"Ионосфера институты" және "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі еншілес серіктестіктерінің қатысу үлестерін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 857 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҰҒЗТО" АҚ) "Ионосфера институты" және "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі еншілес серіктестіктерінің (бұдан әрі – серіктестіктер) қатысу үлестерінің 100 (бір жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "ҰҒЗТО" АҚ-мен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

      2) серіктестіктердің қатысу үлестеріне иелік ету және оны пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 31 қазандағы
№ 857 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 123-160, 123-161-жолдармен толықтырылсын:

      "123-160. "Ионосфера институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      123-161. "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 381-2, 381-3-жолдармен толықтырылсын:

      "381-2. "Ионосфера институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      381-3. "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      3. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 87-жолмен толықтырылсын:

      "

87.

"Ионосфера институты" ЖШС қатысу үлесінің 100 %-ы

      ".

      4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      2-тармақта "Жауапкершілігі шектеулі серіктестік" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

      1) "Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      2) "В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      3) "Ионосфера институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      4) "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".