"Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 182 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекет білім алу кезеңінде:

      1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2) интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп және (немесе) оқып жүрген даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балаларға;

      3) кәмелетке толмағандарды бейімдеу және өмірде қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балаларға әлеуметтік көмекке арналған шығыстарды толық қамтамасыз етеді.";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекет білім алу кезеңінде:

      1) көп балалы отбасылардан шыққан балаларға;

      2) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;

      3) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балаларға;

      4) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп және оқып жүрген балаларға;

      5) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілеріне;

      6) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша үйде немесе стационарлық жағдайларда медициналық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда ұзақ уақыт оқитын балаларға;

      7) "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттерге;

      8) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге;

      9) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге санаттағы азаматтарға арналған шығыстарды ішінара өтейді.

      Мемлекет осы Қағидалардың 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген санаттағы азаматтарға тамағы үшін тамақ құнының 80 пайызы мөлшерінде (20 пайызы ата-аналардың төлемі есебінен жабылады) шығыстарды өтейді.

      Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі, баланы қабылдайтын отбасылардағы адамдардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде жетім балаларға арналған күндізгі рацион құнының 40 пайызы есебі республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен тегін ыстық тамақтануға құқығы бар.

      Осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет тамақтану құнының 100 пайызы мөлшерінде ыстық тамаққа кететін шығыстарды өтейді.

      Осы Қағидалардың 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет ыстық тамаққа кететін шығыстарды жергілікті бюджеттер есебінен жетім балаларға арналған күндізгі рацион құнының 40 пайызы есебімен өтейді.

      Тамақтануға кететін шығыстар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толықтай жергілікті бюджеттер есебінен жабылуы мүмкін.

      Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек берудің мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне сәйкес мектепте бір рет тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген, шет елдердің техникалық және кәсіптік, жоғары оқу білім беру ұйымдарында оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмекті осы мемлекеттік орган көрсетеді.

      6. Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмекті білім беру ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мынадай растаушы құжаттардың бірімен қоса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толған балалардың, ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің еркін нысандағы жазбаша өтінішімен жүзеге асырады:

      1) көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі;

      2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – қорғаншылықты (қамқоршылықты) бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге немесе баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың көшірмелері;

      4) мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін – мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі;

      5) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

      6) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алынған табыстар туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс);

      7) 5-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін – оқу орнына қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі.

      Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы табыстар сомасын жыл басынан бастап әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат тағайындау үшін өтініш берген сәтке дейінгі барлық айларға (өтініш берген айды қоса алғанда) және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен айқындалады.

      Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеу кезінде отбасының құрамында ата-аналары (өзге заңды өкiлдерi) және олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған балалар ескеріледі.

      Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын отбасылардан шыққан балалар үшін білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек алу құқығы жыл сайын осы Қағидалардың 6-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес білім беру ұйымына құжаттарды ұсыну арқылы расталуға тиіс.

      7. Білім беру ұйымы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы қажетті құжаттармен бірге өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оларды қарайды және әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, білім беру ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымының басшысы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға каникул кезеңінде білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдардың қаражаты есебінен олар тәрбиеленген ұйымдар мен отбасыларға жол жүруін, тәуліктік шығыстарды заңнамада белгіленген тәртіппен қаржыландыруды;

      2) каникул кезеңінде ұйымдастырылған демалыс орындарына бармайтын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан білім алушыларға тамақтануға арналған тәуліктік норма құнының шегінде қолма-қол ақша бөлуді жүзеге асырады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтардың шығындарын білім беру саласындағы уәкілетті орган не бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтінімдері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.".

      Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне 2, 4, 6 және 8-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 182 қаулысына
1-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек
беру мөлшеріне, көздеріне
және түрлеріне
2-қосымша

Мемлекеттік техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында (түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) білім алатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары

Атауы

Өлшем бірлігі

Беру нормасы

Киілу мерзімі (жыл)

ер балалар үшін

қыз балалар үшін

1

2

3

4

5

Киім-кешек

Жылы күрте

дана

1

1

2

Жасөспірімдердің жүннен тігілген үштік костюмі

жиынтық

1

-

2

Қыздардың жүннен тігілген үштік костюмі

-

-

1

2

Қыздардың блузкасы

дана

-

1

1

Жасөспірімдердің жейдесі

-

1

-

1

Қыздардың қысқы көйлегі

-

-

1

1

Қыздардың блузкасы мен белдемшесі

-

-

1

1

Жасөспірімдердің мақта-матадан тігілген костюмі

жиынтық

1

-

1

Жасөспірімдердің майкасы

дана

2

-

1

Қыздардың іш көйлегі

-

-

2

1

Қыздардың лосинасы

-

-

2

1

Трусилер

-

4

4

1

1

2

3

4

5

Бас киім: қысқы; күзгі

-

1 1

1 1

2 2

Туфли

жұп

1

1

1

Бәтеңке

-

1

1

1

Жылы етік (қысқа қонышты етік)

-

1

1

1

Ауылдық кәсіптік лицейлер оқушылары үшін керзі етік

-

1

1

1

Жасөспірімдердің қысқа жең жейдесі

дана

2

-

1

Қыздардың жазғы көйлегі

дана

-

2

1

Спорттық шәркелер

жұп

1

1

1

Қолғап (биялай)

-

2

2

1

Мақта-матадан тоқылған шұлықтар

-

4

2

1

Жүннен тоқылған шұлықтар

-

2

2

1

Колготкалар

дана

-

4

1

Жартылай жүннен тоқылған колготкалар

-

-

2

1

Орамал (шарф)

-

1

1

1

Қол орамалдар

-

4

4

1

Жаттығу костюмі

жиынтық

1

1

1

Бюстгальтер

дана

-

4

1

Қыздардың түнде киетін жейдесі

-

-

1

1

Қыздарға арналған гигиена заттары

-

-

150

1

Жұмсақ мүкәммал

Ақжайма

дана

3

3

2

Көрпе тысы

-

2

2

3

Жастықтың тысы (ішкі)

-

1

1

4

Жастықтың тысы (сыртқы)

-

3

3

2

Мақта-матадан жасалған вафельді сүлгі

-

3

3

2

Түкті сүлгі

-

3

3

3

1

2

3

4

5

Жүннен немесе мақтадан жасалған көрпе

-

1

1

6

Түкті көрпе

-

1

1

4

Матрац

-

1

1

4

Жастық

-

1

1

8

Төсек жапқыш

-

1

1

6

Кереует алдындағы кілемше

-

1

1

4

      Ескертпе:

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген, шет елдердің техникалық және кәсіптік, жоғары оқу білім беру ұйымдарында оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қалауы бойынша киімнің, аяқ киімнің, жұмсақ мүкәммал мен жабдықтың орнына ақшалай өтемақы беруге немесе оларды білім алушының жеке шотына киімді, аяқ киімді, жұмсақ мүкәммал мен жабдықты өз бетінше сатып алуға екінші деңгейдегі банкке аударуға рұқсат етіледі.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген, шет елдердің техникалық және кәсіптік, жоғары оқу білім беру ұйымдарында оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға киім, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал мен жабдық сатып алуға арналған шығыстардың ақшалай нормасы бір білім алушыға киім, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал мен жабдық құнының 100 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 182 қаулысына
2-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек
беру мөлшеріне, көздеріне
және түрлеріне
4-қосымша

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда және интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін балалар мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу және өмірде қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балаларды тамақтандыру нормалары

Атауы

Бір балаға арналған норма (күніне граммен)

мектеп жасына дейінгі

мектеп жасындағы

1

2

3

Азық-түлік

Қара бидай наны

60

150

Бидай наны

100

200

Бидай ұны

35

35

Картоп ұны

3

3

Жарма, бұршақ, макарон өнімдері

45

75

Картоп

300

400

Көкөністер және басқа да түрлі жемістер

400

470

Жаңа піскен жемістер

260

250

Кептірілген жемістер

10

15

Шырындар

200

200

Кондитерлік бұйымдар

25

25

Қант

55

70

1

2

3

Сары май

35

50

Өсімдік майы

12

18

Жұмыртқа (дана)

1

1

Сүт, қышқыл сүт өнімдері

500

500

Сүзбе

50

70

Ет

95

100

Құс еті

25

30

Балық және майшабақ

60

110

Шұжық өнімдері

10

25

Қаймақ

10

10

Ірімшік

10

12

Шай

0,2

0,2

Кофе

2

4

Какао

1

2

Тұз

8

8

Дәмдеуіштер

2

2

Ашытқы

1

1

      Ескертпе:

      1. Жазғы сауықтыру кезеңінде (90 күнге дейін), жексенбі, мереке күндері, каникул күндері тамақтандыруға арналған шығыстар нормасы 10 пайызға көбейтіледі.

      2. Жекелеген тамақ өнімдерін алмастыруды "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілетін өнімдерді алмастыру кестесіне сәйкес бөлінген қаражат шегінде жүргізуге рұқсат етіледі.

      3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілерін техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін жіберген кезде оларға интернаттық ұйымдарды ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жолда болу уақытына қызметтік іссапарлардың нормалары бойынша жол жүру мен тәуліктік шығыстар төленеді. Бұл ретте осы тәрбиеленушілер үшін тамақтандыруға белгіленген шығыстар жүргізілмейді.

      4. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының және барлық үлгідегі интернаттық ұйымдардың басшыларына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар каникул күндері, жексенбі және мереке күндері туыстарының немесе жекелеген азаматтардың отбасыларында болған уақытында, сондай-ақ ауырған кезеңде тамақтандыру нормаларына сәйкес азық-түлік немесе тамақтану құны шегінде қолма-қол ақша беруге рұқсат етіледі.

      5. Интернаттық ұйымдарда оқитын (тұрмай) білім алушылардың тамақтануына арналған шығыстардың ақшалай нормасы күніне бір білім алушыға арналған тамақтану құнының 75 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      6. Музыкалық немесе көркемөнер колледжінің бір білім алушысын тамақтандыру нормалары мектеп жасындағы бір балаға арналған тамақтандыру нормаларына сәйкес келеді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 182 қаулысына
3- қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек
беру мөлшеріне, көздеріне
және түрлеріне
6-қосымша

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарын бітірушілерге техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарына (түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) оқуға түскен кезде берілетін киімнің, аяқ киімнің нормалары

Атауы

Өлшем бірлігі

Бір тәрбиеленушіге арналған саны

1

2

3

Маусымдық пальто немесе жылы күздік күрте

дана

1

Бас киім (күзгі)

-

1

Жылы шарф

-

1

Қолғап

жұп

1

Аяқ киім

-

1

Үйде киетін шәрке

-

1

Қыздарға арналған іш көйлек

дана

2

Түнде киетін жейде (көйлек), пижама

-

2

Бюстгальтер

-

2

Қыздар гамашы

-

2

Колготкалар

жұп

2

Жасөспірімдер майкасы

дана

2

Трусилер

-

2

Мақта-матадан тоқылған шұлық

жұп

2

Трико

дана

1

Жасөспірімдердің мақта-матадан тігілген көйлегі

-

2

Шалбар (ерлерге арналған)

-

1

Жүннен тігілген ер балалар костюмі

жиынтық

1

1

2

3

Жүннен тігілген қыздар костюмі

жиынтық

1

Мақта-матадан тігілген қыздар көйлегі

дана

1

Үйде киетін халат

-

1

Қол орамал

-

2

Сүлгі

-

1

Шабадан немесе сөмке

дана

1

Жеке гигиена заттары:
иіс сабын және кір сабын;
сусабын;
паста;
тіс щеткесі.

дана

2
1
1
1

      Ескертпе:

      1. Жоғарыда аталған киім және аяқ киім тізбесімен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі және баланы қабылдайтын отбасыдағы балалар да қамтамасыз етіледі.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген шет елдердің техникалық және кәсіптік, жоғары оқу білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қалауы бойынша киімнің, аяқ киімнің, жұмсақ мүкәммал мен жабдықтың орнына ақшалай өтемақы беруге немесе оларды білім алушының жеке шотына киімді, аяқ киімді, жұмсақ мүкәммал мен жабдықты өз бетінше сатып алуға екінші деңгейдегі банкке аударуға рұқсат етіледі.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген шет елдердің техникалық және кәсіптік, жоғары оқу білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға киім, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал мен жабдық сатып алуға арналған шығыстардың ақшалай нормасы бір білім алушыға киім, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал мен жабдық құнының 100 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 182 қаулысына
4-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек
беру мөлшеріне, көздеріне
және түрлеріне
8-қосымша

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектерді және бала кезінен мүгедектерді, мүгедек балаларды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларды және интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі және баланы қабылдайтын отбасыдағы балаларды, кәмелетке толмағандарды бейімдеу және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары

Атауы

Өлшем бірлігі

Бір тәрбиеленушіге арналған норма

Киілу мерзімі (жыл)

1

2

3

4

Киім-кешек

Қысқы пальто

дана

1

3

Маусымдық пальто, күрте

-

1

3

Мектеп киімі

жиынтық

1

2

Ер балалардың мақта-матадан тігілген костюмі

-

1

2

Қыз балалардың мақта-матадан тігілген көйлектері (белдемшелер, блузка)

дана

4

3

Ер балалардың мақта-матадан тігілген сыртқы көйлектері

-

4

2

Жүннен тоқылған свитер (жемпір)

-

1

2

Қыз балалардың рейтуздары (гамаши)

-

1

1

Қол орамал

-

4

1

1

2

3

4

Ер балалар шалбарының белбеуі

-

1

2

Жазғы бас киім

-

1

2

Қысқы бас киім

-

1

3

Жартылай жүннен тоқылған шарф

-

1

3

Қолғап (биялай)

жұп

2

1

Қыз балалардың бюстгальтері

дана

3

2

Трусилер, майка

жұп

6/3

1

Спорттық киім

жиынтық

1

2

Кроссовкалар

жұп

1

1

Мақта-матадан тоқылған шұлықтар, гольфтар

жұп

3

1

Бәтеңкелер, туфлилер

-

2

1

Жүннен тоқылған шұлықтар, гольфтар

-

2

1

Шәркелер

-

1

1

Түнгі жейде, пижама

дана

2

2

Колготки

-

2

1

Жұмыс костюмдері

жиынтық

1

1

Жұмсақ мүкәммал

Ақжайма

дана

3

3

Көрпе тысы

-

3

4

Жастықтың сыртқы тысы

-

3

3

Жастықтың ішкі тысы

-

1

5

Сүлгі (аяқ сүртетін сүлгіні қоса алғанда)

-

3

1

Түкті сүлгі

-

1

2

Жүннен, мақтадан жасалған көрпе

-

1

6

Түкті көрпе

-

1

5

Матрац

-

1

8

Жастық

-

1

8

Төсек жапқыш

-

1

6