"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 729 қаулысы

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Осы қаулы 24.11.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      178) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "178) ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      195) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "195) карантиндік фитосанитариялық талаптарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып әзірлейді және бекітеді;";

      212) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "212) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп, фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидалары негізінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына, халықаралық нормалар мен ұсынымдарға сәйкес биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін ескере отырып, карантиндік фитосанитариялық шараларды әзiрлейдi, жеке және заңды тұлғалардың оларды орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 508-1), 508-2), 508-3), 508-4), 508-5), 508-6), 508-7), 508-8), 508-9), 508-10), 508-11), 508-12), 508-13), 508-14), 508-15), 508-16), 508-17), 508-18), 508-19) және 508-20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "508-1) өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      508-2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      508-3) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес жұртшылыққа биологиялық қатерлердің тәуекелдеріне алып келетін жағдайлар туралы хабар береді;

      508-4) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманы (ақпаратты) береді;

      508-5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың жобаларын келіседі;

      508-6) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелерін әзірлейді және бекітеді;

      508-7) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің, ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің тізілімдерін жүргізуді жүзеге асырады;

      508-8) патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттердің, патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың тізілімдерін жүргізуді жүзеге асырады;

      508-9) "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактикалық іс-шараларды жүргізуді жүзеге асырады;

      508-10) "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды және мониторингтеуді жүзеге асырады;

      508-11) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      508-12) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;

      508-13) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;

      508-14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен биологиялық қауіпсіздік саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      508-15) биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалауды жүзеге асырады;

      508-16) коллекциялық қызметті есепке алуды және мониторингтеуді жүзеге асырады;

      508-17) референттік (референс-) зерттеулерді жүзеге асыру және жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;

      508-18) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың қызметін бюджет қаражатының есебінен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      508-19) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады;

      508-20) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады;".

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов