Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 914 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласының полиция департаменті "Тұран" ауданының полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін ұстауға және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақтың 114) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "114) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды, жолданымдарда, сұрау салуларда, жауаптар мен хабарларда жеке және заңды тұлғалар көтеретін жүйелі проблемаларды уақтылы және толық қарауды, талдауды, мониторингтеуді және анықтауды, олар бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асырады;";

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

      "1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 236-1-жолмен толықтырылсын:

      "236-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласының полиция департаменті "Тұран" ауданының полиция басқармасы.".

      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов