"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзг

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 1000 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағында көзделген қызметкерлерді қоспағанда, азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына берілетін бір ЛА (тарифтік мөлшерлеме) мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысынан, ЛА (тарифтік мөлшерлеме), еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылардан, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өтемақылардан айқындалады;

      Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры ЛА (тарифтік мөлшерлеме) негізге алына отырып, шетел валютасында айқындалады;";

      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада реттік нөмірі 2-жолда:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5)

Алапес қоздырғыштарымен жұмыс істегені үшін


БЛА-дан 140 %


      ";

      мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "

19)

Аса қауіпті инфекциялық ауруларды тудыратын патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияларды орындағаны үшін)


ЛА-дан 50 %

"Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы

Осы қаулыға қосымшаның 2-жолының 12) тармақшасында айқындалған қызметкерлерді қоспағанда, инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды тудыратын патогендігі II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияларды орындағаны үшін)


ЛА-дан 35%

"Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы

      ";

      көрсетілген қаулыға 15-қосымшада реттік нөмірі 2-жол мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "

5)

Аса қауіпті инфекциялық ауруларды тудыратын патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияларды орындағаны үшін)


ЛА-дан 50 %

"Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы

Инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды тудыратын патогендігі II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияларды орындағаны үшін)


ЛА-дан 35%

"Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы

      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов