"Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесін cыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің к

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 949 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҰАҒБО" КеАҚ) "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "ҰАҒБО" КеАҚ-мен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

      2) "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 25 қарашадағы
№ 949 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана қаласы";

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана қаласы";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-207-жолмен толықтырылсын:

      "21-207. "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-39-жолмен толықтырылсын:

      "205-39. "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:

      "8. "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".