"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзг

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 447 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұйымдар жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай олардың ЛА (тарифтік мөлшерлемесін) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

      Педагогтердің жекелеген санаттары үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) аптасына белгіленген оқу жүктемесін негізге ала отырып айқындалады.

      Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттiк жоғары оқу орындары мамандарының және қызметшілерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары педагогтерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады;

      медицина және фармацевтика жұмыскерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдары жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады;

      медицина және фармацевтика жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы):

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,02 мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде;

      біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блогының негізгі персоналы):

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,63 мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,95 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,05 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады;

      мыналарды:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан басқа білім беру ұйымдарының педагогтерін;

      мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлерін;

      медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

      "Ұлттық" мәртебесі бар мемлекеттік мәдениет ұйымдары, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдардың азаматтық қызметшілерінің, жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне 1,75 мөлшерінде арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.".

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов