Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 796 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің атауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Балаларды ерте дамыту институты" республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      6-бөлімде:

      мына:

      "

10)

"Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы

40

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10)

Балаларды ерте дамыту институты

40

      ".

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин