"Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 1045 қаулысына ө

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 831 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 1045 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын 114-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттары (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 114-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті (бұдан әрі – мүлік) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның (бұдан әрі – алушы) акцияларын төлеуге берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уәкілетті орган алушының акцияларын төлеуге берілетін мүлікті бағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов