Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларында:
жүкті әйелдерді, жанында бірінші және екінші топтағы мүгедек балалары бар әйелдерді тамақтандырудың № 2 заттай нормасында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Жүкті әйелдерді және жанында балалары бар әйелдерді, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тамақтандырудың № 2 заттай нормасы";
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын сотталғандарды тамақтандырудың № 5 нормасында:
реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
32 | Аскорбин қышқылы (бірінші тағамға тікелей тарату алдында қосылады)* | 50 мг/адам/күн |
";
қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-алдын алу мекемелерін медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың № 22 заттай нормасы алып тасталсын.
2. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының сегізінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |