"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 133-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-22-жолмен толықтырылсын:
"16-22. Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институты".
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |