Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Құқықтық мониторингке жататын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі және олар бойынша жауапты мемлекеттік орган, сондай-ақ құқықтық мониторинг жүргізу мерзімдері осы Қағидаларда, сондай-ақ мемлекеттік органдардың құқықтық мониторингін жүргізу графиктерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің тіркелімдеріне сәйкес белгіленеді.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Құқықтық мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде бірыңғай тіркелімдермен (әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда) салыстырып тексеру үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркелімдерге енгізілген мәліметтер туралы ақпаратты нормативтік құқықтық актінің әрбір нысаны бойынша жеке-жеке жібереді.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық мемлекеттік органдар график бекітілген не графикке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей оны ағымдағы жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Жергілікті өкілді және атқарушы органдар, сондай-ақ тексеру комиссиялары ағымдағы жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде графикті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдарына жібереді.";
16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды әзірлеуге бірнеше уәкілетті мемлекеттік орган қатысқан не заңда бірнеше мемлекеттік органның құзыреті қамтылған жағдайларда тиісті мемлекеттік органдардың әрқайсысы осы нормативтік құқықтық актіде қамтылған өз құзыреті шегінде құқықтық мониторинг жүргізеді және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тиісті есептік ақпаратты жібереді.";
19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жаңа заң бойынша жүргізілген құқықтық мониторингтің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне есеп осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жыл сайын нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілгеннен кейінгі есепті жыл өткен соң он бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Жүргізілген құқықтық мониторингтің қорытындысы бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, сондай-ақ тексеру комиссиялары Қазақстан Республикасының әділет органдарына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейін бірінші жартыжылдықтың (ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін) және жылдың (есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін) қорытындысы бойынша есептер жібереді.
Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу кезеңінде мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтердің анықтығын тексеру мақсатында әділет органдары нормативтік құқықтық актіге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелеріне қосымша зерделеу жүргізеді.
Орталық мемлекеттік органдар қорытынды ақпаратты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жібереді.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдар, сондай-ақ тексеру комиссиялары ақпаратты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдарына жібереді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдары жинақталған ақпаратты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне дейін (ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін және есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін) жібереді.";
25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Құқықтық мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының әділет органдарына кадр, шаруашылық мәселелері жөніндегі құқықтық актілерді қоспағанда, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары өткен тоқсанда қабылдаған актілердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай жібереді.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Мемлекеттік органдар талдау нәтижелерін құқықтық мониторинг қорытындыларымен бірге әрбір жылдың оныншы қаңтарына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді.";
38-тармақ алып тасталсын;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Жаңа заңдар бойынша жүргізілген құқықтық мониторинг қорытындысы бойынша келіп түскен есептерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі есепті кезеңнен кейін он бес жұмыс күні ішінде талдайды.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес ұсынылған ақпаратты талдайды және қорытындылайды, жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 5 тамызына дейінгі және жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг жүргізуі сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынымдар енгізе отырып, қорытынды ақпаратты орналастырады.
Заңдардың тұрақтылық дәрежесін талдау нәтижелері құқықтық мониторингтің жылдық қорытындыларымен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде жылына бір рет орналастырылады.";
43-тармақ алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |