Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 759 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Гранттың мөлшерлері:
1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына 2157759 (екi миллион бір жүз елу жеті мың жетi жүз елу тоғыз) теңгені;
2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 3055432 (үш миллион елу бес мың төрт жүз отыз екi) теңгені құрайды.".
2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |