Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 261 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1409 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму стратегиясында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму жоспары";

      "Кіріспе" деген бөлімде:

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның 2013 − 2022 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі – Жоспар) оның стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын және қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және мыналардың:";

      "Миссия және пайымы" деген 2-бөлімде:

      "Миссиясы" деген кіші бөлімде:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біздің көзқарасымыз бен Жоспарымыз қызметімізді біртіндеп және үздіксіз жақсарту әрі дамыту арқылы өзіміз ұмтылатын болашаққа бастайды.";

      "Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің негізгі көрсеткіштері және күтілетін нәтижелері (1-қосымша, 1.1-қосымша)" деген 3-бөлімде:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның көрсетілетін қызметтері жалғыз акционердің, мемлекеттің қажеттіліктерін және ақылы автожолдар клиенттерінің ілеспе сервиске өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын болады. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жоғары бәсекеге қабілеттілікті және нарықтың әртүрлі сегменттерінде көшбасшылық позицияларды қамтамасыз ететін түйінді құзыреттерді жасауға және дамытуға ниетті. Осылайша, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның жоспары көрсетілетін қызметтердің құнын, тиімділігін, сапасын арттыруға және басқаруға назар аударады.";

      2) "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2020 – 2029 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 969 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2020 – 2029 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2020 – 2029 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2020 – 2029 жылдарға арналған даму стратегиясында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2020 – 2029 жылдарға арналған даму жоспары";

      "Кіріспе" деген бөлімде:

      сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Жоспар бірінші кезекте мемлекеттік меншікке ауысуға байланысты әзірленді. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған ел дамуының ұзақ мерзімді пайымына, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына (13-қосымшаны қараңыз), "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің стратегиялық даму жоспарына, сондай-ақ индустриялық-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келеді.

      Мемлекет басшысының өзіміздің дамыған әскери-техникалық өнеркәсібімізді құру жөніндегі тапсырмасын (2016 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен кездесуде сөйлеген сөзі) орындау үшін, сондай-ақ Қарулы Күштерді қайта қаруландыру және ҚӨК-ті дамыту тұжырымдамасына сәйкес "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Жоспарда өзінің алдына асқақ, бірақ қол жеткізілетін мақсаттар мен стратегиялық даму бағыттарын қояды:";

      "Миссиясы және пайымы" деген 3-бөлімде:

      он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сондай-ақ Жоспарда "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-ның миссиясы мен пайымына сәйкес келетін мынадай түйінді стратегиялық ҚТК-лар айқындалды:";

      "Ұлттық мүдделерге және мемлекеттік даму бағдарламаларына сәйкестік" деген 3.1-кіші бөлімде:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоспар әскери қауіп-қатерлерге барабар ден қою үшін елдің әскери әлеуетін арттыруды және мемлекеттің әскери қуатының әскери қауіп-қатерлердің сипатына сәйкес болуын көздейтін Қазақстан Республикасы Әскери доктринасының және Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының мақсаттары мен қағидаттарына, сондай-ақ өз шеңберінде ҚӨК-ті дамыту, оның өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделген ҚР ИИДМ-нің стратегиялық жоспарына толық сәйкес келеді.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоспар өңдеуші өнеркәсіп орындарын әртараптандыру мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және бизнестің дамуын қамтамасыз етуге бағдарланған, бұл ИИДМБ және "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламаларының мақсаттарына сәйкес келеді.";

      "5-стратегиялық бағыт: орнықты даму" деген 5.5-кіші бөлімде:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орнықты даму – Холдингтің ұзақ мерзімді құндылықтарын құру үшін Даму жоспарының ажырамас бөлігі. Орнықты даму жөніндегі стратегиялық бағыт Компанияның ұзақ мерзімді жоспарлауына экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді интеграциялауды көздейді.";

      "Қорытынды ережелер" деген 6-бөлімде:

      "Функционалдық стратегиялар" деген 6.1-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-ның маркетинг, HR, IT, сатып алу саласындағы функционалдық стратегиялары Компания Жоспарының қойылған мақсаттарына сәйкес әзірленуге тиіс. Функционалдық стратегияларды Компания қызметінің ерекшелігі негізінде, сондай-ақ еншілес ұйымдардың мүмкіндіктерін және оларды табысты іске асыру мүмкіндігін ескере отырып әзірлеу қажет.";

      "Еншілес ұйымдардың стратегиялары" деген 6.2-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еншілес ұйымдардың стратегиялық даму құжаттары "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-ның Жоспарына сәйкес әзірленуге немесе өзектілендірілуге тиіс.";

      "Стратегияны іске асыруға әсер етуі мүмкін тәуекелдер" деген 6.5-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.5. Жоспарды іске асыруға ықпал етуі мүмкін тәуекелдер";

      көрсетілген Стратегияға 4-қосымшада:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоспарды әзірлеу шеңберінде корпоративтік орталық (КО) пен еншілес ұйымдардың қызметкерлері арасында Компанияның проблемалық аймақтарын және одан әрі өсу пайымын айқындау мақсатында сауалнама жүргізілді. Басқарма мүшелерінің, департаменттер директорлары мен олардың орынбасарларының, жеке қызметтер (оның ішінде ДК-ге есеп беретін және дивизиондар) басшыларының пікірлері жинақталды. Сұрастырылған қызметкерлердің көпшілігінің едәуір тәжірибесі бар: ЕТҰ-ның сұрастырылған қызметкерлерінің 77 %-ы 3 жылдан астам жұмыс істеп келеді (корпоративтік орталықта 49 %) (1-график).";

      көрсетілген Стратегияға 12, 13-1, 14-1-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 28 сәуірдегі
№ 261 қаулысына
1-қосымша
  № 12 қосымша

Қызметтің түйінді көрсеткіштері


Компанияның Даму жоспарының мақсаты

Компанияның Даму жоспарының міндеті

Компанияның Даму жоспарының түйінді көрсеткіштері (ТК)

Өлшем бірлігі

Есептеу әдістемесі

Жылдар бойынша көрсеткіштердің мәні

2018 жыл

2019 жыл

жоспар

факт

жоспар

факт

А

Б

В

Г

Д

1

2

3

4

1-бағыт. Өндірісті әртараптандыру

1.1. Қорғаныстық мақсаттағы өнімдер (көрсетілетін қызметтер) өндірісін кеңейту

1. ХҚТ қалыптастыру процесіне белсенді қатысу.
2. Жоғары технологиялық өнім өндірісі.
3. ҚӘТ жөндеуден және жаңғыртудан түсетін кірісті арттыру.

1-ҚТК. Компанияның өнімді сатудан түскен кірістері

млрд теңге
(нақты мәнде)

Компанияның еншілес ұйымдарының өнімдерін сатудан түскен кірістердің жиынтық көлемі (2021 жылдан бастап кірістің төмендеуі Компания активтерінің бір бөлігін алдағы сатумен байланысты)

-

36,2

71,4

-

А

Б

В

Г

Д

1

2

3

4



1.1-ҚТК. Компанияның Қазақстан Республикасының машина жасау өнімі көлеміндегі үлесі

%

ЕҰ өнімін сатудан түскен кірістер сомасының Қазақстан Республикасының машина жасау өнімінің көлеміне қатынасы
(2021 жылдан бастап көрсеткіштің төмендеуі Компания активтерінің бір бөлігін алдағы сатумен байланысты)

-

3,4

5,95

-

1.2. Қосарланған және азаматтық мақсаттағы өнімдерді сатуды ұлғайту есебінен тұрақтылықты қамтамасыз ету

1. Мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту.
2. Энергетикалық машина жасауды дамыту.
3. Көліктік машина жасауды дамыту.
4. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту.
5. Сервистік қызмет көрсету.

2-ҚТК. Компанияның жалпы түсімінен азаматтық өнімнің үлесі

%

Азаматтық өнімнен түсетін ЕҰ кірістері сомасының ЕҰ жиынтық кірістеріне қатынасы

-

22 %

17 %

-

А

Б

В

Г

Д

1

2

3

4

1.3. Маркетинг және экспортты ілгерілету функциясын дамыту

1. Перспективалы нарықтарды, өнімдер мен қызметтерді көрсете отырып, қызметтің басым бағыттарын айқындау (стратегиялық көкжиек).
2. Ішкі және сыртқы нарықтардың қажеттілігін егжей-тегжейлі зерттеу мен әскери және азаматтық мақсаттағы өнімдер мен қызметтердің оңтайлы ассортиментін қалыптастыру.
3. Кәсіби агенттік компанияларды тарту есебінен сыртқы нарықта сатуды дамыту.
4. Әріптестерді, франшизаларды және технологияларды кезең-кезеңімен тарту (өнімнің немесе нарықтың басымдығына сәйкес).
5. Ішкі және халықаралық нарықта брендтің оң имиджін қалыптастыру.

3-ҚТК. Жалпы түсімдегі экспорттан түсетін кірістердің үлесі

%

Экспорттан түсетін ЕҰ кірістері сомасының ЕҰ жиынтық кірістеріне қатынасы

-

10 %

8 %


2-бағыт. Инновациялық даму

2.1. Шығарылатын өнімдер мен ұсынылатын қызметтердің инновациялылығы мен технологиялылығын арттыру

1. Холдинг құрылымында көп бейінді инновациялық орталық (ҒЗТКЖ) құру.
2. Қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру.
3. Өндірістік процестерді цифрландыру есебінен Индустрия 4.0 технологияларын енгізу

4-ҚТК. Жалпы кірістен инновацияларды дамытуға арналған шығыстар үлесі

%

Инновацияларды дамытуға арналған шығыстар сомасының Холдингтің жиынтық кірістеріне қатынасы

-

-

0,5 %


5-ҚТК. Оқудан өткен немесе біліктілігін арттырған компания мен ЕТҰ қызметкерлерінің саны

адам

Компанияның және ЕТҰ-ның оқудан өткен немесе біліктілігін арттырған қызметкерлерінің саны

-

-

100

-

3-бағыт. Өндірістік әлеуетті дамыту және операциялық тиімділікті арттыру

3.1. Техникалық және технологиялық жарақтандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету

1. Инженерлік консалтинг және технологиялық аудит бойынша бөлімше құру.

6-ҚТК. Негізгі капиталға инвестициялар

%

Еншілес ұйымдарды сатудан түскен кірістер көлеміне шаққанда ЕҰ күрделі салымдарының
көлемі, %-бен

-

-

-

-

А

Б

В

Г

Д

1

2

3

4

3.2. Өндірістік өзіндік құнның төмендеуі

1. Өндірістік және бизнес-процестерді цифрландыру.
2. Стратегиялық және операциялық жоспарлаудың интеграцияланған жүйесін құру.
3. Шығындарды бөлек есепке алуды енгізу.
4. Қоймаларды автоматтандыру.
5. Жабдықтың ТҚЖЖ жаңа моделін енгізу.
6. ТМҚ қысқарту.
7. Сатып алуды санаттық басқаруды енгізу.
8. Үнемді өндірісті енгізу.

7-ҚТК. Түсімдегі өзіндік құнның үлесі

%

Өзіндік құнның кірістерге қатынасы

-

94 %

90 %

-

4-бағыт. Ұйымдық даму

4.1. Холдингтің басқаруға икемділігін 
арттыру

1. "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ бәсекеге қабілетті компания болып қалыптасуында ЕТҰ үшін құзыреттілік орталығына айналуға тиіс.
2. Өндірістік қызметті басқару және ұйымдастыру жүйесін трансформациялау – басқарудың жаңа моделін енгізу
3. Ынталандырудың жаңа жүйесін енгізу.
4. Стандарттау мен сертификаттаудың орталықтандырылған функцияларын күшейту.
5. Процестік-бағдарлы басқаруды енгізу.
6. ҚТК қолданыстағы жүйесін жетілдіру.
7. ОҚО құру (ортақ қызмет көрсету орталығы – қосалқы функцияларды орталықтандыру)

8-ҚТК. Еңбек өнімділігінің артуы

мың теңге

Компания кірістерінің қызметкерлер санына қатынасы

-

8 537

9 078

-

А

Б

В

Г

Д

1

2

3

4

4.2. Холдинг активтері портфелінің рентабельділігін арттыру

1. Бизнес-әріптестерді тарту.
2. Бірлескен кәсіпорындар құру.
3. Консорциумдар құру.

9-ҚТК. Активтердің рентабельділік көрсеткішін арттыру, ROA

%

Компанияның таза пайдасының оның активтеріне қатынасы

-

-3,1 %

3,1 %

-

10-ҚТК. Тікелей шетелдік инвестициялар ағыны

мың АҚШ долл.

Қазақстан Республикасының аумағында бірлесіп іске асырылатын жобаларға әріптестер инвестициялаған қаражат сомасы

-

-


-

5-бағыт. Орнықты даму

5.1. Корпоративтік мәдениетті жақсарту
 

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру.
2. Тренингтерді, корпоративтік оқытуды, кадрларды ротациялауды, тимбилдингтерді ұйымдастыру арқылы командалық рухты қалыптастыру.
3. Қызметкерлерді қабылдау кезінде гендерлік теңгерімді қамтамасыз ету.

11-ҚТК. Топішілік коммуникация тиімділігінің деңгейі

балдар

0-ден 10 балға дейінгі шәкіл бойынша қызметкерлерге сауалнама жүргізу

-

4

4

-

12-ҚТК. Шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің үлесін арттыру

%

Әйелдер атқаратын басшы лауазымдар санының басшылық лауазымдардың жалпы санына қатынасы
 

-

-

21 %

-

13-ҚТК. Орта кәсіпкерлік үлесін ұлғайту үшін экономикаға мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту

өткізілген активтердің саны

Жекешелендіру және қайта құрылымдау шеңберінде сатылған Компания активтерінің саны

-

-

-

1

5.2. Персоналдың қанағаттануын арттыру

1. Ұжымдық шарттарға қол қою.
2. Ынталандырудың жаңа жүйесін енгізу.
3. Әлеуметтік топтаманы жақсарту.
4. HR бойынша стратегияны әзірлеу және іске асыру.

14-ҚТК. Кадрлардың тұрақтамауы

%

Жұмыстан шығарылған қызметкерлердің штаттың орташа жылдық санына қатынасы

-

15 %

15 %-дан кем

-

А

Б

В

Г

Д

1

2

3

4

5.3. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау деңгейін және өндірістің экологиялылығын арттыру

1. Өндірістік қауіпсіздік бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру.
2. Қауіпсіздікті басқару жүйесін енгізу.
3. Кәсіпорындарда еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің рөлін белсенді енгізу және арттыру.
4. Энергия тиімділігі бойынша, оның ішінде "жасыл" технологияларды енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру.
5. Экологиялық менеджмент жүйесін енгізу.

15-ҚТК. Өлім-жітімнің нөлдік деңгейі

Өндірістік өлім деңгейі

Компанияда өндірістегі өлім саны

-

0

0

-

16-ҚТК. "Жасыл" технологияларды пайдаланатын ЕҰ үлесі

%

Өндірісте "жасыл" технологияларды пайдаланатын ЕҰ санының жалпы ЕҰ санына қатынасы

-

-

10 %

-

6-бағыт. Қаржылық орнықтылық

6.1. Оңтайлы борыштық жүктемені қамтамасыз ету

1. Борышты қайта қаржыландыру және/немесе қайта құрылымдау.
2. Бюджетті дұрыс жоспарлау және қатаң орындау.

17-ҚТК. Борыштық жүктеме коэффициенті, борыш/EBITDA


Борыштың EBITDA көрсеткішіне қатынасы

-

4,5

3,7

-

6.2. Рентабельділікті арттыру

1. Заманауи өндірістерді дамыту, жаңғырту және құру.
2. Машина жасауды дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және бастама жасау.
3. ХҚТ жоспарлауға және іске асыруға қатысу.
4. Салааралық ірі жобаларға қатысу.

18-ҚТК. ROIC

%

NOPLAT көрсеткішінің орташа салынған капиталға қатынасы

-

0,79

1,73

-

      Кестенің жалғасы

Көрсеткіштердің жылдар бойынша мәні

2020

2021

2022

2023

2024

2025

2026

2027

2028

2029

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1-бағыт. Өндірісті әртараптандыру

59,3

54,6

41,2

41,8

48,8

53

60

68

78,7

86,6

4,8 %

4,2 %

3,1 %

3,0 %

3,4 %

3,6 %

3,9 %

4,2 %

4,7 %

5,0 %

20 %

23 %

24 %

26 %

28 %

30 %

33 %

37 %

38 %

40 %

9 %

9 %

2,9 %

2,8 %

2,8 %

4 %

6 %

10 %

14 %

15 %

2-бағыт. Инновациялық даму


1 %

1 %

1,5 %

2 %

2 %

3 %

3 %

4 %

5 %

5 %

150

200

250

300

400

500

600

700

800

800

3-бағыт. Өндірістік әлеуетті дамыту және операциялық тиімділікті арттыру

-

1,7

1,8

2,0

2,1

2,5

2,75

3,0

3,3

3,7

87 %

85 %

83 %

82 %

81 %

80 %

79 %

78 %

77 %

76 %

4-бағыт. Ұйымдық даму

11 060

10 767

12 094

12 672

13 700

14 900

16 100

17 400

18 780

20290

6 %

4 %

4 %

4,3 %

6 %

8 %

10 %

10 %

10 %

10 %

-

670

2 010

2 679

7 019

8 020

-

-

-

-

5-бағыт. Орнықты даму

5

5

5

6

6

7

7

7

8

8

22 %

23 %

24 %

25 %

25 %

26 %

26 %

27 %

28 %

28 %

-

2

3

5

0

0

0

0

0

0

15 %-дан кем

15 %-дан кем

15 %-дан кем

15 %-дан кем

10 %-дан кем

10 %-дан кем

10 %-дан кем

10 %-дан кем

10 %-дан кем

10 %-дан кем

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

20 %

30 %

40 %

50 %

60 %

70 %

80 %

90 %

100 %

100 %

6-бағыт. Қаржылық орнықтылық

3

2,7

2,5

1,9

1,7

1,6

1,5

1,3

1,2

1,2

2,7 %

2,35 %

2,5 %

3,3 %

4,5 %

5,5 %

6,5 %

7,5 %

9 %

10 %


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 28 сәуірдегі
№ 261 қаулысына
2-қосымша
  № 13-1 қосымша

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-ның алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу нәтижелері

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының стратегиялық көрсеткіштері

2020 – 2029 жылдарға арналған Даму жоспарында көзделген Компанияның ТҚК

1

2

Еңбек өнімділігінің өсуі

Компания кәсіпорындары еңбек өнімділігінің кемінде 2 есеге өсуі

Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі

Компанияның еншілес және тәуелді 10 ұйымын жекешелендіру

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шикізатқа қатысы жоқ экспортының көлемі

Компанияның түсімінде экспорт үлесін 1,5 есеге ұлғайту

Негізгі капиталға инвестициялар

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 2029 жылға дейін кемінде
14 млрд теңге

Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны

Шетелдік әріптестермен бірлескен жобаларды іске асыру есебінен 2025 жылға дейін кемінде 20 млн АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестицияларды тарту

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі стратегиялық жоспарының индикаторлары

Компанияның 2020 – 2029 жылға арналған Даму жоспарында көзделген ТҚК

Машина жасау өнімдері өндірісінің НКИ

Компанияның өнімді өткізуден түскен кірістерінің 2 есеге өсуі

Өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы еңбек өнімділігінің нақты өсуі

Компания кәсіпорындары еңбек өнімділігінің кемінде 2 есеге өсуі

Өңдеуші өнеркәсіптегі негізгі капиталға инвестициялардың өсуі

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 2029 жылға дейін кемінде 14 млрд теңге

1

2

Өнеркәсіп салаларында өндірістік объектілер

Компанияда өндірістік өлім-жітімнің нөлдік деңгейі

қауіптілігінің жалпы деңгейін төмендету


Өңдеуші өнеркәсіптің энергия сыйымдылығы

"Жасыл" технологияларды пайдаланатын еншілес ұйымдардың үлесі – 100 %


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 28 сәуірдегі
№ 261 қаулысына
3-қосымша
  № 14-1 қосымша

Компанияның стратегиялық картасы

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгейдегі құжаты

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің екінші деңгейдегі құжаты

Даму жоспарында көзделген Компания қызметінің түйінді көрсеткіштері

1

2

3

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 желтоқсандағы № 954 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
25 желтоқсандағы № 969 қаулысымен бекітілген Компанияның 2020 – 2029 жылдарға арналған Даму жоспарында көзделген "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ қызметінің түйінді көрсеткіштері

Еңбек өнімділігінің өсуі, 2019 жылғы деңгейден 2019 жылдың бағасында өсу %-ы (2020 – 2,6; 2021 – 0,4; 2022 – 4,7; 2023 – 10,4; 2024 – 15,0; 2025 – 20,6)

Өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы еңбек өнімділігінің өсуі

Еңбек өнімділігінің өсуі

Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі,
ЖІӨ-дегі ЖҚҚ % (2020 – 8,7; 2021 – 10; 2022 – 11,2; 2023 – 12,5; 2024 – 13,7; 2025 – 15)

Жоқ

Орта кәсіпкерліктің үлесін арттыру үшін экономикаға мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шикізаттық емес экспортының көлемі, млрд АҚШ долл. (2020 – 20; 2021 – 29,2; 2022 – 31,8;

Жоқ

Жалпы түсімдегі экспорттан түсетін кірістердің үлесі

1

2

3

2023 – 34,6; 2024 – 37,7; 2025 – 41)



Негізгі капиталға инвестициялар, ЖІӨ-ден % (2020 – 17,4; 2021 – 20; 2022 – 21,3; 2023 – 23,5; 2024 – 25,2; 2025 – 30)

Негізгі капиталға инвестициялардың нысаналы көлемі

Негізгі капиталға инвестициялар

Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны, млрд АҚШ долл. (2020 – 14,5; 2021 – 15,9; 2022 – 23,9; 2023 – 25,1; 2024 – 27,6; 2025 – 30)

Жоқ

Тікелей шетелдік инвестициялар ағыны