Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақмен толықтырылсын:
"17-1. Мынадай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының акциялары:
"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Қарағанды индустриялық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Рудный индустриялық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Астана медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Семей медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |