"Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 824 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы, мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгеріп, оның нәтижесінде олардың әкімшілік-аумақтық белгісі бойынша авиамаршруттардың түрі өзгерген кезде жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражаты есебінен авиатасымалдарды субсидиялау жөніндегі міндеттемелері осы жергілікті атқарушы органдарда ағымдағы қаржы жылының соңына дейін сақталады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 8 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов