"Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 207 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 259 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 207 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қосымша тізбе:

      1) ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодтарын алты немесе төрт белгі деңгейінде көрсете отырып, бір мезгілде мынадай:

      қарастырылып отырған кезең үшін көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінен 10 %-ы немесе одан астамы белгілі бір елдің үлесіне тиесілі импорт құрылымындағы тауарлар, бұл ретте көрсетілген елдерден импорттың құндық көлемі 10 мың АҚШ долларынан артық болуға тиіс;

      өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қарастырылып отырған кезеңде табиғи мәндегі импорт көлемінің ұлғаюын (және/немесе қосымша өлшем бірлігінде) көрсететін тауарлар өлшемшарттарына сәйкес келетін тауарлардан;

      2) қарастырылып отырған кезең үшін көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінен 10 %-ы немесе одан астамы импорт үлесіне тиесілі елдердің атауларынан тұрады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов