Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 172-1) тармақшамен толықтырылсын:
"172-1) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық құрама командалардың) сандық құрамын бекітеді;".
2. "Спорттағы ұлттық команда туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1994 жылғы 2 наурыздағы № 85-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |