Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 299 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Октябрь ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің атауы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына мынадай өзгеріс енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі" деген 1-бөлімде:

      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.".

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов