"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 наурыздағы № 135 қаулысына өзгерістер мен толықтыру е

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 255 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 наурыздағы № 135 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы Жақсылықовқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.";

      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама жобасында:

      6-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы бап осы Хаттаманың қолданысы тоқтатылғаннан кейін күшінде қалады.";

      8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап

      Дауларды реттеу

      Осы Хаттаманың ережелерін қолдануға және (немесе) түсіндіруге қатысты даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі және шешу үшін ешқандай ұлттық, халықаралық сотқа немесе үшінші тарапқа берілмейді.";

      10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді. Осы Хаттама 5 (бес) жыл мерзімге жасалады және, егер Тараптардың бірі екінші Тарапты өзінің оның қолданысын ұзартпау ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабардар етпесе, оның қолданысы бір жылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов