Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 971 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қазгеология) акцияларының мемлекеттік пакеті "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазгеология акцияларының мемлекеттік пакетінің "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілуін;";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 4-тармағында айқындалған қызметті жүзеге асыру үшін қажетті мүлікті "Ұлттық геологиялық қызмет" акционерлік қоғамына беруді қамтамасыз етсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |