Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"54) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті сақтауды және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 54-1) тармақшамен толықтырылсын:
"54-1) елді мекендерде және қала маңындағы автомобиль жолдарында қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;";
75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"75) көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;".
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |