты шағымдарын қарау жөніндегі жұмыс нәтижелері туралы хабарлау

БАҚ-та материалдар

СИМ

2023-2026 жылдар

001 "Ішкі жəне сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау жəне өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту жəне ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

29.

Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту бойынша бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын талқылау

БАҚ-та материалдар

Қаржымині

2023-2026 жылдар
(III тоқсан)

001 "Бюджеттік жоспарлауды, мемлекеттік бюджетті атқаруды және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

Балалар мен жастар

30.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлген және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында талапкерлерді қабылдаған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың сақталуы туралы ақпаратты әзірлеу және орналастыру

БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында ақпарат (жаднама, жарияланым, бейнеролик және т.б.)

ОМ, АҚДМ, ЖАО

2023 жылғы
II тоқсан

001 "Оқу-ағарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

31.

Өскелең ұрпақтың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында "Әрекет ет" республикалық мектеп көшбасшылары мен пікірсайысшылар слеті

слет

ОМ

2023-2026 жылдар

001 "Оқу-ағарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

32.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және салық саласындағы мәселелерді білу мақсатында #BIRGEDAMYUSHIN балалар шығармашылығы конкурсын өткізу

конкурс

Қаржымині

2023-2026 жылдар

001 "Бюджеттік жоспарлауды, мемлекеттік бюджетті атқаруды және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

33.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың қатысуымен брейн-ринг өткізу

брейн-ринг

ҒЖБМ

2023-2026 жылдар

қаражат талап етілмейді

34.

Балалардың құқықтарын қорғау саласында бақылау іс-шараларын жүзеге асырған кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша ақпараттық ролик дайындау және тарату

ролик

ОМ, МАМ

2023 –2026 жылдар

001 "Оқу-ағарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

35.

Білім беру ұйымдарында адалдық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналған ортақ сағат ұйымдастыру

парасаттылық сағаты

ОМ, ҒЖБМ, ЖАО

2023-2026 жылдар
(III тоқсан )

қаражат талап етілмейді

36.

"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының және "Саналы ұрпақ" студенттік клубтарының слеттерін өткізу

слеттер

ОМ, ҒЖБМ, ЖАО

2023-2026 жылдар

001 "Оқу-ағарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

37.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы салада іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру

жоғарғы оқу орындарына ұсынымдар

ҒЖБМ

2023 жылғы
I тоқсан
2024-2026 жылдар
(IV тоқсан )

001 "Ғылым және жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

ҒЖБМ сайтындағы зерттеу жұмыстарының тізілімі

38.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар үшін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері" элективті курсын өткізу

курстар

ҒЖБМ, МҚІА (келісу бойынша)

2023 –2026 жылдар

қаражат талап етілмейді

39.

Педагогтардың, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру бағдарламаларына оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу бойынша модульдерді енгізу

біліктілікті арттыру бағдарламаларына өзгерістер енгізу

ОМ, СЖҚІА (келісу бойынша)

2023 жылғы III тоқсан

001 "Оқу-ағарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

40.

Түрлі салаларда табысқа жеткен спикерлерді шақырып, TEDx форматында кездесулер өткізу

кездесулер

ОМ, ҒЖБМ, ЖАО

2023-2026 жылдар

001 "Оқу-ағарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      "Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;

      ОМО – орталық мемлекеттік органдар

      СЖҚІА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі