"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 981 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлiгі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 235-10), 235-11) және 235-12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "235-10) жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;

      235-11) оқушылардың бойында толеранттылықтың, тұлғааралық және этносаралық коммуникациялардың жоғары мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдер арасында профилактикалық шаралар қабылдау және этносаралық қақтығыстарды анықтау;

      235-12) оқушылар арасында толерантты этносаралық қатынастарды нығайтуға, оларда инклюзивті және мәдениетаралық өзара іс-қимылды қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов