Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 250 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 66-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.

      2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) мен ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
     

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 27 сәуірдегі
№ 250 қаулысымен
бекітілген

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

      1-бөлім. Паспорт

      2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау

      3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу

      4-бөлім. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың пайымы

      5-бөлім. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

      6-бөлім. Нысаналы индикаторлар мен күтілетін нәтижелер

      Қосымша: Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

1-бөлім. Паспорт

Атауы

Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының 8-жалпыұлттық басымдығының 1, 2, 3, 4-міндеттері.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі VIII съезінде берілген хаттамалық тапсырмасының 2.2-тармағы.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 156-ө өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Сэр С. Чакрабартидің ұсынымдарын іске асыру жөніндегі жол картасының (GapAnalysis) 10-тармағы

Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар, ұйымдар

Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері

Іске асыру мерзімі

2022 – 2030 жылдар

2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау

1-тарау. Шағын және орта кәсіпкерліктің даму жай-күйінің ағымдағы ахуалын бағалау

      Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті (бұдан әрі – ШОК) 2030 жылға дейін дамытудың пайымын айқындайтын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – МЖЖ) құжаты болып табылады.

      Қазақстан Республикасында ШОК-тың 2015 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде даму жай-күйінің серпіні оң нәтижелерді көрсетуде, оны мынадай көрсеткіштерден көруге болады:

      ШОК өнімдерін шығару 2 еседен астам өсіп, номиналды мәнде 33,6 трлн теңгеге жетті;

      ШОК-тың Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өніміне (бұдан әрі – ЖІӨ) қосқан үлесі көрсетілген кезеңде 13 трлн теңгеге өсіп, номиналды мәнде 23,2 трлн теңгеге жетті;

      ЖІӨ-дегі ШОК үлесі 7,9 %-ға өсіп, 32,8 %-ға жетті;

      ШОК субъектілерінің жалпы саны 9 %-ға өсіп, 1,36 млн субъектіге жетті;

      ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 9 %-ға өсіп, 3,5 млн адамға жетті.

      Бұл ретте мемлекеттік мүдделер азаматтың айналасына тоғысатын ел дамуының жаңа моделі мемлекет, халық және бизнес тыныс-тіршілігінің барлық құрауыштарын трансформациялауды жалғастыруды талап етеді.

      2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ресми статистикалық ақпарат бойынша ШОК субъектілерінің жалпы саны 1357500 кәсіпорынды құрады, оның ішінде:

      1) шағын кәсіпкерлік санатына жататын, заңды тұлғалар болып табылатын ШОК субъектілері 280 мың (20,6 %);

      2) орта кәсіпкерлік санатына жататын, заңды тұлғалар болып табылатын ШОК субъектілері 2,5 мың (0,2 %);

      3) дара кәсіпкерлер болып табылатын ШОК субъектілері 858 мың (63,2 %);

      4) шаруа және фермер қожалықтары (бұдан әрі – ШФҚ) болып табылатын ШОК субъектілері 217 мың (16 %).

      Елдің ШОК-ты дамыту саласындағы көрсеткіштерінің өскеніне қарамастан, экономиканы әртараптандыруға, экспорттық әлеуетті іске асыруға және елдің ұзақ мерзімді экономикалық өсуінің орнықтылығын қамтамасыз етуге одан әрі оң ықпал етуді қамтамасыз ету үшін бірнеше факторға негізделген сапалы өзгерістер талап етіледі.

      Біріншіден, орта кәсіпкерліктің экономиканы әртараптандыруға және экономикалық өсудің орнықтылығына ықпал ету әлеуеті іске асырылмаған.

      Экономиканың әртараптандырылуына және орнықтылығына ықпал ететін сауда жүргізілетін секторлардағы ШОК-тың барлық санаттарындағы кәсіпорындар саны жағынан шамамен тең пропорцияда ұсынылған: 39 % орта кәсіпорындар, 37 % шағын кәсіпорындар және 32 % микрокәсіпорындар. Бұл ретте сауда жүргізілетін секторлардағы орта кәсіпорындардың жиынтық жалпы қосылған құны (бұдан әрі – ЖҚҚ) 1376 млрд теңгені, шағын кәсіпорындардікі 601 млрд теңгені, микрокәсіпорындардікі 63 млрд теңгені құрады.

      Тұтастай алғанда, экономикада орта кәсіпорындар шығарылымының жалпы көлемі 5,9 трлн теңгеге дейін 33 %-ға өсті. Бір орта кәсіпорынға есептегенде шығарылым көлемі 54 %-ға ұлғайды. Шығарылымның өсуіне орта кәсіпорындар санының 2,5 мыңға дейін 14 %-ға төмендеп, олардың ШОК субъектілерінің жалпы санындағы үлесінің 0,23 %-дан 0,19 %-ға дейін қысқаруы аясында қол жеткізілді.

      Бір орта кәсіпорынға шаққанда орта есеппен жұмыспен қамту 20 %-ға ұлғайып, 146 адамды құрады. Еңбек өнімділігі (шығарылым көлемі бойынша) 28 %-ға өсті.

      Шағын кәсіпорындар шығарылымының жалпы көлемі 22,9 трлн теңгеге дейін 55 %-ға ұлғайды, алайда бір кәсіпорынға есептегендегі шығарылым көлемі бар болғаны 6 %-ға ұлғайған. Бұл кәсіпорындар саны 258 мыңға дейін 47 %-ға өскенімен, орта есеппен бір кәсіпорынның шығарылымы орташа көрсеткіштен 25 еседен астам төмен екенін айғақтайды.

      Бір шағын кәсіпорынға шаққанда жұмыспен қамту орта есеппен 19 %-ға қысқарып, 5,5 адамды құрады, бұл еңбек өнімділігінің (шығарылым көлемі бойынша) 31 %-ға өсуіне алып келді.

      ШОК кәсіпорындарының ЖІӨ-дегі үлесі 2020 жылы статистика деректері бойынша 32,8 %-ды құрады. Орта кәсіпорындар ШОК-тың ЖІӨ-ге үлесін 19 %-ға, шағын (микроны қоса алғанда) кәсіпорындар 81 %-ға қамтамасыз етті. Алайда, егер ШОК бойынша деректерді өзінің жылдық айналымының көлемі бойынша ірі компанияларға жататындардан тазартатын болсақ, онда ШОК-тың ЖІӨ-дегі үлесі 12,7 %-ға дейін төмендейді, ал ШОК-тың ЖІӨ-дегі жалпы салымына орта кәсіпорындардың салымы 30 %-ға дейін ұлғаяды, шағын кәсіпорындардың салымы 63 %-ды, ал микрокәсіпорындардың салымы 7 %-ды құрайды.

      Осылайша, өнім шығару мен көрсетілетін қызметтер көлемінің неғұрлым жоғары өсу қарқынына, бір кәсіпорындағы өнімділік пен жұмыспен қамтудың анағұрлым жоғары болуына, сондай-ақ неғұрлым жоғары экспорттық әлеуетке қарамастан, орта компаниялардың ЖІӨ-дегі үлесі олардың санының аз болуы себебі бойынша өте төмен.

      Екіншіден, ШОК-тың сапалы жұмыс орындарын құруға ықпалының шектеулі болуы.

      Жұмыспен қамту құрылымындағы қомақты үлесті шағын кәсіпорындар, дара кәсіпкерлер (бұдан әрі – ДК) қамтамасыз етеді. Мәселен, шағын кәсіпорындарда ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 41 %-ы, ДК-де – 40 %-ы, ал орта кәсіпорындарда (бұдан әрі – ОК) – 11 %-ы, ШФҚ-да – 9 %-ы жұмыс істейді. Бұл ретте шағын кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШК) субъектілері экономиканың және тұтынушылық сұраныстың жалпы жай-күйіне тікелей байланысты секторларда шоғырланады.

      Осы себептерге байланысты экономикалық құлдырауда ШК қызметінің тоқтап қалу тәуекелдері жоғары әрі олардың орнықтылығы жеткілікті емес.

      ШК құратын жұмыс орындары көбінесе сапалы жұмыс орындары болып табылмайды, өйткені еңбек қауіпсіздігі талаптарына сай келетін, жалақысы өңірдегі орташадан жоғары тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етпейді.

      Мәселен, 2020 жылы Қазақстан бойынша орташа айлық жалақы 169855 теңге деңгейінде болған кезде ШК-де орташа айлық жалақы 141379 теңгені құрады. Сонымен қатар, орта және ірі кәсіпорындардағы орташа айлық жалақы – 207317 теңге.

      Үшіншіден, ШОК-ты дамыту үшін негізгі әлеует ірі қалаларда шоғырланған. Ауылдық елді мекендердің, шағын және моноқалалардың ШОК-ты дамыту үшін әлеуеті барынша шектеулі.

      Ауылдық елді мекендер мен халық саны аз қалаларда жергілікті тұтынушылық сұраныс көлемінің шағын болуы оған бағдарланған секторлардағы ықтимал субъектілердің санын шектейді. Моноқалалардағы ШОК-тың әлеуеті қала құраушы кәсіпорындардың жағдайына және даму әлеуетіне тікелей байланысты.

      Республикалық маңызы бар қалалардың агломерациялары және облыс орталықтарымен және Семей қаласымен байланысты функционалдық қалалық аудандар ШОК-тың көп бөлігін үйлесімді шоғырландырады.

      Өңірлік бөліністе Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары барлық санаттағы ШОК барынша шоғырланатын нүктелер болып табылады. Елдегі ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың бәрінің үштен бір бөлігі дерлік елдің аса ірі екі қаласында. ШОК-та жұмыспен қамтудың өсіміне де осы екі қала ең көп үлес қосуда (тиісінше 37 % және 14 %). Бұл екі қалаға ШОК-тың жалпы шығарылымының ең көп үлесі тиесілі: Алматы – 26 %, Нұр-Сұлтан – 20 %. Нәтижесінде, елдің барлық өңірлері арасында жалпы өңірлік өнімде (бұдан әрі – ЖӨӨ) осы қалалардағы ШОК үлесі ең жоғары: Нұр-Сұлтан – 55 %, Алматы – 45 %.

      Тұтастай алғанда, қалаларда 86 % микро, 85 % шағын және 90 % орта кәсіпорындар орналасқан. Олардың ішінде республикалық маңызы бар қалаларда тиісінше 47 %, 40 % және 54 % орналасқан. Моноқалаларда барлық санаттағы ШОК кәсіпорындарының 5 %-ы ғана орналасқан. Бұл ретте моноқалада ірі компаниялар неғұрлым көп болған сайын, ШОК та соғұрлым көп болады: моноқалалар бойынша орта есеппен бір ірі кәсіпорынға ШОК-тың 60-қа жуық кәсіпорны келеді.

      Төртіншіден, ШОК-тың экспортқа бағдарланған кәсіпорындарын дамыту үшін өңдеу өнеркәсібі неғұрлым үлкен әлеуетке ие.

      Қазақстанда екі саланың экспорттық әлеуеті анағұрлым жоғары, олар: тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі. Олардың экспорты 2019 жылы экспорттың жалпы көлемінің 96 %-ын құрады, оның 27 %-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі болды.

      ШОК-ты дамыту тұрғысынан тау-кен өндіру саласының перспективасы әлдеқайда төмен: бұл саланың сауда жүргізілетін секторларында капиталды аса көп қажет етуі себебі бойынша негізінен ірі кәсіпорындар болады. Тау-кен өндіру саласындағы бір ірі компанияға ШОК-тың тоғыз кәсіпорны ғана келеді, олар әдетте, кең таралған пайдалы қазбаларды игеруге байланысты сауда жүргізілмейтін секторларда болады.

      Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінің барлық дерлік секторлары саудаланатын болып табылады. Бұл салада ШОК кәсіпорындары өте көп. Бір ірі компанияға 36 ШОК кәсіпорны келеді.

      Бесіншіден, салынған капиталдың ақталуы тұрғысынан алғанда орта кәсіпорындардағы негізгі капиталға инвестициялар анағұрлым өнімдірек.

      Шағын және орта кәсіпорындар жиынтығында елдегі негізгі капиталға салынған барлық инвестициялардың жартысын қамтамасыз етеді. Бес жыл ішінде олардың инвестицияларының жалпы көлемі 60 %-дан астамға өсті. Бұл ретте шағын және орта кәсіпорындардың инвестициялар құрылымы шығындар түрлері бойынша әртүрлі болады.

      Егер шағын кәсіпорындар инвестициялардың негізгі бөлігін (2019 жылы 75 %) ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және күрделі жөндеуге бағыттаса, орта кәсіпорындардың инвестициялар құрылымында машина мен жабдыққа инвестициялардың үлесі басым (48 %).

      Бұл, тиісінше, инвестициялардың өнімділігіне әсер етеді: егер шағын кәсіпорындарда салынған инвестициялардың 1 теңгесіне 3,5 теңге ЖҚҚ-дан келсе, орта кәсіпорындарда инвестициялардың 1 теңгесіне 2 еседен артық ЖҚҚ – 6,9 теңгеден келеді. Бұл ретте, егер шағын кәсіпорындарда бұл көрсеткіш бес жыл ішінде 20 %-ға ғана ұлғайса, орта кәсіпорындарда 130 %-дан астамға ұлғайған.

      Алтыншыдан, қадағаланбайтын экономиканы едәуір шамада шағын кәсіпорындар мен ДК қалыптастырады.

      2015 жылдан бері біртіндеп қысқарғанына қарамастан, қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономика 2019 жылы ЖІӨ-де 23,7 % деңгейінде мейілінше қомақты үлес алды. Бұл ретте қадағаланбайтын экономиканың төрттен үш бөлігі дерлік сауда (34 %), көлік және қоймалау (16 %), ауыл шаруашылығы (9 %), құрылыс және өзге де қызмет түрлерін ұсыну (7 %-дан) секторларында шоғырланған.

      Бұл салалар да шағын кәсіпорындар мен ДК-ның ең көп шоғырлануымен сипатталады: осы санаттағы ШОК субъектілерінің жалпы санының тиісінше 62 %-ы және 75 %-ы.

      Қазақстан 2016 жылы басталған институционалдық реформаларды жалғастыруда. Мемлекеттік және қоғамдық институттардың тиімділігі – кәсіпкерлікті дамытудың негізгі шарты.

      Кәсіпкерлік үшін ағымдағы институционалдық ортаның тиімділігін бағалау үшін "The Heritage Foundation" зерттеу орталығы есептейтін Экономикалық еркіндік индексінің (бұдан әрі – ЭЕИ) көрсеткіштері пайдаланылды. ЭЕИ бизнесті жүргізу үшін институционалдық ортаны бағалауға арналған түпкілікті құралды қамтиды.

      ЭЕИ негізінде құқық үстемдігі, экономикадағы мемлекеттің мөлшері, бизнес-ортаны және ашық нарықтарды реттеу салаларында салыстырмалы талдау жүргізілді. Салыстырмалы талдау Қазақстанның (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері) нысаналы жағдайына және кәсіпкерлер үшін бәсекелестерге (макроөңір елдері) қатысты жүргізілді.

      Макроөңірде салық жүктемесіндегі бәсекеге қабілеттілікке қарамастан, қолданыстағы салық жүйесі салықтардың тиісінше жиналуын, "көлеңкенің" азаюын қамтамасыз етпейді және ШОК-ты іріленуге ынталандырмайды. Құқық қолдану мен заңдардың орындалуын әкімшілендірудің ағымдағы практикалары кәсіпкерлерді белгілі бір мөлшерге жеткеннен кейін бөлшектеуге тікелей және жанама түрде ынталандырады. Мұндай шешімге шағын және орта компаниялар үшін тең жағдайлар туғызбайтын жеңілдікті салық режимдері санының едәуір көп болуы, салықтық әкімшілендіру және әкімшілік өндіріс қатты әсер етеді.

      Кәсіпкерлердің формалды емес сектордан шығуына кедергі келтіретін институционалдық кедергілер бар. Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа кәсіпкерлік субъектілерін тіркеудің тиімді жүйесі бар. Алайда бейформалды экономиканың үлесі, әсіресе аграрлық жұмыспен қамту басым өңірлерде және ірі қалаларда, негізінен сауда және көрсетілетін қызметтер секторларында әлі де жоғары. Бұл формалды секторға өтуді тежейтін немесе оған өтуге кедергі келтіретін шығасылардың бар екенін көрсетеді. Кәсіпкерлік қызметпен айналысуды бастау және/немесе бейформалды сектордан формалды секторға өту туралы шешім қабылдау көбінесе заңды және ресми бизнесті жүргізудің қолжетімділігі, қарапайымдылығы, ыңғайлылығы және жайлылығы дәрежесіне байланысты.

      ЭБИ деректеріне сәйкес бизнесті жүргізу үшін негізгі шектеулер құқық үстемдігі (меншік құқығы, үкіметтің транспаренттілігі, соттар), баға белгілеудің бұрмалануы, бәсекелестік, инвестициялар еркіндігі сияқты іргелі институттарда бар.

      Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыруды, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері қалыптастырылды.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, сондай-ақ мынадай түрлі мемлекеттік бағдарламалар ШОК-ты дамытудың мемлекеттік шаралары жүйесін айқындайтын негізгі құжаттар болып табылды:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы.

      Көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының негізгі түрлері қаржылық, мүліктік, инфрақұрылымдық, институционалдық және ақпараттық қолдау болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың көрсетілген түрлері мыналарға:

      1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға;

      2) ШОК-та жалпы жұмыспен қамтуды ұлғайтуға;

      3) ЖІӨ-ге салымды және орта кәсіпорындардың өнім шығаруының орташа көлемін ұлғайтуға бағытталған.

      Мемлекеттік қолдау шараларымен қамту тұрғысынан олардың шектеулілігі байқалады.

      Мәселен, 2015 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы (бұдан әрі – БЖК 2020) шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 808,7 мың кәсіпкер, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялаумен – 16,3 мың, кепілдендірумен – 14,5 мың, гранттармен – 2,3 мың, инфрақұрылымды жеткізумен – 131, оқытумен – 129,2 мың, консультациялармен және сервистік көрсетілетін қызметтермен – 646,6 мың кәсіпкер қамтылды.

      Сонымен қатар, бір кәсіпкерлік субъектісінің бір мезгілде бірнеше қолдау шарасын пайдалануына болатынын ескермегеннің өзінде БЖК 2020-мен қамту жеткілікті болмай отыр.

      Мәселен, Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің есебіне сәйкес БЖК 2020-ны іске асыруға 2015 – 2019 жылдары 270,1 млрд теңге бөлінген. Бюджет шығыстарындағы ең қомақты үлес қаржылық құралдарға арналған шығыстарға (пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру, мемлекеттік гранттар мен микрокредиттер беру) келеді – 71 %. Бұл ретте қаралып отырған кезеңде субсидиялау және кепілдендіру құралдарын 19,6 мың кәсіпкерлік субъектісі немесе жыл сайын орта есеппен 3,9 мың субъект қана пайдалана алды, бұл осы кезеңде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің орташа жылдық санының 0,3 %-ын құрайды. Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға арналған бюджет шығыстарының үлесі 22 %-ды, қаржылық емес құралдарға 6 %-ды құрады.

      Жалпы жұмыспен қамтуды ұлғайту тұрғысынан негізгі әсер сауда жүргізілмейтін секторлардағы шағын кәсіпорындардың өсуі есебінен қамтамасыз етіледі.

      Бір ШОК субъектісінде жұмыспен қамтылғандардың орташа санының серпіні бойынша ең жақсы көрсеткіштерді орта кәсіпорындар көрсетуде. Жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар санының озыңқы өсуі (+47%) 1 кәсіпорында жұмыспен қамтылғандардың орташа санының 6,75 адамнан 5,45 адамға дейін төмендеуіне алып келді. ДК мен орта кәсіпорындарда жұмыс істеп тұрған субъектілер санының төмендеуі байқалды, алайда жұмыспен қамтылғандардың орташа саны ДК-да болмашы ғана (2 %-ға) және орта кәсіпорындарда айтарлықтай (20 %-ға) өсті.

      Шағын кәсіпорындар мен ДК сапалы жаңа жұмыс орындарын құру міндетін шеше алмайды. Тұтастай алғанда жұмыспен қамту тұрғысынан алғанда жоғары маңыздылығына қарамастан, шағын кәсіпорындардағы орташа айлық жалақы Қазақстан бойынша орташа жалақыдан 20 % дерлік төмен. Орта және ірі кәсіпорындарда орташа айлық жалақы Қазақстан бойынша орташа жалақыдан 22 %-ға жоғары.

      Орта және шағын кәсіпорындардағы еңбек өнімділігі ДК өнімділігінен әлдеқайда жоғары. Орташа алғанда, ШК мен ОК-дағы өнімділік (шығару көлемі бойынша) бір жұмыскерге жылына 16,3 млн теңгені, ал ДК-де бір адамға жылына 1,4 млн теңгені құрайды.

      ЖІӨ-ге салынған салым мен өнім шығарудың орташа көлемі тұрғысынан орта кәсіпорындардың экономикалық әсері шағын кәсіпорындардың көрсеткіштерінен едәуір асып түседі. Бұл ретте орта кәсіпорындардағы ЖІӨ-ге салынған салым мен өнім шығарудың орташа көлемінің өсімі шағын кәсіпорындардағы өсімнен бірнеше есе жоғары.

      ШОК-ты дамытудың мемлекеттік саясатын іске асырудың халықаралық бәсекеге қабілеттілікке әсері жоғарылатуды қажет етеді.

      Қазақстан Global Entrepreneur ship Monitor рейтингінде өз позициясын 2015 жылғы 29-орыннан 2020 жылы 10-орынға дейін жақсартты, рейтингтегі елдер санының едәуір қысқарғанына қарамастан, бұл мейілінше елеулі прогресс болып табылады.

      Алайда кәсіпкерлік бойынша рейтингтердегі осындай елеулі прогреске қарамастан, жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің халықаралық рейтингінде Қазақстан позициясының қандай да бір айтарлықтай жақсарғаны байқалмайды. 2015 – 2019 жылдар аралығындағы 5 жыл ішінде керісінше 42-орыннан 55-орынға дейін төмендеу орын алды.

      Қазақстанның халықаралық рейтингтерінің серпініндегі осындай алшақтық ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру қажеттігін айғақтайды.

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) Қазақстан өңірлерінде бизнес жүргізудің сыртқы және ішкі жағдайлары бойынша тұрақты негізде зерттеу жүргізеді және "Іскерлік ахуал" тәуелсіз рейтингін қалыптастырады.

      2020 жылғы зерттеудің қорытындысы бойынша объектілердің меншікке сатып алу үшін қолжетімділігі, шикізат және қаржы ресурстарының қолжетімділігі, бейресми төлемдердің, формальды емес көрсетілетін қызметтердің және өнімсіз шығындардың болуы, инфрақұрылым объектілерін жалға алу құны, кәсіпорындарды жаңғырту мүмкіндіктерінің шектеулі болуы, қарыздарды қоса алғанда, дебиторлық және кредиторлық берешектің болуы, БЖК 2020 бойынша хабардар болудың және оған қатысу деңгейінің төмен болуы, сондай-ақ жаңа құрылысқа инвестициялар салудың және материалдық-техникалық базаны жаңартудың шектеулі мүмкіндіктері кәсіпкерлердің ең үлкен проблемалары болып табылды.

      Бизнесті жүргізу шарттарын зерттеу кәсіпкерлердің барлық санаттары арасында жүргізіледі, сондықтан жоғарыда аталған проблемалар әртүрлі мөлшердегі бизнестер тарапынан орташа бағалау болып табылады. Алайда кәсіпкерлік субъектілері неғұрлым аз болған сайын, олар үшін аталған проблемалар соғұрлым күрделі болатыны анық. Бұл проблемалардың олардың қызметіне әсер етуінің және ықтимал салдарының ауқымы әртүрлі санаттағы кәсіпкерлердің құзыреттеріндегі айырмашылықтарға және жетіспейтін құзыреттерге ие болу мүмкіндіктеріне (оқыту арқылы да, сол сияқты қажетті мамандарды жалдау арқылы да) байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Осылайша, кәсіпкерлікті дамытуды қаржылық емес қолдау шаралары шеңберінде микро-, шағын және орта кәсіпкерлерді оқыту мен олардың басқарушылық және кәсіби құзыреттерін арттыру кәсіпкерлік белсенділікті кеңейту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуде айтарлықтай маңыздылыққа ие болуда.

2-тарау. Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 18 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында (бұдан әрі – ҰДЖ) Қазақстан Республикасының әртараптандырылған және инновациялық экономиканы құруға бағытталған жалпыұлттық даму басымдықтары айқындалған. Сонымен бірге ШОК-ты дамытуға қатысты ағымдағы саясатты іске асыру көрсетілген мақсатқа толық көлемде сәйкес келмейді.

      Біріншіден, кәсіпкерлікке деген көзқарас қоғамда дәріптелетін құндылықтарға, адамдардың ынтасына және адами капиталдың сапасына байланысты екенін тиісті салаларда мемлекеттік органдар жүргізетін реттеу толық көлемде ескермейді, осыған байланысты ерікті кәсіпкерліктің өсуін арттыру үшін алғышарттар жоқ.

      Екіншіден, институционалдық ортаның ағымдағы жай-күйі кәсіпкерлік белсенділікті тежейді.

      Жоғарыда келтірілген ШОК дамуының институционалдық шарттарын талдау бизнес меншігінің қорғалмауынан (тәркілеудің жоғары тәуекелі), бәсекелестіктің жеткілікті дамымауынан, баға белгілеуге тікелей және жанама араласудан көрінетін бірқатар проблемалардың бар екенін айғақтайды, бұл өз кезегінде кәсіпкерлік белсенділіктің өсуін қамтамасыз етпейді.

      Бұдан басқа, жекелеген салалар мен аялардағы әкімшілік-құқықтық реттеу жүйесі шағын кәсіпорындарға қатысты жанашыр пиғыл танытпайды және шаруашылық жүргізудің шағын нысандары шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу ерекшелігін ескермейді.

      Фискалдық жүктеменің жоғары деңгейімен ұштасып, көрсетілген
мән-жайлар қызметтің бастапқы кезеңдерінде тұрған кәсіпорындарға өнім өткізу нарығын ұлғайтуға, кірістілікті арттыруға және осылайша микробизнестен шағын немесе орта бизнеске көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

      Үшіншіден, бизнес-ахуал әлі де күрделі және болжауға келмейтін күйде қалуда.

      Реттеушілік жүктеменің жалғасып отырған өсуі, ШОК субъектілерінің тиісті нарыққа кіруіне және олардың бизнесті жүргізу процестеріне байланысты әкімшілік кедергілердің болуы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді түбегейлі жұмсартуға бағытталатын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатпен үйлеспейді.

      Төртіншіден, мемлекеттік қолдаудың ағымдағы құрылымы мемлекеттік саясаттың тиімділігін төмендетеді.

      Мемлекеттік қолдаудың ағымдағы құрылымы ШОК-тың объективті географиялық және салалық тұрғыдан бөлінуін жеткілікті дәрежеде ескермейді және шектеулі мемлекеттік ресурстардың тиімсіз жұмсалуына алып келеді. Ауылдық жерлерде, шағын және моноқалаларда ШОК-тың өсуіне бағытталатын мемлекеттік интервенциялар межеленген нәтижені бермейді.

      Бюджет ресурстарының қомақты үлесі қаржылық шараларға бағытталған кезде қарыз капиталының құнымен байланысы жоқ ШОК-тың құзыреттерін арттыруға және бәсекеге қабілеттілік факторларын күшейтуге ықпал ететін қаржылық емес шаралар жеткілікті шамада қаржыландырылмайды.

      Мемлекеттік бағдарламалар тиімділігінің жеткіліксіз болуы бюджет қаражатының шектеулі көлемінің экономикалық дамудың жалпы стратегиялық мақсаттарымен байланысы жоқ кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басымдықтар мен тәсілдерге бөлінуімен де негізделуі мүмкін. ШОК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен біржақты қамту сыбайлас жемқорлық үшін қосымша көздер жасайды, бұл жекелеген кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты артықшылықты көзқарас элементтерін тудырады, өндіріс факторларын дамытуға ынталануды әлсіретеді, кәсіпкерлердің реттелетін сатып алуға, импортты алмастыруға бағдарлануын тұралатып, ішкі нарықты қорғау бойынша өнімсіз талаптардың күшеюіне алып келеді.

      Бесіншіден, "қаражат бөлінгеннен бастап оларды түпкілікті алушыға жеткізуге дейін" мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің бүкіл процесінің ашықтығы нормативтік қамтамасыз етілмеген.

      Мемлекеттік қолдау шараларын түпкі алушылар туралы объективті себептер бойынша операторлар және/немесе қаржы институттары ашпайтын анық ақпараттың (қаражаттың нысаналы игерілуі туралы деректер), сондай-ақ осы ақпаратты ашу жөніндегі заңнамалық талаптардың болмауы мемлекеттік қолдау шараларының сапасы мен тиімділігінің қадағаланып тұруына теріс әсер етеді.

      Мәселен, мемлекеттік аудит органдары мемлекеттік қолдау шараларының сапасы мен тиімділігі туралы пайымдауды мемлекеттік қолдау шараларын алушылар туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты немесе жинақталған ақпаратты ғана пайдалана отырып дайындауға мәжбүр.

3-тарау. Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың үрдістері

      Жаһандық трендтердің әсері, Covid-19 пандемиясының жаңадан өршуіне қарсы тұру қарқыны, "қайғылы қаңтар" сабақтары және оның салдарын қалпына келтіру кәсіпкерлікті дамытудың ұзақ мерзімді кескіні мен ерекшеліктерін және, тиісінше, ШОК-ты дамытудың мемлекеттік саясатының басымдықтарын барынша айқындап берді.

      Айталық, пандемия жағдайында экономикалық қуаттың ығысуы халықаралық сауданың одан әрі даму қарқынын жеделдетті, өндірістерді қайтару және бизнес-процестердің аутсорсингі үрдістерін айқындады.

      Пандемияға байланысты физикалық өзара іс-қимыл жасауға салынған шектеулермен қабаттасқан цифрлық технологияларды дамыту тренді қоғам мен бизнес тыныс-тіршілігінің көптеген салаларын цифрландыру процесін жеделдетті. Виртуалды (қашықтан) өзара іс-қимыл жасау форматы жаңа нормаға айналып келеді. Цифрлық технологияларды енгізу және пайдалану бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының біріне айналуда, электрондық коммерция мен қаржылық технологиялар секторын дамыту үшін күшті ынталандыруға ие болды.

      Пандемия салдарынан қалпына келтіру жағдайында әртараптандырылған және инновациялық экономиканы құруға бағытталған институционалдық реформалар қажеттігі анағұрлым өткір бола түсуде. Мемлекеттік қолдау шараларын олардың тиімділігі және қолдау алушыларды оларды іріктеу өлшемшарттарын ынталандыру және экономикалық белсенділікті дамыту жағына қарай түзету тұрғысынан бағалаудың қажеттігі ерекше атап өтіледі.

      Осылайша, сыртқы факторлардың әсері экономиканы реформалауға және жұмыс істеп тұрған ШОК үшін реттеушілік кедергілерді азайту мақсатында реттеу қағидаттарын өзгертуге және ШОК-тың тиісті нарықтарға қолжетімділігін кеңейту үшін кедергілерді жоюға бағытталған нормативтік-құқықтық орта құру арқылы реттеуші экожүйені ШОК дамуына бағдарлауды айқындап берді.

3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу

      Озық шетелдік практикалардың халықаралық тәжірибесі ШОК-ты дамытудың сапалы пысықталған саясаты кедейліктен шығу және формалды емес экономиканы төмендету екенін көрсетіп берді. Экономикалық байлықтың өсуіне және кірісі орташадан төмен дамушы елдің деңгейінен кірісі орташадан жоғары және жоғары дамушы елдің деңгейіне өту шамасына қарай мақсат қою ШОК-тың тұрақты экономикалық дамуға қатысуы, экономиканы әртараптандыру, экспорттың өсуі, инновациялар және креативті индустриялар жағына ығысады. Бизнесті дамыту үшін маңызды формалды институционалдық жағдайларды салыстырмалы талдау Қазақстанға бейімдеуге мүмкін болатын шешімдерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

      Экономикалық еркіндіктер беру, әкімшілік кедергілерді азайту, баға белгілеуді бұрмалау және бәсекелестікті дамыту бөлігінде Кавказ елдерінің тәжірибесі анағұрлым тартымды болып көрінеді, өйткені институттардың трансформациясы жағдайында кәсіпкерлік белсенділікті қалай ынталандыруға болатынын көрсетеді.

      Мысалы, Арменияның әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі тәжірибесі анағұрлым көрнекі. Армения Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) бойынша Қазақстанның әріптесі болып табылады және мемлекеттің фискалдық мөлшерінде еркіндіктер деңгейі Қазақстанмен ұқсас. Бұл ретте Армения Қазақстаннан төмен интегралдық рейтингке ие бола отырып, бірқатар өлшемшарттар бойынша үздік көрсеткіштерді көрсетеді. Армения "бизнесті ашудағы" (4 рәсімнен 3-ке дейін, 5 күннен 4-ке дейін), "электр энергиясына қосылудағы" (6 рәсімнен 2-3-ке дейін), "құрылысқа рұқсат алудағы" (уақыт – 102,5 күннен 99 күнге дейін, құны – қойма құнының 2,1 %-ынан 1,3-1,6 %-ға дейін) және "төлем қабілетсіздігі бойынша шешім шығарудағы" (құны – мүліктің 15 %-ынан 11 %-ға дейін) рәсімдер санын, олардың уақыты мен құнын қысқарта отырып, 2018 – 2019 жылдары көрсеткіштерді жақсарта алды.

      Электр энергиясына қосылу бөлігінде Армения мемлекеттік органдар үшін алғашқы қосылудың ұзақтығы бойынша қатаң мерзімдер белгіледі. Армения тәуекелі төмен жобаларды сәулет сызбаларын тәуелсіз сарапшылармен келісу талаптарынан босатқанымен, сәулетшілер мен инженерлерге қойылатын біліктілік талаптары 2020 жылы күшейтілді.

      Осыған байланысты ҰДЖ-да бизнесті жүргізу процестері бойынша әкімшілік кедергілерді одан әрі қысқарту қажеттігі айқындалғанын ескерсек, бұл тәжірибені Қазақстанда қолдануға болады.

      Грузия тәжірибесі инвестициялар еркіндігін беру және әділ бәсекелестікті белгілеу саласында барынша қолдануға жарамды.

      Айталық, 2000-шы жылдардағы реформалардан кейін Грузия ЭЕИ-де инвестициялар еркіндігі саласында бірден көтеріле алды, бұл әсіресе денсаулық сақтау саласында жедел жекешелендірумен негізделген. 2011 жылы Грузияда "Экономикалық еркіндік туралы органикалық заң" да қабылданды, онда халықтың экономикалық және азаматтық еркіндігі мен мемлекеттің араласуын шектеу қамтылды. Осы Заңға сәйкес Грузия резиденттер мен бейрезиденттер үшін капитал қозғалысына (валюта айырбастау, ақша қаражатын Грузияның шегінен тыс әкету) шектеулерді алып тастады.

      Мұндай жағдайларда Қазақстанмен салыстырғанда Грузияның тартымды инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге байланысты тәжірибесі анағұрлым жағымды болып көрінеді.

      Перудің 1990-шы жылдардың басындағы меншік құқығын формалдандыру жөніндегі тәжірибесі меншік құқығын қорғау бөлігінде ең жарқын мысал бола алады. Формалдандыру бағдарламасының алғашқы үш жылында бұрын бейформалды меншікте болған 150 мыңнан астам объект тіркелді. Реформа сәттілігінің негізгі элементі бейформалды мүлікті тіркеудің төмен құны болды (айыппұлсыз), оны мемлекет көлеңкелі сектордан көшудің транзакциялық шығасыларын қысқарту үшін қажеттілік түрінде субсидиялады. Жүйеде мүлікті тіркеу рәсімдерінің саны өте аз болды, бұл кедей халық үшін тартымды болды, бірақ сонымен бірге оны жергілікті деңгейде формалдандырудың артықшылықтары туралы ақпараттандыру арқылы тіркеуге ынталандырды.

      Сонымен қатар Малайзия да меншік құқығын, әсіресе зияткерлік меншік құқығын қорғау бөлігінде табысты реформаларға үлгі болып табылады. Мәселен, Малайзия 2011 – 2013 жылдары тіркеу мен мемлекеттік баж төлеудің электрондық жүйесін енгізу арқылы мүлік құқықтарын беру рәсімінің уақытын 41 күннен 2 күнге дейін қысқарта алды.

      Өз кезегінде, мұндай практикаларды Қазақстанда қолдану бизнесті экономиканың көлеңкелі секторына кетуге ынталандыруды жояды, адал "ашық" бизнес жүргізу үшін жағдай жасайды.

      Зияткерлік меншік институтын дамыту саласында Малайзияның 2012 жылы World Intellectual Property Organization (WIPO) кіруі және патенттерді, тауар белгілері мен авторлық құқықты қорғау саласындағы көптеген халықаралық келісімдерге қол қоюы маңызды фактор болды. Ғаламдық ақпараттық кеңістікке интеграцияның мұндай түрі жергілікті кәсіпкерлерге қолданыстағы өнертабыстар мен инновацияларға қол жеткізуге, тауашаларды табуға және тіркеуге мүмкіндік берді.

      Мұндай практиканы Қазақстан жағдайында қолдану зияткерлік меншікті одан әрі дамыту үшін жағдай жасауға, оны іске асырудың жаңа нысандарын ашуға және зияткерлік меншік объектілерін сыртқы нарықтарға импорттауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Мемлекеттік қызметтегі, сот жүйесіндегі және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлігінде 2000-шы жылдардан бастап құқық үстемдігінің элементтерін жетілдіруді жалғастырып келе жатқан және ЭЫДҰ-ның дамыған елдері деңгейінде өңірдегі жалғыз жоғары ЭЕИ көрсеткіштері бар Грузияның тәжірибесі анағұрлым жарқын болып табылады.

      Грузияда 2000 жылы Transparency International Georgia (TI Georgia) үкіметтік емес ұйымының филиалы құрылды, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларға тәуелсіз талдау, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бастамаларының барлық деңгейлерде орындалуына мониторинг жүргізеді.

      Грузияның бюджеттік ақпаратқа жұртшылықтың қол жеткізу рейтингінде әлемде екінші орынға (Жаңа Зеландиядан кейін) ие бола отырып, өңір елдері арасында ақпарат бүкпесіздігінің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ететіні Қазақстаннан маңызды айырмашылығы болып табылады. 2012 жылы мемлекеттік органдар бюджеттердің, сатып алулардың деректерін енгізуге міндетті бірыңғай жария ақпараттық жүйе құрылды. Жоба Грузияның 2011 жылы құрылған ашық мемлекет идеалдарын бекітуге, әкімшілік кәсіпқойлықты, ашық азаматтық бақылауды дамытуға бағытталған "Ашық үкімет" халықаралық ұйымына кіруі шеңберінде өткізілді.

      Бүгінгі таңда көптеген елдердің заңнамасында мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарына қатысты мәліметтерді банктік құпиядан шығаруға рұқсат етілген.

      Банктік құпияға жатқызылған ақпаратты ашу құқық қорғау органдары, сот билігі органдары, фискалдық (салық) органдар үшін жүзеге асырылады. Францияның "Банктер және банк қызметі туралы" 1984 жылғы Заңына сәйкес клиенттер мен олардың шоттары туралы мәліметтерді қылмыстық тергеп-тексеру жүргізетін сот органдарынан жасыруға болмайды. Францияның Жалпы салық кодексіне сәйкес кредиттік ұйымдар салық қызметтеріне бағалы қағаздар салымдары немесе ақша қаражаты шоттарының, ағымдағы аванстық шоттардың және т.б. ашылуы және жабылуы туралы хабарлауға міндетті. Сонымен бірге банктік құпия Италияның салық органдары үшін адамдар туралы мәліметтер алуға кедергі болмайды.

      Аумағы жағынан ірі және/немесе біртекті емес елдерде, әдетте, орталық үкімет пен өңірлік билік арасында өкілеттіктер мен жауапкершіліктер бөлінеді.

      Орталық үкіметтің жауапкершілігіне ШОК-ты дамыту үшін институционалдық жағдайларды қамтамасыз ету және саясаттың реттеушілік бөлігі кіреді. Әдетте, мемлекеттер бір жағынан кәсіпкерлер үшін өңірлер арасындағы бәсекелестікті көтермелейді және екінші жағынан ұлттық деңгейдегі міндеттерді шешу үшін жекелеген өңірлерге қосымша интервенциялар жүргізеді.

      Бұл практика қалыспай даму стратегиясын қолданған Азия елдерінде әсіресе айқын көрінеді.

      Индустриялық аймақтар мен парктер түрінде мамандандырылған аумақтарды, бизнес-инкубаторлар мен акселераторларды, креативті парктер мен аймақтарды, басқа мамандандырылған инфрақұрылымды дамыту өңірлік ерекшеліктерді, бәсекелік артықшылықтар мен өңірлік кәсіпкерліктің қажеттіліктерін жақсы түсінетін жергілікті биліктің құзыретіне жатады. Құқықтар мен жауапкершілікті орталықсыздандыру фискалдық және бюджеттік орталықсыздандырумен тығыз байланысты.

      Өңірлер деңгейінде тұтастай өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және ішінара ШОК-ты дамытуға шоғырланатын жеке даму институттары құрылуы мүмкін.

      Мысалы, Татарстан Республикасында функцияларына кәсіпкерлікті қаржылық, ақпараттық-консультациялық, инновациялық, мүліктік қолдау кіретін ШОК-ты дамыту жөніндегі өзіндік экожүйе жұмыс істейді. Осылайша, өңірлік билікке экспортты, кепілдік беруді, ИТ-парктерді, агроөндірістік парктерді, өнеркәсіптік парктер мен алаңдарды, өңірдегі бизнес-инкубаторларды басқаруды қолдау жөніндегі өкілеттіктер берілген.

      Еуропалық Одақта (бұдан әрі – ЕО) өңірлік даму институттары өңірлік кәсіпкерлік экожүйелерді дамытудағы негізгі буын болып табылады. Мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар мен жеке компаниялар өңірлік даму институттары ретінде әрекет ете алады. ЕО-дағы өңірлік даму институттарының орталық мемлекеттік органдардан зор дербестігі бар екенін, шешімдер қабылдауда икемді екенін және "бір терезе" қағидаты бойынша бизнеске жағдай жасау үшін өңіраралық (ел ішінде) бәсекелестікті қамтамасыз ететінін атап өткен жөн. Өңірлік кәсіпкерлік жүйелерді дамыту кезінде "Single Market" қағидаттарында бірыңғай еуропалық нарықты дамыту үшін өңіраралық кооперация мен коллаборацияға баса назар аударылады. 2020 жылы ЕО-да "Өзара байланыстарды картаға түсіру және талдау арқылы еуропалық кәсіпкерлік өңірлердің ынтымақтастығына жәрдемдесу" жобасы іске асырылды.

      Дамушы елдерде Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (ASEAN) оң тәжірибесі мен сабақтары қызықты. Негізгі сабақ – орталық пен өңірлер арасында міндеттерді функциялардың қиылысуына жол бермейтіндей бүкпесіз және түсінікті бөлу қажеттігі. Әдетте, орталық билік саясатты құруға және тұжырымдауға жауапты, ал өңірлік билік оны іске асыруға жауапты.

      Орталық үкімет пен өңірлік билік арасында өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөлу бөлігінде санамаланған практикаларды қолдану Қазақстанда қолдануға жарамды болып табылады, өйткені нақты өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қолдауды анағұрлым тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

      Өнімділіктің өсуін күшейту үшін кәсіпкерлікті қолдау шараларын бөлу бөлігінде Мексиканың тәжірибесі барынша тартымды болып көрінеді.

      Мәселен, Мексикада ШОК-тың екі типіне қатысты екі даму бағдарламасы бар. Бірінші бағдарлама ішкі нарыққа бағдарланған ісін жаңа бастайтын кәсіпкерлерге және табиғат жағдайлары күрделі аймақтарда жұмыс істейтін ШОК-қа арналған. Екінші бағдарлама сыртқы нарықтарға бағдарланған жұмыс істеп тұрған ШОК-қа бағдарланған.

      Бұл ретте осы бағдарламаларда дәстүрлі құралдар: оқытудан бастап жеңілдікті кредиттер мен қарыздарға кепілдік беруге дейін ұсынылады.

      Осыған байланысты мемлекеттік қолдау шараларын анағұрлым тиімді бөлу үшін осы тәжірибені Қазақстан жағдайында қолдану ұсынылады.

4-бөлім. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың пайымы

      Қазақстан барлық ШОК субъектілерін қолдаудан және бизнесті субсидиялаудан орта кәсіпкерлікті дамыту басымдығы бар нарықтық тәсілдер мен құралдарға көшуді көздейді.

      Қол жеткізілген нәтижелерді, халықаралық стандарттарды және алдағы кезеңге арналған стратегиялық мақсаттарды ескеретін ШОК-ты дамыту жөніндегі тұтас саясатты дамыту жалғасатын болады.

      ШОК-ты дамыту бойынша тиісті шаралар мен нысаналы көрсеткіштер елдің стратегиялық құжаттарында – "Қазақстан-2050": қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтарында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында, Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында және басқаларда көзделген.

      Кәсіпкерлікті дамыту саласында 2030 жылға қарай ЖІӨ-дегі ШОК үлесін 35 %-ға дейін және 40 %-ға дейін ұлғайту стратегиялық мақсат болып табылады.

      Бұл көрсеткіш кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шараларды ғана емес, сонымен бірге саяси, әлеуметтік, экономикалық реформаларды бағалауды көрсететінін назарға ала отырып, оған қол жеткізу жөніндегі жұмысқа азаматтық қоғам белсенді тартылатын болады.

      Осы мақсатқа қол жеткізуде мемлекет пен бизнес арасындағы тең диалог мемлекеттің рөлін өзгерту және мемлекет пен бизнес арасындағы жауапкершілікті қайта бөлу үшін адамдардың кәсіпкер ретінде өзін-өзі көрсетуіне жағдайлар мен мүмкіндіктер жасайтын болады.

      Коронавирустық инфекция пандемиясы аясында экономикалық қуат ығысқан жағдайларда мемлекеттік саясат инвестициялар мен кәсіпкерлік таланттар үшін күресте бәсекелік артықшылықтарды нығайтуға ықпал ететін болады.

      Цифрландыруды дамытуға деген жоғары сұраныс бәсекеге қабілеттіліктің жаңа факторын айқындады. Осы бағыттағы мемлекеттік саясат бір жағынан цифрлық платформаларды пайдалана отырып, кәсіпкерлермен және кәсіпорындармен өзара іс-қимылды барынша тереңдететін болады, екінші жағынан өзара іс-қимыл жасайтын барлық тараптардың мүдделерін ескере және қорғай отырып, платформалық шешімдерге негізделетін кәсіпкерлік қызмет үшін мүмкіндіктерді дамытуға және кеңейтуге ықпал ететін болады.

      Заманауи цифрлық технологиялар азаматтың мемлекетпен өзара іс-қимылын барынша қарапайым, жылдам және бүкпесіз етуге ықпалын тигізетін болады.

      Жаһандық үрдістердің мемлекеттік секторға ықпалы қоғам мен бизнестің азаматтарға қатысты неғұрлым икемді, орнықты, ашық және қайырымды мемлекеттік аппаратқа деген сұранысының өсуінен көрініс табатын болады. Сыртқы мәнмәтін таланттар үшін бәсекелестіктің артуы тұрғысынан зор қысым жасайды.

      Бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттің араласуын азайту, кәсіпкерлік қызметті барынша қайта реттеу, өзін-өзі реттеу тетіктерін ауқымды пайдалану және әрбір азаматтың өзінің әл-ауқаты үшін жеке жауапкершілігін арттыру арқылы таланттарды ұстап қалу және оларды елге тарту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауды талап етеді.

      Бұл жұмысты іске асыру "әртараптандырылған, технологиялық экономика" құру жөніндегі міндетті шешуге ықпал ететін болады, бұл өз кезегінде 2025 жылға қарай ШОК-та 4 млн-ға дейін адамның жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге де мүмкіндік береді.

      Тұтастай алғанда, ШОК-ты дамыту:

      1) салық саясатын, бәсекелестікті дамыту мен монополияларды шектеуді, мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқартуды, әкімшілік жүктемені төмендетуді және бизнесті жүргізудің реттеушілік нормаларын жұмсартуды қоса алғанда, тұтастай кәсіпкерлікті дамыту үшін жалпы қолайлы жағдайлар жасау және басқалары;

      2) шағын және орта бизнесті уақтылы қолдау;

      3) ел экономикасын дамыту, оның ішінде шикізатқа қатысты емес секторлардағы экспорт көлемінің өсуі арқылы дамыту үшін зор әлеуетке ие бизнес ретінде орта бизнесті қолдау мен өсіруді ынталандыру арқылы бірқатар деңгейлес және сатылас қолдау шараларымен қолдау табуға тиіс.

      ШОК-тың серпінді дамуы Қазақстанның нақты бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оның әлемдік экономикалық қоғамдастықтың жауапты қатысушысы ретіндегі мәртебесін нығайтуға оң ықпал етеді.

5-бөлім. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

1-тарау. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қағидаттары

      Тұжырымдаманы іске асыру мынадай қағидаттарға негізделеді.

      Бірінші қағидат – кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ету. Мемлекет кәсіпкерлерге таңдау еркіндігі жағдайында өздері айқындаған салада немесе аяда, сол өңірде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сол нарығында қызметін жүргізудегі ықтимал кедергілерді алып, кәсіпкерлерге адал және ашық бәсекелестік жағдайында қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін кедергілерді жоюы қажет.

      Кәсіпкерліктің еркіндігі мен адал және ашық бәсекелестік жағдайында кәсіпкерлер өздерінің кәсіпкерлік қызметін жүргізудің сипаты, ауқымы мен шарттары туралы қабылданатын шешімдерінің салдары үшін жауап беруге тиіс. Кәсіпкерлер қате шешімдер қабылдаған жағдайда мемлекет олардың кәсіпкерлік қызметінің қаржылық жағдайын жақсарту ниетімен өзінің интервенциясымен араласпауға тиіс.

      Фискалдық ынталандырулар мен фискалдық жүктемені қоса алғанда, кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына әсер ететін шешімдер қабылдау кезінде мемлекеттік аппарат ең алдымен кәсіпкерлік ортаның сапалы дамуына ықпал ететін шешімдерге басымдық беруге тиіс. Сапалық мақсаттарға қол жеткізілмеген кезде сандық өсу көрсеткіштері оң нәтиже ретінде қарастырылмауға тиіс.

      Екінші қағидат – кәсіпкерлік қызметтегі адалдықты, ашықтықты, парасаттылық пен қауіпсіздікті көтермелеу. Кәсіпкерлік ортаға сапалы дамуға ықпал ететін дұрыс белгілерді жіберу мақсатында мемлекет кәсіпкерлік қызметін адалдық, ашықтық, парасаттылық пен қауіпсіздік жағдайында жүргізетін кәсіпкерлерге басымдық беруге және көтермелеуге, сол арқылы жалпы қоғамдық дамуға ықпал етуге тиіс. Бұл бюджеттен қаржыландырылатын кез келген тікелей интервенцияларды бөлу кәсіпкерлердің фискалдық парасаттылық дәрежесін міндетті түрде ескеруге тиіс екенін болжайды (яғни бюджетке төленетін төлемдер деңгейі қаншалықты жоғары болса, бюджеттен тікелей интервенциялар көлемінің ең жоғары шегі соншалықты жоғары болады).

      Үшінші қағидат – жедел дамуға жәрдемдесу. Өсу әлеуеті бар және одан әрі өсуге ұмтылатын шағын және орташа кәсіпорындарға басым түрде қолдау көрсету көзделеді. Дәл осындай кәсіпорындар экономиканың жаңаруына ықпал ете алады. Осыған байланысты акселерациялық даму тетіктері, бірінші кезекте экспорттық және инновациялық лифтілер кеңінен дамытылуға тиіс.

      Осы негіз қалаушы қағидаттарға сүйене отырып, ШОК дамытудағы мемлекеттік саясат әлсіздерді қолдау парадигмасынан бәсекеге қабілеттілерді дамыту парадигмасына ауысады және 2025 жылға қарай мынадай қағидаттық өзгерістерге қол жеткізуге:

      кәсіпкерлік субъектілерін дамытудың қарапайым қағидаттарынан заманауи кәсіпкерлік экожүйені құруға;

      бизнесті қолдау жөніндегі "сандық" міндеттен сұранысқа ие инфрақұрылымды құра отырып, сапалы "пакеттік шешімдер" қабылдауға;

      реттеуден уәждеуге;

      "көлеңкелі" бизнесті дамыту мүмкіндігінен парасатты "ашық" бизнесті жүргізуге және "көлеңкелі" нарықты анықтаудың бұлтартпастығына жағдай жасауға;

      жоғары әкімшілік бақылаудан кәсіпкерлік қызметті оңайлатуға және заңды тұрғыдан жүргізуге;

      меншік иесі және салалардағы реттеуші ретіндегі мемлекеттің белсенді рөлінен жеке субъектілер арасындағы салауатты бәсекелестікке;

      үстем (бәсекелік артықшылыққа қол жеткізген) салалар есебінен сандық өсуге бағдарланудан әралуандық есебінен сапалы өсуге (бәсекелік артықшылыққа қол жеткізу жолында);

      тек қана ішкі тұтынуға бағдарланудан жалпы өңірлік экспорттық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілікке бағытталатын болады.

      ШОК-ты дамыту саясаты ел дамуының жалпы жоспарына интеграциялануға тиіс, бұл оны іске асыру кезінде мыналарға, атап айтқанда:

      орталықтандырылған басқарудан өңірлердің дербестігін арттыруға;

      мемлекеттік қолдау көрсетілетін жобаларды іске асыру кезінде өнімділігі төмен жұмыс орындарынан жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруға;

      ғылым мен өндіріс арасындағы жеткіліксіз байланыстан әлемдік ғылыми кеңістікке шыға отырып, отандық ғылымның прогрессивті технологиялық шешімдерін өндірістік және өнеркәсіптік секторға енгізуге;

      мемлекеттік сектордың үстем рөлінен бәсекелес орта құруға және экономикаға, әсіресе жоғары технологиялық өндірістерге жеке инвестицияларды тиімді тартуға;

      қазақстандық экспорттың шикізаттық сипатынан қазақстандық өнімді ілгерілету және шикізаттық емес экспортты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға тікелей ықпал ететін болады.

2-тарау. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тәсілдері

      ШОК-ты дамыту тәсілдері пирамида қағидаты бойынша құрылып, Қазақстан Республикасында ШОК-ты дамыту проблемаларын шешуге бағытталған мынадай міндеттерді орындау арқылы іске асырылатын болады:

      1) ерікті кәсіпкерліктің өсуін арттыру үшін жағдай жасау;

      2) кәсіпкерлік белсенділікті қамтамасыз ететін институционалдық орта құру;

      3) бизнес-ахуал мен бизнес-ортаға әсер ететін кәсіпкерлік қызметті реттеуді дамыту;

      4) мемлекеттік қолдау шарасы ретінде құрылымның тиімділігін қамтамасыз ету.

      1-міндет. Ерікті кәсіпкерліктің өсуін арттыру үшін жағдай жасау

      Кәсіпкерлердің парасатты және бәсекеге қабілетті табын қалыптастыруда шығармашылық және инновациялық ойлауды ынталандыруға бағытталған білім беру шешуші рөл атқарады, оны жеке деңгейде де, сол сияқты қоғам деңгейінде де тарату маңызды.

      Осыған байланысты пирамиданың негізін кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті тұлғалық қасиеттерді, мінез-құлықты, дағдылар мен құзыреттерді көтермелейтін және дамытатын білім мен тәрбие жүйесі құрайды.

      Өнімді кәсіпкерлік дағдылары бар жастардың ауқымды базасын құру үшін мектепке дейінгі және мектептегі білім беру саясаты және оны іске асыру қазақстандық жастардың функционалдық сауаттылық дағдыларын нығайтуға бағытталуға тиіс. Мұғалімдер даярлауды жақсартуға, білім беру контентіне және білім беру жүйесіндегі теңсіздікті қысқартуға ерекше екпін берілуге тиіс.

      Кәсіпкерлік оқытушыларын қолдау мен ұлттық және халықаралық алмасудың озық практикасын көтермелеуді қоса алғанда, мектептер мен университеттерде кәсіпкерлікті оқыту кеңейтілуге және нығайтылуға тиіс.

      ШОК-ты тұрақты зерттеу шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін де, сол сияқты кәсіпкерлер тарапынан жұмыскерлерден де талап етілетін дағдылар мен құзыреттер айқындалуға тиіс. Дағдылар мен құзыреттерді ұлттық біліктілік шеңберіне енгізу қамтамасыз етілуге тиіс. Кәсіптік білім беру бағдарламалары мен тренингтер кәсіпкерлік қызметті жүргізу және коммерциялық ұйымды дамыту үшін қажетті жалпы, техникалық және басқару дағдыларын қамтитын тиісті даярлықты қамтамасыз етуге тиіс.

      Жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін (бұдан әрі – ТжКБ) түлектердің стартаптарын студенттік
бизнес-инкубаторлар мен студенттік кәсіпкерлік клубтарын пайдалана отырып қолдауға арналған бағдарламаларды дамытуға ынталандыру және көтермелеу жалғасады.

      2-міндет. Кәсіпкерлік белсенділікті қамтамасыз ететін институционалдық орта құру

      Осы мәселені шешу үшін пирамиданың екінші деңгейі кәсіпкерлік белсенділікті арттыруды қамтамасыз ететін институционалдық жағдайларды жақсартуға байланысты реформаларды қамтиды.

      Мемлекет бағаны бұрмалаумен, түйінді қуаттарға қол жеткізумен және кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігін қамтамасыз етумен байланысты реттеушілік кедергілерді азайту және кейіннен жою арқылы бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз етуге тиіс.

      Баға белгілеуге араласу тұрғысынан алғанда мемлекет екі проекцияда – тікелей араласу (бағаларды тікелей реттеу) және жанама (субсидиялар мен гранттар арқылы) әрекет етуге тиіс.

      Монополияға қарсы реттеу, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алынатын медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын реттеу аясына түсетін субъектілерді қоспағанда, бағалар мен тарифтерді қалыптастыру еркіндігін тікелей немесе жанама қозғайтын барлық заңнамалық және реттеуші актілер қайта реттелуге тиіс.

      Мемлекет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, фармацевтикалық тауарлар мен медициналық бұйымдардың шектеулі санын тікелей реттеу құқығын төтенше жағдайлар болған кезде ғана қолдану мерзімі шектеулі жеке заңнамалық акт қабылдау арқылы өзіне қалдыра алады. Сенімді баға индикаторлары бар нарықтық баға белгілеудің ақпараттық жүйесі негізінде монополияға қарсы тәуекелдерді басқару жүйесі құрылуға тиіс.

      Жанама реттеу бөлігінде жекелеген салалардағы жекелеген кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудан мемлекеттік қолдау дизайнын түзету шеңберінде салаларға байланыстырмай, кәсіпорындардың қызметіне қойылатын қатаң өлшемшарттар арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруға көшу қамтамасыз етілуге тиіс. Айталық, жекелеген өнім өндірісін тікелей субсидиялауды алып тастау қажет.

      Коммуналдық көрсетілетін қызметтер, әсіресе электр энергиясы нарығында кросс-субсидиялау тетігі жойылуға тиіс. Бұл тұтынушылардың әртүрлі топтары үшін тең тарифтерді белгілеуге және халық үшін тарифтер жанама субсидияланатын бизнес шығасыларын азайтуға мүмкіндік береді.

      Бағаны тікелей және жанама бұрмалауды жою нарықтық өзгерістердегі кенеттен болатын әлеуметтік салдарды жою үшін атаулы әлеуметтік көмек жүйесін тиісті түзетумен сүйемелденетін болады.

      Мемлекеттік монополиялардың шектеулі санын қоспағанда, нарықтың жекелеген қатысушыларына әділетсіз артықшылықтар жасайтын барлық заңнамалық және реттеуші актілердің күшін жоюды жүзеге асыру қажет. Бірыңғай операторлар институты таратылуға тиіс. Мемлекеттің жұмыс істеуі үшін сындарлы болып табылатын барлық функциялар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс істеп тұрған немесе жаңадан құрылған мемлекеттік монополияларға берілуге тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік қолдауды қысқарта отырып және "жасанды монополияларды бұзу" қағидаты бойынша бүкіл заңнамаға ревизия жүргізіліп, өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер монополияларын реттеу жөніндегі жұмыс жалғасатын болады, бұл монополиялардың көрсетілетін қызметтері мен тауарларына баға белгілеудің ғана емес, сондай-ақ монополиялардың көрсетілетін қызметтерін жеткізудің бүкіл тізбегінің бүкпесіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Квазимемлекеттік сектор мен жеке бизнес арасында біртекті бәсекелес ортаны қамтамасыз ету, ЭЫДҰ елдерінің озық практикасын қолдана отырып, "бәсекелі бейтараптық" қағидатын іске асыру жөнінде шаралар қабылдануға тиіс.

      Осыған байланысты:

      монополиясыздандыру және бәсекелестікті дамыту тұрғысынан монополиялық тауар нарықтарына (мұнай мен мұнай өнімдері, тауарлық газ, электр энергиясы, көлік және байланыс, қаржы нарықтары);

      қызметінің аралас тауар нарықтарына әсерін, экономикалық тиімділігін және монополиялық шығасылардың болуын бағалау мақсатында монополиялық топтарға;

      одан әрі жұмыс істеудің орындылығы тұрғысынан операторларға (арнайы құқықтар берілген мемлекеттік және жеке меншік) кешенді талдау жүргізу қажет.

      Тұтынушылардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін IT-құралдар арқылы "Open Markets" (ашық нарықтар) қағидаты іске асырылуға тиіс, бұл бәсекелестікті дамытудың маңызды бағыты болып табылады. Бұл жаңа өнім берушілердің салаға кіру шарттарын жеңілдетеді және сатып алушыларға ұтымды ұсыныстар іздестіруіне мүмкіндік береді.

      Биржалық саудаға арналған стандартталған тауарлар тізбелері бірінші кезекте энергия жеткізгіштерін, электр энергиясын және ауыл шаруашылығы шикізатын қосу арқылы кеңейтілуге тиіс. Биржалық сауданы дамыту биржалық саудаға қойылатын монополияға қарсы талаптардың сақталуын тиімді және сенімді мониторингтеумен сүйемелденуге тиіс (биржалық тауарларды өткізудің біркелкілігі мен реттілігі, лоттардың ең төмен және ең жоғары мөлшері, биржадан тыс мәмілелерді тіркеу, тауар биржаларының электрондық жүйесіне монополияға қарсы қолжетімділік), бұл өз кезегінде жер қойнауын пайдаланушылардың ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сатушылар мен сатып алушылардың шектеусіз ортасының аукциондарға бір мезгілде қатысуы есебінен нарық қатысушыларының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

      Бизнес үшін мамандандырылған сапалы инфрақұрылым құру және тиімді басқару үшін оған тәжірибесі мен құзыреті бар, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) құралдарын барынша пайдалана отырып, жеке инвесторлар мен басқарушы компанияларды тарту үшін ынталандырулар ұсынылуға тиіс.

      Бюджет ресурстары шектеулі болған жағдайда жекелеген бизнес-жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің орнына кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін ұжымдық аймақтар құруға артықшылық берілуге тиіс. Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) өздерінің бюджеттік мүмкіндіктері шеңберінде мамандандырылған инфрақұрылымды құру қажеттігі және орналастыру орындары туралы шешімдер қабылдауға және олардың іске асырылуы үшін жауапты болуға тиіс. Республикалық бюджет қаражаты есебінен интервенциялар және/немесе инвестициялар талап етілетін жағдайда, олар бәсекелестік шарттарында және елдің кеңістікте даму басымдықтарын ескере отырып ұсынылуға тиіс.

      ШОК-ты "өсу нүктелерінде" дамыту үшін мемлекет кеңістікте дамумен конвергенцияда сапалы өнеркәсіптік, инновациялық және креативті инфрақұрылымның артық ұсынысын құруды ынталандыруға шоғырланады.

      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен университеттер үшін, оның ішінде МЖӘ тетігі мен құралдарын пайдалана отырып, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, тәжірибелік үлгілер, прототиптер немесе пайдалы модельдер жасау, жоғары технологиялық стартаптар үшін өз өнімдерінің шағын сериялы партияларын шығару үшін бизнес-инкубаторлар мен технопарктер құру және дамыту жөнінде ынталандырулар ұсынылуға тиіс.

      Табиғи монополиялар субъектілерін және коммуналдық секторды инфрақұрылымға техникалық қосуға арналған талаптардың толық тізбесі айқындалуға тиіс. Қолжетімді қуат пен қосылу нүктелері ашық қолжетімділікте болуға тиіс. Қызметтер "жалғыз терезе" қағидаты бойынша интеграцияланған цифрлық платформаларды пайдалана отырып, негізінен "Online" арқылы көрсетілуге тиіс.

      Туризм индустриясында ШОК-ты дамыту үшін Қазақстанның ТОП-10 туристік нүктелері үшін көлік және коммуналдық инфрақұрылым салу аяқталуға тиіс.

      Мамандандырылған инфрақұрылымның артықшылықтарын фискалдық ынталандырумен үйлестіретін еркін экономикалық аймақтар орталық мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – ОМО) және/немесе республикалық даму институттарының жауапкершілігінде қала береді.

      ЕАЭО-дағы саудаға тарифтік емес кедергілерді алып тастау бөлігінде қажетті араласу ретінде техникалық реттеуді, энергетикалық саясат пен көлік саясатын "Singlemarket" қағидаты бойынша үндестіру қамтамасыз етілуге тиіс. Бұған қоса, барлық елдерде бағалық бақылау мен бәсекелестікті шектейтін шараларды (мемлекеттік сатып алуға қол жеткізудегі кедергілер мен субсидиялар арқылы) кезең-кезеңімен алып тастау жүргізілуге тиіс, бұл қазақстандық бизнес үшін ЕАЭО нарығын толыққанды ашуға көмектеседі.

      Қазақстан тауарларының ЕАЭО бойынша әріптес елдердің нарықтарына кемсітусіз қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында кедергілерді жою және ЕАЭО ішкі нарығындағы алып қоюлар мен шектеулерді барынша қысқарту бойынша жұмыс жалғасады.

      Формалды әкімшілік бұзушылықтар бөлігінде оның мөлшеріне байланысты бизнеске салынатын жазалардың теңсіздігі жойылуға тиіс, бұл кәсіпорындардың әкімшілік жауапкершіліктің іріленуіне және тиісінше артуына кедергілерді төмендетуге мүмкіндік береді. Мәселен, жол берілген бұзушылық нәтижесінде мүліктік залал болмаған кезде бизнеске, оның мөлшеріне қарамастан, тең мөлшерде айыппұл салынуға тиіс. Материалдық залал болған жағдайда, бизнес сот шешімімен айқындалған көлемдегі шығындарды өтеуге тиіс.

      Бейформалды сектордан формалды секторға көшу үшін жағымды және жағымсыз ынталандыру жүйесін әзірлеу қажет. Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай офисі ("Бизнеске арналған үкімет") қағидаты бойынша мемлекет пен бизнестің жаңа өзара іс-қимыл форматы енгізілуге тиіс. Үкімет ҰКП-мен және жекеше әріптестермен бірлесіп, кәсіпкерлік қызметті әкімшілендіруді, даму құралдарына қол жеткізуді жеңілдететін және кәсіпкерлер үшін транзакциялық шығасыларды төмендететін "Бизнеске арналған үкімет" цифрлық платформасын ұсынады.

      Меншік құқықтарын қорғаудағы іргелі қиындықтарға қарамастан, қысқа мерзімді перспективада ұзақ мерзімді өзгерістердің негізін қалауға барлық қажетті мүмкіндіктер бар.

      Мәселен, жеке меншікке қолсұғылмаушылықты қорғау кепілдігін арттыру үшін Қылмыстық кодекстің барлық баптарынан, егер кәсіпкердің қылмыстық теріс қылығы бюджет қаражатын ұрлауға немесе мемлекеттің мүліктік мүдделеріне тікелей зиян келтіруге байланысты болмаса, мемлекет пайдасы үшін кәсіпкердің мүлкіне тыйым салу түріндегі санкциялар алып тасталуға тиіс.

      Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәдениетті өзгерту және кәсіпкерлікті дамыту үшін сыбайлас жемқорлықтың салдарын азайту үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді саясат жалғастырылуға тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың, заңсыз тексерулер мен алымдардың алдын алу үшін мемлекеттік аппараттың ұзақ мерзімді және орнықты бүкпесіздігі қамтамасыз етілуге тиіс. Ол үшін бизнеспен өзара іс-қимылдың цифрлық форматқа жаппай көшуі және бюрократияның шешімдер қабылдауға тікелей ықпалын болдырмау қажет.

      Мемлекет өзін-өзі реттеу институтын енгізуді қолдауы және оның дамуын, оның ішінде мемлекеттік функцияларды белсенді түрде беру арқылы дамуын ынталандыруға тиіс.

      Салықтық әкімшілендірудің сапасын барынша оңайлату оны жақсартудың негізгі тәсіліне айналуға тиіс.

      Кейіннен қысқарта отырып, арнайы салықтық режимдердің тізбесіне ревизия жүргізілуге тиіс. Ол үшін тиісті органдар әрбір арнайы режимді кәсіпкерлерді "көлеңкеден" шығару және/немесе тең емес бәсекелестік жағдайлар жасау арқылы теріс салдар тұрғысынан оның тиімділігіне талдау және бағалау жүргізуге тиіс.

      3-міндет. Бизнес-ахуал мен бизнес-ортаға әсер ететін кәсіпкерлік қызметті реттеуді дамыту

      Пирамиданың келесі деңгейінде оңтайлы бизнес-ахуал құру мақсатында кәсіпкерлік қызметті реттеуді дамытуға байланысты реформалар қамтылған.

      Реттеушілік практикалар кәсіпкерлікті дамыту үшін артық кедергілер жасамауға, керісінше кәсіпкерлік белсенділікке бағдарланған мінез-құлықты ынталандыруға бағытталуға тиіс.

      ШОК-тың бүкіл өмірлік циклы бойынша кәсіпкерлік белсенділікті реттеу мен көтермелеу арасындағы: бизнеске қарапайым және ыңғайлы кіру, бизнестен шығуды жазаламайтын бизнесті дамыту үшін жағдайлар мен ынталандырулар сияқты оңтайлы теңгерім қамтамасыз етілуге тиіс.

      Транзакциялық шығасыларды азайту, мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауының бүкпесіздігін арттыру және әкімшілік кедергілерді азайту үшін бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылы бойынша "Бизнеске арналған үкімет" цифрлық платформасының мүмкіндіктері барынша пайдаланылуға тиіс. Мемлекет пен кәсіпкер арасындағы өзара іс-қимылды цифрлық форматқа көшіру шаруашылық жүргізуші субъектінің объективті бейінін құру үшін "цифрлық ізді" пайдалануға мүмкіндік береді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің цифрлық бейіндері скоринг алгоритмдерінде құрылған рейтингтік жүйенің негізі болады. Шаруашылық жүргізуші субъектінің рейтингі ШОК-ты дамытудың мемлекеттік жүйесінің құралдарын ұсыну туралы шешім қабылдау кезінде негізгі өлшемшарт болады. Скорингтің негізіне алынған факторлар объективті болуға және шаруашылық жүргізуші субъектінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі негізінде мемлекеттік деректер базасынан алынуға тиіс.

      Мұндай тәсіл кәсіпкер мен мемлекет арасында тұрақты кері байланысты қамтамасыз етуге, нысаналы топтарды бөліп алу үшін тиімді "өзара қарым-қатынастарды басқару моделін" (CRM типі бойынша) құруға мүмкіндік береді, мемлекеттік қолдау құралдары мен шараларының атаулы болуын жүйеге келтіруге және арттыруға, ШОК субъектілеріне тікелей мемлекеттік интервенциялар шарттарын бүкпесіз етуге, тәуекелдерді басқару жүйесін ендіруге және бизнеске бақылау жүктемесін төмендетуге көмектеседі.

      "Жаңа мүмкіндік алу құқығы" тәсілі іске асырылуға тиіс. Экономикалық белсенділікпен және ықтимал сәтсіздіктермен тығыз байланысты болатын кәсіпкерлік тәуекелді тарату және қабылдау мінез-құлқын дамытуға ерекше назар аударылуға тиіс. ШОК үшін бизнестен шығуға айтарлықтай кедергілер туындататын ағымдағы реттеу және құқық қолдану практикасы сәтсіздіктерді жазалау және кәсіпкерлік қызметке оралуға кедергі келтіру арқылы кәсіпкерліктің дамуын тежейді.

      Бизнестен шығу кезіндегі негізгі кедергі салықтық әкімшілендіруге байланысты екенін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне шағын бизнес субъектілерін салықтық әкімшілендіруге байланысты қызметті тоқтату рәсімдері бойынша ДК үшін көзделгендей өзгерістер (мемлекеттік қолдау өлшемшарттары бойынша) енгізілуге тиіс. Бұдан кейін мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимыл жүйесінің дамуына қарай талап қою мерзімінің ескіру кезеңіне сәйкес келетін алдыңғы кезең ішінде тәуекел аймағынан тыс болатын барлық компаниялардың жеке салық аудиторларының оң қорытындысы негізінде өз қызметін тоқтатуға құқығы болуға тиіс.

      Бұдан басқа, мемлекет бизнесті жүргізуге тікелей байланысты әкімшілік кедергілерді алып тастау бойынша шаралар қолданатын болады.

      Мәселен, рұқсат беру құжаттары арасынан мемлекеттік лицензиялар қолданылуға тиіс. Барлық басқа қалған рұқсаттар жойылады, оның орнына бизнестің есептілігі, ерікті негізде қызметті талдау енгізіледі.

      Есептілікті автоматтандыруды және цифрландыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады. Орталық мемлекеттік органдар кейіннен барлық ақпараттық құралдарды автоматтандыру мақсатында қолданыстағы жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер шеңберінде есептілікті не өзге де ақпаратты беру рәсімдерін автоматтандыруды енгізу мүмкіндігін талдау бойынша жұмыс жүргізуі қажет.

      ШОК-тың қаржыға қол жеткізуін ұлғайту мақсатында ШОК-ты қаржыландыру бойынша қаржы секторын ынталандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен қаржы нарығын реттеушілер келісілген іс-қимыл жасауға қамдануы тиіс.

      ШОК-қа кредит беру үшін ынталандыру жүйесі құрылуға тиіс. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – ҚНРДА) кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беруді ынталандыру мақсатында жекелеген пруденциалдық реттеу талаптарын өзгерту жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

      Бұған қосымша, ҚНРДА факторинг және лизингтік қаржыландыру, синдикатталған қаржыландыру түрінде баламалы қаржы құралдарын дамыту бойынша шаралар қабылдайды. Бұл құралдарды дамыту кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландыру қолжетімділігін арттыруға, қарыз алушылардың қаржылық көрсеткіштерін жақсартуға және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

      Микроқаржы ұйымдарын микро- және шағын бизнеске кредит беруге тарту үшін жағдай жасалуға тиіс. ҚНРДА тарту үшін ынталандыру құралдарын жасауға, ал Қазақстан Республикасының Үкіметі ҰКП-мен бірлесіп, бизнес-субъектілерге кредит беруге құқығы бар коммерциялық банктердің бөлімшелері жоқ аумақтарда ШОК-қа кредит беру үшін МҚҰ желісін дамытуды қамтамасыз етуге тиіс.

      Ашық және объективті рейтингтер мен өлшемшарттар негізінде цифрлық шешімдерді пайдалану арқылы ШОК субъектілерінің қарыздар бойынша сыйақыны субсидиялауға қол жеткізуі бойынша тең бәсекелестік алаңы құрылуға тиіс.

      ҚНРДА қаржы институттары мен рейтингтік сервистердің кең ауқымының қаржылық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге тиіс. Ұлттық Банктің экономиканы қолдаудың барлық бағдарламаларынан шығуын ескере отырып, 2023 жылдан бастап сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау алып тасталып (субсидиялау бойынша қабылданған міндеттемелер орындалып), нарықтық мөлшерлемелерге біртіндеп көшу басталады. Босайтын қаражат гранттық қаржыландыруға, экспорттық қаржыландыруға, қор нарығында қаражат тарту жөніндегі шығыстарды өтеуге, мамандандырылған инфрақұрылымды, кәсіпкерлік экожүйелерді дамытуға, оқытуға және бизнес құзыреттерін арттыруға бағытталуға тиіс.

      Экспортты әртараптандыру және импортқа тәуелділікті азайту жөніндегі мақсаттарға қол жеткізілуіне қарай Ұлттық Банк 2023 жылдан бастап 2025 жылға қарай Қазақстан экономикасын кредиттеудің нарықтық қағидаттарына толық көшуді аяқтай отырып, экономиканы қолдайтын мемлекеттік бағдарламаларға қатысуын біртіндеп тоқтата бастайды.

      Бәсекеге қабілетті ШОК субъектілері үшін капитал нарығына қолжетімділік қамтамасыз етілуге тиіс. Ұлттық экономика министрлігі, ҚНРДА мүдделі мемлекеттік органдармен, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамымен және "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамымен бірлесіп, қор нарығына орташа капиталдануы бар компанияларды тарту үшін ынталандыру шаралары топтамасын пысықтауда. Үкімет ШОК-тың қор нарығына шығу, инвесторлар үшін сапалы сараптаманы сүйемелдеу және беру жөніндегі шығыстарын өтеуді ұсынуға тиіс, бұл эмитенттер арасында бағалы қағаздарды шығару және орналастыру шығасыларын азайтады. Орта бизнес субъектілері инвесторлар үшін кепілдіксіз тәуекелді болып көрінетін жобаларға облигациялық қарыздар бойынша кепілдіктер беру нысанында мемлекеттік даму шараларының жаңа құралдарын пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Даму институттары кепілдіктерді негізгі борыш және (немесе) купондық сыйақы сомасына бере алады. Мемлекеттік инвестициялардың қайтарымдылығы мақсатында қор нарығына шығу жөніндегі қарсы міндеттеме қойылуы мүмкін компанияларды дамытуға арналған шаралар топтамасы айқындалуға тиіс. Тәуекелді қаржыландыру жүйесі одан әрі дамытылуға тиіс. АХҚО өзінің инфрақұрылымын және жеке венчурлік капиталды тарту мүмкіндіктерін ұсынуға тиіс. Ғылым және ғылыми-технологиялық даму саласындағы саясатта жаңа технологияларды коммерцияландыру мен олардың трансфертін қаржылық және қаржылық емес қолдау көзделуге тиіс. Ғылыми-зерттеу жобаларына гранттар беру және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру кезінде бірлесіп қаржыландыру тетігі арқылы өндіріспен байланыс қамтамасыз етілуге тиіс.

      Ғылым және ғылыми-технологиялық даму саласындағы мемлекеттік саясат экспорттық әлеуеті жоғары немесе ішкі нарықта, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс/сатып алу арқылы қажеттілікке ие отандық технологияларды әзірлеу және/немесе шетелдік технологияларды оқшаулау үшін сұраныс жасауға бағытталуға тиіс.

      Мемлекеттік сыртқы сауда саясаты, өнеркәсіптік саясат пен техникалық реттеу саясаты қазақстандық ШОК-ты интернационалдандыруға бағытталуға тиіс. Орталық Азия мен ЕАЭО нарығы – қазақстандық өндірушілердің өнімдерін ілгерілететін шешуші нарық. Кросс-шекаралық инвестицияларды ынталандыру, ел арасындағы кооперацияны дамыту мен кросс- және трансшекаралық нарықтарды ашу үшін түсінікті және бүкпесіз техникалық реттеу мен стандарттау саясаты енгізілуге тиіс.

      Ұлттық цифрлық маркетплейстерді құру үшін ынталандырулар, қазақстандық ШОК-тың халықаралық цифрлық маркетплейстерге кіруі үшін шаралар мен құралдар ұсынылуға тиіс.

      ШОК-ты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясат кәсіпкерлер арасындағы фирмааралық және кооперациялық байланыстарды, коллаборациялар мен әлеуметтік байланыстарды қалыптастыруға ерекше назар аударуға тиіс. Әртүрлі ШОК арасындағы деңгейлес байланыстар мен ірі компаниялар мен ШОК арасындағы сатылас байланыстар еңбек бөлінісі, үйлестіру, бәсекелестік және оқыту арқылы еңбек өнімділігінің тиімділігін арттыруға, оның өсуіне және бизнесті дамытуға ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен кәсіпкерлер арасындағы байланыстар ақпаратқа, қаржыландыруға қол жеткізуді, сондай-ақ эмоционалдық және тәлімгерлік қолдауды ұсына алады. Желілердің кәсіпорындардың көбеюі мен оларды жаңғыртуға әсер етуі үшін белгілі бір жағдайлар жасалуға тиіс. Кәсіпкерлік экожүйелерді ұйымдастырудың және дамытудың ең жақсы тәсілі ірі компаниялар айналасындағы салалық қауымдастықтар, кластерлік бастамалар мен экожүйелер болып табылады.

      Кластерлік бастамаларды құру және дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылуға тиіс. Кластерлік бастамаларды дамыту үшін арнайы қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары көзделуге тиіс. Фирмааралық байланыстар мен коллаборацияны дамытуға, ортақ пайдаланылатын көрсетілетін қызметтерді берушілерді, технологиялардың трансферті жүйесін дамытуға және кластерлік бастамаға қатысушылар тарапынан қоса қаржыландыру болған жағдайда, үздік практикалар мен кооперациялау және өзара іс-қимыл жөніндегі басқа да шешімдерді қолдануға қажетті "жұмсақ" инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылады. ШОК-тың инновациялық әлеуетін арттыру үшін инновацияларды тарату, оқыту, сапаны басқару, нарыққа (оның ішінде сыртқы нарыққа) қол жеткізуді қамтамасыз ету және тәуекелдерді азайту жөніндегі платформалар мен институттар инвестициялық қолдау табады. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің кооперациясын дамытуды ынталандыру жөніндегі тетіктер – өңірлік азық-түлік хабтары енгізілуге тиіс. Бұл ауқым әсеріне қол жеткізуге, олардың келіссөз күшін ұлғайтуға және құн жасау тізбегінде ұтымды жайғасымды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      ШОК-та инновациялар мен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) өсуі және оларды ынталандыру үшін ғылыми-қолданбалы зерттеулерге арналған заманауи инфрақұрылым жасалуға тиіс. Технологиялық дамудың түйінді бағыттары бойынша ұлттық ғылыми-зерттеу орталықтары желісін (зертханаларды) дамыту үшін кәсіпкерлерге ынталандырулар ұсынылуға тиіс. Технологиялар сараптамасын, консультациялық көрсетілетін қызметтерді және алдын ала мақұлданған технологиялық шешімдерді қалыптастыруды қоса алғанда, сараптамалық сүйемелдеуге бағытталған ғылым мен ғылыми-технологиялық даму саласындағы саясат қалыптастырылып, іске асырылуға тиіс.

      Үкімет кәсіпкерлікті қолдау орталықтары мен инкубаторлар желісінде бизнесті дамыту жөніндегі консультанттар мен бизнес-тренерлердің тұрақты кәсіби дамуына инвестиция салады. Ол үшін серіктестер санын арттыру және географиясын кеңейту есебінен ШОК басшыларын даярлаудың оқыту бағдарламаларына және "Іскерлік байланыстар" бағдарламаларына қатысушылар саны кеңейтілуге тиіс.

      Бизнесті диагностикалау үшін жаңа құралдарды құруға және қолданыстағыларын дамытуға ынталандырулар ұсынылуға тиіс. Бұл құралдарды кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарындағы консультанттар пайдалануға және ШОК үшін өзіндік диагностика жүргізіп, онлайн ұсынымдар алуына мүмкіндіктер ұсынылуға тиіс.

      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі – ӘКК) трансформациялау арқылы әрбір өңірде жұмыс істейтін кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік институттары құрылады. ӘКК кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау жөніндегі негізгі құралға айналады.

      Өңірлік даму институттарының жауапкершілік аймағына мынадай:

      1) өңірде инвестицияларды көтермелеу;

      2) өңірде өндірілетін өнімді өңірден тыс жерлерге және экспортқа өткізуді ұлғайтуды көтермелеу;

      3) ірі компаниялар мен ШОК арасындағы сатылас байланыстарды дамыту және кеңейту;

      4) жергілікті өнім берушілердің құзыреттерін дамыту;

      5) индустриялық аймақтарды және бизнесті дамытуға арналған басқа да алаңдарды дамыту функцияларын орындау арқылы өңірлік кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу кіреді.

      ӘКК-ні өңірлік даму институттарына трансформациялау жөніндегі шараларды көздейтін және осы саладағы бар проблемаларды жеткілікті пысықтауды қамтамасыз ететін жол картасы әзірленуге тиіс.

      Бұл ретте өңірлік институттар экономиканың барлық секторларында өңірде жұмыс істейтін ірі компаниялармен әріптестікте келісімшарт жасасу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тиіс.

      4-міндет. Мемлекеттік қолдау шаралары құрылымының тиімділігін қамтамасыз ету

      Пирамиданың қорытынды деңгейінде мемлекеттік қолдау шараларының тиімді құрылымын қамтамасыз етуге байланысты реформалар қамтылған.

      ШОК субъектісінің санатына, оның салық төлемдері серпініне, өмірлік цикл сатысына және даму әлеуетіне байланыстыра отырып, ШОК-ты дамытуды ынталандырудың құралдары мен мемлекеттік шаралардың қолжетімділігіне саралау жүргізілуге тиіс.

      "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысының (бұдан әрі – қаулы) шеңберінде "Мен – Кәсіпкер" бағыты көзделетін болады. Жұмыс істеп жүрген және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін барлық қаржылық емес қолдаудың мемлекеттік шаралары мен құралдары: бизнес-инкубаторлар мен акселераторлар, микроқаржы ұйымдарының гранттары мен қарыздары қолжетімді болады.

      Бұдан басқа, кәсіпкерлердің осы топтары үшін квоталар шеңберінде қаржылық емес, инфрақұрылымдық және қаржы құралдарынан арнайы топтамалар әзірленеді.

      Бұл бағытта микроқаржы ұйымдарының гранттары мен қарыздарын қаржылық қолдау топтамасында оқыту және консультация беру арқылы әйелдерді, жастарды және әлеуметтік кәсіпкерлерді қоса алғанда, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің барлық топтарының құзыреттері мен әлеуетін дамытуға баса назар аударылуға тиіс. Сондай-ақ осы бағытта мемлекеттік шаралар мен құралдарды ұсыну арқылы кәсіпкерлік экожүйелерді дамытуды қамтитын мынадай шаралар көзделеді:

      1) кәсіпкерлікті ақпараттық қолдау;

      2) мамандандырылған инфрақұрылымды дамыту;

      3) келісімшарт жасасу орталықтарын дамыту;

      4) оқыту орталықтарын дамыту;

      5) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау және сүйемелдеу үшін кәсіби бизнес-тренерлер, менторлар мен консультанттар жүйесін дамыту.

      Бұдан басқа, қаулы шеңберінде "Бәсекеге қолжетімділік" бағыты көзделетін болады, онда:

      1) компанияның меншік иелері мен басшыларын оқыту арқылы құзыреттерді дамытуға;

      2) тартылған білікті консультанттардың, оның ішінде шетелдік сарапшылардың көмегімен компанияның ұйымдастырушылық, өндірістік және инновациялық әлеуетін іске асыруға;

      3) бірінші санаттағы мамандандырылған инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

      4) инновациялық гранттар беру арқылы технологияларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

      5) кепілдендірілген тапсырыстар арқылы ішкі нарыққа қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

      6) субсидиялар мен жеңілдікті кредит беруді қоса алғанда, экспортты қолдау арқылы сыртқы нарықтарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралар мен құралдарды қамтитын, бизнестің қарсы міндеттемелері қағидатында қалыптастырылған, жедел өсіп келе жатқан ШОК-қа арналған шешімдер топтамасы ұсынылатын болады.

      Мемлекеттік шаралар мен құралдар топтамасының, бизнес міндеттемелерінің нақты дизайны кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мамандандырылған қордың қатысуымен жеке айқындалатын болады.

      Мемлекеттік интервенцияларды алу кезінде:

      соңғы 3 жыл ішінде жылдық айналым мен жиынтық салықтық аударымдардың өсімі тіркелген;

      құрылған жұмыс орындарының 80 %-ы сапалы болып табылатын;

      тауарлары мен көрсетілетін қызметтері Қазақстанда өзі тұрақты тіркелген елді мекеннен тыс жерлерде де, сол сияқты экспортқа да өткізілетін, жылдам өсіп келе жатқан және бәсекеге қабілетті шағын және орта кәсіпорындар басымдықта болуға тиіс.

      Мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қағидаларға, үлгі шарттарға мемлекеттік қолдау алушының мемлекеттік аудит органдарына берген банктік құпияны ашуға келісімінің болуын көздейтін тиісті нормаларды енгізу арқылы мемлекеттік аудит органдарының банктік құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігін ашу қажет. Бұл ретте осы шарт мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың барлық деңгейлерінде қамтамасыз етілуге тиіс.

      Мемлекеттік қолдау шараларының операторлары мемлекеттік қолдау шараларын алушылар туралы ақпаратты ашу туралы үлгі шарттарды әзірлеу және бекіту бөлігінде қаражат беру бойынша қаржылық операциялардың бүкпесіздігін арттыру жөніндегі түбегейлі шараларды қабылдауға тиіс.

      ШОК-ты дамытуды ынталандырудың мемлекеттік шаралары топтарының арасында республикалық бюджет қаражатын бөлу олардың қызмет ету географиясына қарамастан, кәсіпкерлердің кең ауқымы үшін қаржылық емес және инфрақұрылымдық шаралардың қолжетімділігін арттыруға бағытталатын болады. ШОК-ты дамытуға бөлінетін жалпы бюджет құрылымында қаржылық емес шаралардың үлесі кемінде 30 %-ды, инфрақұрылымдық шаралардың үлесі кемінде 20 %-ды құрайтын болады.

      Мамандандырылған инфрақұрылымды және өңірлік кәсіпкерлік экожүйелерді дамытуға бөлінетін республикалық бюджет ресурстары өңірлер арасында өңірлік теңдестіру қағидаты бойынша бөлінуге тиіс. Бұл жергілікті бюджет кірістерінде бюджеттік қамтамасыз етілуі төмен және ШОК-тан түсетін салықтар үлесі төмен әлсіз өңірлердің республикалық бюджет қаражатын Қазақстан Республикасын кеңістікте дамытудың басымдықтары ескеріле отырып, ШОК-ты дамытуды ынталандырудың қаржылық емес және инфрақұрылымдық шараларын іске асыруға бөлу кезінде басымдыққа ие болатынын білдіреді.

      Тікелей қаржылық шаралар Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді болады. ШОК-ты дамытуды ынталандырудың мемлекеттік шараларының жалпы бюджетіндегі қаржылық шаралардың үлесі 50 %-ға дейінгі үлесті құрайды.

      Тәсілдер орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен өңірлік кәсіпкерлікті дамыту институты арасындағы ШОК-ты дамытудағы өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөлу арқылы іске асырылатын болады.

      Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуетті инвесторлар, әріптестер, орталық және/немесе жергілікті мемлекеттік органдар бастама жасаған инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде өңірлік даму институттары үшін олардың жобадағы үлесін әлеуетті инвесторлардың мемлекеттік органдармен жасалған инвестициялық келісімдері (меморандумдары), шарттары мен келісімшарттары немесе жобаға қатысушылар арасында тәуелсіз бағалау компаниясы айқындаған нарықтық құны бойынша жасалған шарттар (келісімдер) негізінде іске асыру мүмкіндігі көзделуге тиіс.

6-бөлім. Нысаналы индикаторлар мен күтілетін нәтижелер 1-тарау. Түпкілікті нәтижелер

      Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі түпкілікті нәтижелері мынадай индикаторлар болуға тиіс:


Р/с

Индикатор

Нысаналы мәні

2025 ж.

2030 ж.

1

ЖІӨ-дегі ШОК үлесі

35 %

40 %

2

ЖІӨ-дегі орташа компаниялардың үлесі

15 %

20 %

3

ЖІӨ-дегі бақыланбайтын экономиканың үлесі

15 %

12 %

2-тарау. 2030 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін нәтижелер

Р/с

Күтілетін нәтиже

Нысаналы мәні

2025 ж.

2030 ж.

1

2

3

4

1

Қазақстан Республикасының экономикалық еркіндіктер индексіндегі балы

-

-

2

Қазақстан Республикасының Business Freedom саласындағы экономикалық еркіндіктер индексіндегі балы

81

87

3

Қазақстан Республикасының Monetary Freedom саласындағы экономикалық еркіндіктер индексіндегі балы

76

82

4

Қазақстан Республикасының Trade Freedom саласындағы экономикалық еркіндіктер индексіндегі балы

75

82

5

Қазақстан Республикасының Investment Freedom саласындағы экономикалық еркіндіктер индексіндегі балы

62

72

6

Орта кәсіпорындарда орташа нақты еңбек өнімділігінің өсуі (1 кәсіпорынға есептегенде), 2020 жылға қарай

35 %-ға

50 %-ға

7

Орта кәсіпорындардағы жұмыспен қамтылу (млн адам)

4

5

8

Барлық кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі капиталына инвестициялардың жалпы көлеміндегі орта кәсіпорындардың негізгі капиталына инвестициялардың үлесі

13 %

15 %

  Қазақстан Республикасында
шағын және орта кәсіпкерлікті
дамытудың 2030 жылға дейінгі
тұжырымдамасына
қосымша

Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Р/с

Түйінді реформалар және негізгі іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Аяқтау мерзімі

Жауапты орындаушылар



1 2 3 4 5

1-бағыт. Институционалдық шаралар және адами капиталды дамыту
1-нысаналы индикатор. ЖІӨ-дегі ШОК үлесі = 40 % (2022 ж. – 33 %, 2023 ж. – 33,5 %, 2024 ж. – 34 %, 2025 ж. – 35 %, 2026 ж. – 36 %, 2027 ж. – 36,5 %, 2028 ж. – 37 %, 2029 ж. – 38, 5 %, 2030 ж. – 40 %)

1.

Дара кәсіпкерлер үшін көзделген қызметті тоқтату тәртібін шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қолдану

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2024 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ, Қаржымині

2.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін "Бизнеске арналған үкімет" порталымен интеграциялау

ҮА-ге ақпарат

2025 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ, ҰКП
(келісу бойынша), "Қазақтелеком" АҚ (келісу бойынша), "QazInnovations" ИДҰА" АҚ,
мүдделі МО

3.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатуды регламенттеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2024 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ

4.

Сауда-саттыққа міндетті түрде шығарылатын электр энергиясын өткізу көлемі үшін шекті тарифтер шеңберінде бағалық реттеуді алып тастау

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2022 жылғы
IV тоқсан

БҚДА (келісу бойынша), ЭМ

5.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу арқылы орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын өткізу жөніндегі міндетті сақтамағаны үшін энергия өндіруші ұйымдардың жауапкершілігін бекіту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2022 жылғы
IV тоқсан

БҚДА (келісу бойынша), ЭМ

6.

Электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге (электрмен жабдықтауға) шекті бағаларды тұтынушылар топтары бойынша саралау талаптарын қайта қарау

ҰЭМ бұйрығы

2022 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ, БҚДА (келісу бойынша)

7.

Тұтынушылар топтары арасында электр энергиясымен жабдықтау қызметтері тарифтерінің айырмасын кезең-кезеңімен қысқарту және оларды саралауды алып тастау

ҮА-ге ақпарат

2025 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ, БҚДА (келісу бойынша)

8.

Сауда-саттыққа шығарылатын электр энергиясы көлемінің мөлшерін белгілеу және тиісті шараларды нақтылау

ЭМ бұйрығы

2022 жылғы
IV тоқсан

ЭМ, БҚДА (келісу бойынша)

9.

Сұйытылған мұнай газын жалпы өткізу көлемінен тауар биржалары және электрондық сауда алаңдары арқылы өткізу үлесін ұлғайту

ҮА-ге ақпарат

2025 жылғы
IV тоқсан

СИМ, ЭМ, БҚДА (келісу бойынша)

10.

Бензинді, дизель отынын, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды және битумды жалпы өткізу көлемінен тауар биржалары арқылы өткізу үлесін ұлғайту

ҮА-ге ақпарат

2025 жылғы
IV тоқсан

СИМ, ЭМ, БҚДА (келісу бойынша)

11.

Көмірді жалпы өндіру көлемінен тауар биржалары арқылы тікелей өңірлік тұйықтарға өткізу үлесін ұлғайту

ҮА-ге ақпарат

2025 жылғы
IV тоқсан

СИМ, ИИДМ, БҚДА (келісу бойынша)

12.

Электр энергиясын жеткізушіні ауыстыру үшін онлайн цифрлық платформаны (market place) ендіру

ҮА-ге ақпарат

2025 жылғы
IV тоқсан

БҚДА (келісу бойынша), ЭМ, "ӘҚРҚО" АҚ (келісу бойынша)

13.

"Бірыңғай операторлардың" кейбір институттарын тарату

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2025 жылғы
IV тоқсан

БҚДА (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині

14.

Жекешелендіру жоспарын толықтыру, мемлекеттің жекелеген бейіндік активтерін сату, қызмет түрлерін қысқарту тұрғысынан секторалдық талдау жүргізу

ҮА-ге ақпарат

2025 жылғы
IV тоқсан

БҚДА (келісу бойынша)

15.

Секторалдық талдаудың қорытындылары бойынша жекешелендірудің жоспарына толықтырулар енгізу

ҮА-ге ақпарат

2025 жылғы
IV тоқсан

БҚДА (келісу бойынша), ҰЭМ

16.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен университеттер үшін, оның ішінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу үшін бизнес-инкубаторлар мен технопарктер құру және дамыту жөніндегі МЖӘ тетігі мен құралдарын пайдалана отырып ынталандырулар жасау, тәжірибелік үлгілер, прототиптер немесе пайдалы модельдер жасау, жоғары технологиялық стартаптар үшін өз өнімінің шағын сериялы партияларын шығару

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2022 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ

17.

Ғылыми-зерттеу жобаларына гранттар беру кезінде өндіріспен байланысты қамтамасыз ету және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін қоса қаржыландыру тетігін ендіру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2022 жылғы
IV тоқсан

Қаржымині, ЦДИАӨМ

18.

Кластерлерді дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу

ПМК-ге ақпарат

2022 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ

19.

Ірі кәсіпорындардың жұмыс істеп тұрған келісімшарт жасасу орталықтарын дамыту және жаңаларын құру бойынша ұсынымдар тұжырымдау

ПМК-ге ақпарат

2022 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ, ИИДМ, АШМ, ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

20.

Облигациялар бойынша кепілдіктер беру тетігін жетілдіру және ШОК-тың борыштық бағалы қағаздары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау өлшемшарттарын қайта қарау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2022 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ, "Даму" КДҚ (келісу бойынша), ҚДБ (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша), KASE (келісу бойынша)

21.

ӘКК толыққанды өңірлік даму институттарына айналдыру арқылы оның қызметін жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасының тұжырымдама жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдама жобасы

2022 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ

22.

Жоғары оқу орындары мен кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарын студенттік бизнес-инкубаторларда және студенттік кәсіпкерлік клубтарында түлектердің стартаптарын қолдау үшін кәсіпкерлікті оқытудың сыныптан тыс қосымша бағдарламаларын көтермелеу үшін ынталандырулар енгізу

ҮА-ге ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

ҒЖБМ, ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша)

23.

Серіктестер санын ұлғайту және географиясын кеңейту есебінен ШОК басшыларын даярлаудың оқыту бағдарламаларына және "Іскерлік байланыстар" бағдарламаларына қатысушылардың санын кеңейту

ҮА-ге ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ

24.

Барлық ақпараттық құралдарды кейіннен автоматтандыру мақсатында қолданыстағы жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер шеңберінде есептілік ұсыну рәсімдерін немесе басқа ақпаратты автоматтандыруды енгізу мүмкіндігіне талдау жүргізу

ПМК-ге ақпарат

2022 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ, ЦДИАӨМ, БҚДА (келісу бойынша), мүдделі МО

25.

Тауар нарықтарының шоғырлануын төмендетуге, нарыққа жаңа қатысушылардың пайда болуына, баға бәсекелестігін арттыруға, операторларды қысқартуға жағдайлар жасау үшін арнайы құқықтары бар монополиялық тауар нарықтарына, монополиялық топтар мен операторларға кешенді талдау жүргізу

ПМК-ге ақпарат

2022 жылғы
IV тоқсан

БҚДА (келісу бойынша), мүдделі МО

2-бағыт. Орта компаниялардың өсуіне ынталандыру жасау
2-нысаналы индикатор. ЖІӨ-дегі орта компаниялардың үлесі = 20 % (2022 ж. – 8 %, 2023 ж. – 8,5 %, 2024 ж. – 11 %, 2025 ж. – 15 % 2026 ж. – 16 %, 2027 ж. – 16,5 %, 2028 ж. – 18 %, 2029 ж. – 19 %, 2030 ж. – 20 %)

26.

Формалды емес мүлікті және меншік құқықтарын формалдандыру тетігін әзірлеу

ҮА-ге ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ, АХҚО (келісу бойынша)

27.

Қазақстандық қор нарығында инвесторлардың кең ауқымды ортасы айналасында жария орналастыруды жүзеге асырған компанияларға сараланған салық салуды енгізу

ПМК-ге ақпарат

2022 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ, Қаржымині

28.

Ашық және объективті рейтингтер мен өлшемшарттар негізінде цифрлық шешімдерді пайдалану арқылы ШОК субъектілері үшін қаржы құралдарына қол жеткізу бойынша тең бәсекелес алаң құру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2023 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ

29.

"ШОК субъектілерімен өзара қарым-қатынастарды басқару және олардың парасаттылық пен сенімділік рейтингін қалыптастыру" модулін құру және мемлекеттік цифрлық архитектураға интеграциялау және оны "Бизнеске арналған үкімет" порталымен интеграциялау

ПМК-ге ақпарат

2022 жылғы IV тоқсан

ҰЭМ, ЦДИАӨМ, ҰКП (келісу бойынша)

30.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен ШОК-ты мемлекеттік қолдау шараларынан "Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту" құралын алып тастау және босаған ресурстарды "Индустриялық аймақтарды дамыту" құралына ауыстыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2023 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ

31.

Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізу

ҚНРДА басқармасының қаулысы

2022 жылғы
IV тоқсан

ҚНРДА (келісу бойынша)

32.

Тез өсіп келе жатқан бәсекеге қабілетті субъектілердің мүддесі үшін ШОК субъектілеріне тікелей қаржылық қолдаудың барлық түрлерін көрсету қағидаларын өзгерту

ПМК-ге ақпарат

2022 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ

33.

"Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
31 желтоқсандағы № 1060 қаулысының шеңберінде тез өсіп келе жатқан және бәсекеге қабілетті ШОК үшін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бойынша "Бәсекеге қабілеттілік" жаңа бағытын енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2023 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ, "Даму" КДҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

3-бағыт. ШОК-тағы көлеңкелі секторды қысқарту.
3-нысаналы индикатор. ЖІӨ-дегі бақыланбайтын экономиканың үлесі = 12 % (2022 ж. – 23 %, 2023 ж. – 21 %, 2024 ж. – 18 %, 2025 ж. – 15 %, 2026 ж. – 14,5 %, 2027 ж. – 14 %, 2028 ж. – 13,8 %, 2029 ж. – 13 %, 2030 ж. – 12 %)

34.

Арнайы салық режимдерінің орындылығын тексеру қорытындылары бойынша заңнамалық тұрғыдан қысқарту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2023 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ, Қаржымині, ҰКП (келісу бойынша)

35.

Үкіметтің актілеріне мемлекеттік қолдау шараларын алуы кезінде адамдардың мемлекеттік аудит органдарына банктік құпияны ашуға келісім беруі бөлігінде өзгерістер енгізу

ПМК-ге ақпарат

2022 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ, мүдделі МО, ҰКП (келісу бойынша)

36.

Ұлттық цифрлық маркетплейстерді құру және қазақстандық ШОК-тың халықаралық цифрлық маркетплейстерге кіруі үшін ынталандырулар ұсыну

ПМК-ге ақпарат

2022 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ

37.

"Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
31 желтоқсандағы № 1060 қаулысының шеңберінде ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдаудың қаржылық емес шараларын көрсету бойынша "Мен – Кәсіпкер" жаңа бағытын енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2022 жылғы
IV тоқсан

ҰЭМ, Еңбекмині, ҰКП (келісу бойынша)


      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АХҚО – "Астана" халықаралық қаржы орталығы;

      ӘКК – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар;

      "ӘҚРҚО" АҚ – "Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы" акционерлік қоғамы;

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      БҚДА – Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі;

      "Даму" КДҚ – "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      ЖІӨ – жалпы ішкі өнім;

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      ҚДБ – "Қазақстанның Даму банкі" акционерлік қоғамы;

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;

      МЖӘ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік;

      МО – мемлекеттік органдар;

      ҮА – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы;

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;

      ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      ШОК – шағын және орта кәсіпкерлік;

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      "QazInnovations" ИДҰА" АҚ – "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамы;

      KASE – "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы.