"Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1043 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мыналар:

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау қағидалары;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Даңқ Кітабының сипаттамасы бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Даңқ Кітабын қажеттілігіне қарай кейіннен дайындауды және оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына беруді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Даңқ Кітабын жүргізуге және сақтауға жауапты болып айқындалсын.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын (бұдан әрі – Даңқ Кітабы) жүргізу және сақтау тәртібін айқындайды.

      2. Даңқ Кітабын жүргізуді және сақтауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) жүзеге асырады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау тәртібі";

      6, 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ағымдағы жылы алынған ақпаратты келесі жылғы 1 наурызға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне жібереді.

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі келесі жылғы 1 мамырға дейін Даңқ Кітабына осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген ақпаратты қамтитын марапатталған адамдар туралы жазба енгізеді.

      Даңқ Кітабына жазбаларды енгізу жылына бір рет жүргізіледі.

      8. Даңқ Кітабы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің музей қорына енгізіледі.

      9. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жеке қойылған тұғырға орналастырылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесінде жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы
8 маусымдағы
№ 538 қаулысына
1-қосымша";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Данқ Кітабының сипаттамасында жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы
8 маусымдағы
№ 538 қаулысына
2-қосымша".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов