"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесіне Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының есімін беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 937 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесіне Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының есімі берілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесін әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов