"Тіркелген тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 732 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тіркелген тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын жеткізуге тіркелген тарифтерде:

      реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:

      "

3-1

Гидродинамикалық су энергиясын пайдаланатын гидроэлектр станциялары

41, 23

      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов