"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 448 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көзделмеген шығындар – көзделмегендігіне байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында дереу, оның ішінде мемлекет кепілдік берген қарыздарды уақтылы өтемеу және оларға уақтылы қызмет көрсетпеу Қазақстан Республикасы үшін беделдік және қаржылық салдарға әкеп соғатын тәуекелдер бойынша не инженерлік инфрақұрылым құрылысының қымбаттау және (немесе) тоқтап қалу тәуекелдері болған кезде қаржыландыруды талап ететін шығындар;";

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов