"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 991 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 343 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 991 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарында:

      реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:

      "

16-1.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

МҚІА

шілде

тамыз

қазан

А.С. Жолманов

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Ә. Смайылов