Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің "Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмика төзімді құрылыс пен сәулет институты (ҚазҒЗСТҚСИ)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттігінің "Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмика төзімді құрылыс пен сәулет институты (КазҒЗСТҚСИ)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 992 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі, сейсмикалық төзімді құрылыс пен сәулет проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер, жобалық жұмыстар, тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстар жүргізу, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қоспағанда, "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін порталды жүргізу айқындалсын.".
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |