Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2004

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 874 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын ("қызмет бабында пайдалану үшін" деген грифі бар);

      2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттері осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын ("қызмет бабында пайдалану үшін" деген грифі бар).

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 79 қаулысымен.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:

      1) 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулыға 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін;

      2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 79 қаулысымен;

      3) өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 79 қаулысымен.

      3. Осы қаулы:

      1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының үшінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі;

      2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 79 қаулысымен;
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 79 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин