ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.";
мынадай мазмұндағы 90-1) тармақшамен толықтырылсын:
"90-1) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 189-1) тармақшамен толықтырылсын:
"189-1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде жүйелі мәселелерді анықтауды және талдауды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 221-1) тармақшамен толықтырылсын:
"221-1) Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге және ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің жұмыс істеуіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жалпы азаматтық қорғау іс-шаралары туралы статистикалық ақпаратты, өзге де есепке алу мен есептілік құжаттамасын (ақпаратын) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға ұсынады;".
2. Осы қаулы оның 2022 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |