Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 10.8-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-1.9.1-жолмен толықтырылсын:
"
11-1. | 9.1 | "Жолаушылар вагондарын жасау зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | тікелей атаулы сату | 2022 – 2023 |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |