"Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 шiлдедегi № 457 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2022 бастап қолданысқа енгiзiледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-3) медициналық емес бейіндегі сот сарапшыларының (сот сараптамасын жүргізумен тікелей айналысатын В1 блогының негізгі персоналы) ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап 1,4 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,28 мөлшерінде;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,02 мөлшерінде;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 0,73 мөлшерінде қосымша түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады;".

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов