"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 540 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 3 қарашадағы № 865 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 540 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне "Ұлттық ақпараттық технологиялар" және "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамдары (бұдан әрі – акционерлік қоғамдар) акцияларының пакеттерін иелену және пайдалану құқығын беруді қамтамасыз етсін;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасын, сондай-ақ тарату комиссиясы акционерлік қоғамдардың акцияларын бергеннен кейін қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1 және 2-тармақтарының бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарын, 5-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов