Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 831 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды және ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру болып айқындалсын.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |