"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 814 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 7-кіреберіс.";

      15-тармақта:

      156) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "156) басқа мемлекеттік органдардың рұқсаттар және хабарламалар саласындағы қызметін үйлестіру;";

      158) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "158) мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, іске асыру, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту;";

      165) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "165) кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеу және бекіту;";

      171) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "171) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру;";

      174) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "174) кәсіпкерлік субъектілері және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімдерін жүргізу;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов