"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 28 қаулысы. 01.01.2023 дейін қолданыста болды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      01.01.2023 дейін қолданыста болды (2-тармақтан қараңыз)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      4-тармақтың бірінші бөлігі 4) тармақшадағы "тапсырмасы болған жағдайларда жүзеге асырылады." деген сөздер "тапсырмасы болған;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерін пайдалану мақсатында Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан келтірілген зардаптарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияның хаттамасы не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы болған жағдайларда жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 24-2-тармақпен толықтырылсын:

      "24-2. 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлінген жағдайда тиісті мемлекеттік орган тиісті негіздемелермен және есептермен бірге бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.

      Негіздемелер мен есептер кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу тәртібіне сәйкес ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерінен тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулыларында көзделген шығыстарды қаржыландыру кезінде шығыстардың әрбір түрі бойынша бөлінген қаражаттың 50 %-ынан аспайтын мөлшерде (алдын ала) ақы төлеуге рұқсат етіледі.

      Көрсетілген шығыстарды одан әрі қаржыландыруды бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негіздейтін құжаттарды ұсынуына қарай бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысын тоқтатады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Ә. Смайылов