"Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін, сондай-

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 149 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін, сондай-ақ Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жету үшін ақысыз жол жүрумен, тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 15-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына, 104-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасына, 115 және 116-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген сотталғандардың киім нысанының үлгілері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін, сондай-ақ Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жету үшін ақысыз жол жүрумен, тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2022 жылғы 24 наурыздағы
№ 149 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 28 қарашадағы
№ 1255 қаулысымен
бекітілген

Сотталғандардың киім нысанының үлгілері

      1. Сотталғандардың жазғы киім нысаны:

      Шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:

      1) сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін – сұр түсті;



      2) сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін – жасыл түсті;



      3) тәртіптік изоляторлардағы және жалғыз адамдық камералардағы сотталғандар үшін – қызғылт сары түсті.



      Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсысының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар күртеше мен шалбар – қоңыр түсті.



      Бас киім – су өткізбейтін матадан тігілген кепка (әйелдер үшін – үшкіл орамал).

      2. Сотталғандардың қысқы киім нысаны:

      Шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:

      1) сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін – сұр түсті;



      2) сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін – жасыл түсті.



      Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсысының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар жылы күртеше мен шалбар – қоңыр түсті.



      Бас киім – иірілген 2 немесе 3 жіптен тоқылған бөрік.