Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 қаулысы.

      2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 386-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысы;

      2) "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 маусымдағы № 377 қаулысы.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 25 қазандағы
№ 763 қаулысымен
бекітілген

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 386-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі талаптарды көздейді және оларды іске асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) импорттаушылар – Қазақстан Республикасының аумағына өнімді әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      2) кәдеге жарату төлемі – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін операторға өндірушілер (импорттаушылар) жүзеге асыратын төлемақы;

      3) кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат – кеңейтілген міндеттемелерді өндірушілердің (импорттаушылардың) орындағанын растайтын, ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжат;

      4) қаптама – шикізатты және дайын өнімді орналастыру, қорғау, тасымалдау, тиеу және түсіру, жеткізу және сақтау үшін пайдаланылатын бұйым;

      5) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері –қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелері;

      6) өнім (тауарлар) (бұдан әрі – өнім) – тізбеге қосылған өнім;

      7) өндірушілер – Қазақстан Республикасының аумағында өнімді өндіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      8) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы (бұдан әрі – оператор) – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен айқындалатын заңды тұлға;

      9) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт негізінде оператор мен өндірушілердің (импорттаушылардың) арасында жасалатын шарт;

      10) тізбе – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдер (тауарлар) тізбесі;

      11) шикізат пен материалдар – технологиялық процесс арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын кез келген пайдалы қазба, жинақтауыш, бөлшек немесе өзге де тауар.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.09.2026 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша талаптар Кодекстің 386-бабының 6-тармағында көрсетілген өндірушілерге (импорттаушыларға) қолданылмайды.

      4. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері:

      өндірушілерде – Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес дайын өнімнің түскені (кіріске алынғаны) ресімделген кезден;

      импорттаушыларда – осы Қағидалардың 15, 16, 17 және 28-тармақтарында көрсетілген растайтын құжаттарға сәйкес өнім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілген кезден бастап туындайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.07.2022 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.11.2023 № 966 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Өндірушілер (импорттаушылар) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды мынадай тәсілдердің бірімен қамтамасыз етеді:

      1) қойылатын талаптарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесін (бұдан әрі – меншікті жүйе) қолдану.

      Меншікті жинау жүйесін қолдану жөніндегі талаптар Кодекстің 386-бабының 3-тармағына сәйкес автомобиль көлігі құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге және импорттаушыларға қолданылмайды.

      2) оператормен шарт жасасу, осы Қағидаларға сәйкес өтінім беру және оператордың банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде ақша енгізу.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.11.2023 № 966 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Кәдеге жарату төлемін оператормен шарт жасасқан өндірушілер (импорттаушылар) енгізеді, оларға:

      Кодекстің 388-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен шарт жасасқан және қарсы талаптары бар өндірушілер;

      кәдеге жарату төлемінің мөлшерін есептеу коэффициенті 0 деп айқындалған электр қозғалтқышы бар автокөлік құралдарын өндірушілер (импорттаушылар) кірмейді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2026 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Кәдеге жарату төлемінің мөлшері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесінің (бұдан әрі – әдістеме) негізінде осы Қағидаларға сәйкес өтінім берілген кезде қолданыста болатын мөлшерлемелер мен коэффициенттер бойынша есептеледі. Кәдеге жарату төлемін өндірушілер мен импорттаушылар оператордың банктік шотына Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төлейді. Банктік шот туралы ақпарат оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.07.2022 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Кәдеге жарату төлемі 2016 жылғы 27 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, соның ішінде ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне қойылған өнімге қатысты төленбейді.

      9. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері тізбеде атауы көрсетілген өнімге қолданылады.

      10. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері:

      1) оператормен шарт жасасқан өндірушілер (импорттаушылар) үшін – кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат алған кезден бастап;

      2) меншікті жүйені қолданатын өндірушілер (импорттаушылар) үшін – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган меншікті жүйенің болуын және өнімнің тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың орындалуын растаған күннен бастап орындалды деп есептеледі.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.09.2026 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Өнімнің тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелерді орындау тәртібі

      11. Өнімнің және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды және жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру мақсатында үлгілік шарттың негізінде оператор мен өндірушілер (импорттаушылар) арасында шарт жасалады.

      12. Өнімнің және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарттың нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

      Шарт оған оператордың қол қоюы шартымен өндірушінің (импорттаушының) оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруы арқылы өнім әкелінген немесе шығарылған кезден бастап жасалды деп есептеледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2026 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Шарт оны ұзарту мүмкіндігімен жасалады. Шартта Кодекске сәйкес өндіруші (импорттаушы) мен оператордың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі.

      14.  Шарт жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағына өнім әкелуді жүзеге асыратын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыруы мынадай міндетті кезеңдерді қамтиды:

      1) кәдеге жарату төлемін енгізуге және кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) оператордың интернет-ресурсы арқылы немесе қағаз жеткізгіште беріледі.

      Кодекстің 386-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда кәдеге жарату төлемін енгізуге арналған өтініммен бір мезгілде Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыру қағидаларына сәйкес қаржыландыру туралы өтініш беріледі, бұл Қағидалар Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 21 шілдедегі № 263 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 400 бірлескен бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23867 болып тіркелген).

      Өндіруші (импорттаушы) осы Қағидаларға сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың түпнұсқалығына және оларда көрсетілетін мәліметтердің дұрыстығына кепілдік береді.

      Тізбеде көзделген, кәдеге жарату төлемінің мөлшерін есептеу үшін мөлшерлемелер және (немесе) коэффициенттер белгіленбеген не коэффициент 0 деп айқындалған өнімге қатысты өтінім берілмейді, бұл электр қозғалтқышы бар автокөлік құралдарына қолданылмайды;

      2) оператор өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге қарайды және өтінім беруші ұсынған деректердің негізінде әдістемеге сәйкес кәдеге жарату төлемінің мөлшерін есептейді, өндіруші (импорттаушы) өтінім берген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде кәдеге жарату төлемін енгізуге арналған шотты электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште ұсынады.

      Кодекстің 386-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда өтінім кәдеге жарату төлемін енгізуге шот ұсынылмаса да қаралады.

      Өтінім мынадай жағдайларда кері қайтарылуға тиіс:

      осы Қағидаларда көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмағанда;

      өтінімде көрсетілген мәліметтер өтінімге қоса берілетін құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келмегенде;

      оператордың интернет-ресурсының электрондық паспорттардың ұлттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы электрондық паспорттардың ұлттық жүйесінде ұлттық оператор берген "аяқталмаған" мәртебесі бар көлік құралының электрондық паспорты операторға ұсынылмағанда;

      3) өндірушілер (импорттаушылар) кәдеге жарату төлемін осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде енгізеді, оларға:

      Кодекстің 388-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторымен шарт жасасқан және кәдеге жарату төлемін енгізу жөніндегі міндеттемелері өзара есепке жатқызу арқылы толық көлемде тоқтатылатын қарсы талаптары бар өндірушілер;

      кәдеге жарату төлемінің мөлшерін есептеу коэффициенті 0 деп айқындалған электр қозғалтқышы бар автокөлік құралдарын өндірушілер (импорттаушылар) кірмейді;

      4) кәдеге жарату төлемі есептік шотқа толық көлемде енгізілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оператор кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат береді.

      Электр қозғалтқыштарымен жабдықталған, 0 коэффициенті белгіленген автокөлік құралдарына қатысты кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификатты оператор осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қалыптастырылған төлем шотымен бір мезгілде береді.

      Кодекстің 386-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификатты оператор өтінім және Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыру қағидаларына сәйкес қаржыландыру туралы өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынады, аталған Қағидалар Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 21 шілдедегі № 263 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 400 бірлескен бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23867 болып тіркелген).

      Кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификатты оператор төлемақыны оператордың пайдасына өндіріп алу туралы сот шешімінің, нотариустың атқарушылық жазбасының немесе оператордың кәдеге жарату төлемін енгізу қажеттігі туралы хабарламасының негізінде өндіруші (импорттаушы) сот шешімінде, нотариустың атқарушылық жазбасында немесе оператордың хабарламасында көрсетілген мөлшерде кәдеге жарату төлемі түріндегі ақшаны оператордың банктік шотына енгізгеннен кейін беруі мүмкін.

      Кәдеге жарату төлемін енгізуді үшінші тұлға жүргізуі мүмкін.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2026 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14-1. Кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификатқа өзгерістер енгізу өндірушінің (импорттаушының) оператордың ресми интернет-ресурсы арқылы осы Қағидалардың 15, 16, 17 және 28-тармақтарында көзделген құжаттармен және өзгерістер енгізу қажеттігін растайтын өзге де құжаттармен (бар болса) қоса түзетуге өтінім беруі негізінде жүзеге асырылады.

      Өндіруші (импорттаушы) осы Қағидаларға сәйкес кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификатты түзету үшін ұсынылатын құжаттардың түпнұсқалығына және оларда көрсетілетін мәліметтердің дұрыстығына кепілдік береді.

      Кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификатты түзетуге арналған өтінім түскен күнінен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде оны оператор қарастырады.

      Түзетуге арналған өтінімді қарау нәтижелері бойынша оператор кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификатқа түзету енгізеді не мынадай негіздер болған кезде өтінімді қабылдамайды:

      1) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген растайтын құжаттардың болмауы;

      2) кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификатта (бұған дейін – төлемнің толықтығы туралы құжат) сәйкестендіру нөмірі қате көрсетілген көлік құралының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің дерекқорындағы мәліметтерге сәйкес тіркеу есебінде тұруы;

      3) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сәйкестендіру немесе зауыттық нөмірінің 2 (екі) таңбасынан астамын түзету;

      4) кәдеге жарату төлемінің сомасы ұлғайған жағдайда қосымша төлемнің болмауы.

      Ескерту. 2-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2026 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Өнімді импорттаушылар автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын, автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығару кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды, пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларды, аралас материалдардан жасалған қаптамаларды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларда, аралас материалдардан жасалған қаптамаларда импортталатын өнімді импорттаушыларды қоспағанда, өтінімге мынадай:

      1) қаптама парағының не өнім паспортының (бар болса);

      2) халықаралық тасымалды растайтын халықаралық тауар-көлік жүкқұжатын қоса алғанда, көлік жүкқұжаттарының, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде көзделген, сондай-ақ тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына орын ауыстыруын растайтын құжаттардың;

      3) шот-фактураның не инвойстың (бар болса) көшірмелерін қоса береді.

      16. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын, автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығару кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды, пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларды, аралас материалдардан жасалған қаптамаларды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларда, аралас материалдардан жасалған қаптамаларда импортталатын өнімді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген өнім үшін осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон (бұдан әрі – мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон) (бар болса) кәдеге жарату төлемін есептеу үшін қажетті және әкелуді растайтын қосымша құжат болып табылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген импорттаушылар көрсететін өтінімдегі мәліметтер олардың салықтық есептілігінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес болуға тиіс.

      17. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын, автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығару кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды, пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларды, аралас материалдардан жасалған қаптамаларды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларда, аралас материалдардан жасалған қаптамаларда импортталатын өнімді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелінген өнім үшін осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден заңнамасына және кеден ісі саласындағы ұлттық заңнамаға сәйкес ресімделген, өзіне сәйкес өнім ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне қойылған кедендік декларация кәдеге жарату төлемін есептеу үшін қажетті және әкелуді растайтын қосымша құжат болып табылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген импорттаушылар көрсететін өтінімдегі мәліметтер өзіне сәйкес өнім ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне қойылған тіркелген кедендік декларацияда көзделген мәліметтерге сәйкес болуға тиіс.

      18. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарушыларды қоспағанда, өнімді өндірушілер өтінімге Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бекітілген нысан бойынша қорларды шетке беруге арналған жүкқұжатты, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жазып берілген электрондық шот-фактураны, сондай-ақ өнім паспортын (бар болса) қоса береді.

      19. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.11.2023 № 966 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарушыларды (импорттаушыларды) қоспағанда, өндірушілер (импорттаушылар) жасалған шарт негізінде есепті айдан кейінгі екінші айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей кәдеге жарату төлемін енгізеді.

      Өнімді өндірушілер үшін өнім өткізілген ай, өнімді импорттаушылар үшін Қазақстан Республикасының аумағына өнім әкелінген ай есепті ай болып табылады.

      21.  Өндірушілердің, импорттаушылардың кәдеге жарату төлемін дұрыс есептеуін, толық және уақтылы аударуын бақылауды оператор жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген функцияларды іске асыру мақсатында Оператор мемлекеттік органдардың немесе реттеуші функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың ресми көздерінен алынған ақпаратты пайдалануға құқылы.

      22. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарушыларды (импорттаушыларды), автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығару кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды өндірушілерді (импорттаушыларды) қоспағанда, оператормен шарт жасасқан өндірушілердің (импорттаушылардың) өтінім қалыптастыруы мынадай мерзімде жүзеге асырылады:

      1) шағын кәсіпкерлік субъектілері – ай сайын, есепті айдан кейінгі келесі айдың 20-күнінен кешіктірмей;

      2) ірі кәсіпкерлік субъектілері – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

      3) ірі кәсіпкерлік субъектілері және өзге де өндірушілер (импорттаушылар) – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей.

3-тарау. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарушылардың (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауының ерекшеліктері

      23. Автокөлік құралдарына қатысты кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат алу жөніндегі міндеттемені өндірушілер (импорттаушылар) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес автокөлік құралы бастапқы тіркелгенге дейін орындайды, бұл талап Қазақстан Республикасының аумағына автокөлік құралдарын өз мұқтажы үшін әкелетін, жеке тұлға болып табылатын импорттаушыларға қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасының аумағына автокөлік құралдарын өз мұқтажы үшін әкелетін, жеке тұлға болып табылатын импорттаушылар автокөлік құралдарына қатысты кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат алу жөніндегі міндеттемені Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес автокөлік құралы еркін айналысқа шығарылғанға дейін орындайды.

      Өндірушілер (импорттаушылар) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат алу жөніндегі міндеттемені олар алғашқы мемлекеттік тіркелгенге дейін, бірақ Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес шығарылған немесе әкелінген күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей орындайды.

      Өндірушілер (импорттаушылар) автокөлік құралдарын олар бастапқы тіркелгенге дейін өткізген жағдайда кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат алу жөніндегі міндеттеме мұндай автокөлік құралдары өткізілгенге дейін орындалады.

      Өндірушілер (импорттаушылар) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын осы тармаққа сәйкес олар бастапқы тіркелгенге дейін өткізген жағдайда кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат алу жөніндегі міндеттеме осындай өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы өткізілгенге дейін, бірақ ол шығарылған немесе әкелінген күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей орындалады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2026 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Оператор өндірушілерге (импорттаушыларға) беретін кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат болып табылады, онда мынадай деректер көрсетіледі:

      автокөлік құралдары үшін сәйкестендіру нөмірі;

      өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы үшін сәйкестендіру нөмірі немесе зауыттық нөмір;

      өндірушінің (импорттаушының) бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2026 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Автокөлік құралдарын бастапқы (мемлекеттік) тіркеуді жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеуді астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес автокөлік құралдарын не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын бастапқы тіркеу кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификат болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

      Автокөлік құралдарын не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын бастапқы тіркеу үшін ұсынылатын құжаттарда осы автокөлік құралдарының, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының маркасы, моделі, санаты, VIN-коды және (немесе) сәйкестендіру зауыттық нөмірі туралы мәліметтер, сондай-ақ техникалық сипаттамалары (қозғалтқыш көлемі, техникалық рұқсат етілетін ең жоғары массасы) кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификатта көрсетілген мәліметтерден ерекшеленетін болса, тіркеуші органдар жасап шығарушылар (импорттаушылар) кеңейтілген міндеттемелерді толық орындағанға дейін осындай автокөлік құралдарын немесе өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын тіркеуден бас тартады.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2026 № 615 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат алған күннен бастап автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері орындалды деп есептеледі, ал көлік құралдарының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер операторға ауысады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2026 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату төлемін жүзеге асырмай, мемлекеттік тіркеу есебіне алу үшін олардың өндірілген немесе әкелінген күнін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасында өндірілгендер үшін – төменде тізбеленген құжаттардың кез келгені:

      еркін қоймадан шығару кезіндегі кедендік декларация;

      өнімнің өндірілгенін растайтын көлік құралының (өздігінен жүретін машинаның) паспорты;

      2) Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден әкелінгендер үшін – өзіне сәйкес автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне қойылған тауарларға кедендік декларация;

      3) Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінгендер үшін – мынадай құжаттардың бірін қоса беріле отырып, мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның көшірмесі):

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдің экспорттаушысынан Қазақстан Республикасындағы импорттаушыға берілгенін растайтын, берілетін автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сәйкестендіру немесе зауыттық нөмірі көрсетілген қабылдап алу-беру актісі;

      әкелінетін автомобильдердің сәйкестендіру нөмірі не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сәйкестендіру немесе зауыттық нөмірі көрсетілген көлік жүкқұжаты;

      халықаралық тасымалды растайтын, әкелінетін автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сәйкестендіру немесе зауыттық нөмірі көрсетілген CMR халықаралық көлік жүкқұжаты.

      28. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер (импорттаушылар) кейіннен кәдеге жарату төлемін енгізу үшін өтінімге мыналарды қоса береді:

      1) Қазақстан Республикасында өндірілгендер үшін:

      өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы үшін:

      өздігінен жүретін машина паспортының көшірмесі;

      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес ресімделген сәйкестікті бағалау туралы құжаттың көшірмесі;

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бекітілген нысан бойынша қорларды басқа жаққа босатуға арналған жүкқұжаттың көшірмесі;

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) қолданылатын автокөлік құралдары үшін:

      көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің көшірмесі немесе көлік құралының типін мақұлдаудың көшірмесі;

      электрондық паспорттардың ұлттық жүйесінде ұлттық оператор берген "аяқталмаған" мәртебесі бар көлік құралының электрондық паспорты, ол оператордың интернет-ресурсы мен электрондық паспорттардың ұлттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы операторға беріледі;

      КО ТР 018/2011 қолданылмайтын автокөлік құралдары (өздігінен жүретін машиналар) үшін:

      көлік құралы (өздігінен жүретін машина) паспортының көшірмесі;

      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес сәйкестікті бағалау туралы құжаттың көшірмесі;

      2) Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден әкелінгендер үшін:

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнді растау үшін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның көшірмесі;

      автокөлік құралын өндірушінің өкілдері болып табылатын заңды тұлғалар:

      аталған тұлғалар өтініш беруші және (немесе) өкіл ретінде көрсетілген автокөлік құралдары үшін көлік құралдарының типін мақұлдау құжатының көшірмесі;

      электрондық паспорттардың ұлттық жүйесінде ұлттық оператор берген "аяқталмаған" мәртебесі бар көлік құралының электрондық паспорты, ол оператордың интернет-ресурсы мен электрондық паспорттардың ұлттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы операторға беріледі;

      заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер:

      дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама (дара кәсіпкерлер үшін);

      КО ТР 018/2011 қолданылатын автокөлік құралдары үшін:

      өнім соған сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылған кедендік декларацияның көшірмесі;

      электрондық паспорттардың ұлттық жүйесінде ұлттық оператор берген "аяқталмаған" мәртебесі бар көлік құралының электрондық паспорты, ол оператордың интернет-ресурсы мен электрондық паспорттардың ұлттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы операторға беріледі;

      көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің көшірмесі;

      КО ТР 018/2011 қолданылмайтын автокөлік құралдары (өздігінен жүретін машиналар) үшін:

      өнім соған сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылған кедендік декларацияның көшірмесі;

      көлік құралы (өздігінен жүретін машина) паспортының көшірмесі;

      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес берілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттың көшірмесі;

      өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы үшін:

      өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы соған сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға арналған кедендік декларацияның көшірмесі;

      өздігінен жүретін машина паспортының көшірмесі;

      өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына арналған сәйкестік сертификатының көшірмесі;

      жеке тұлғалар:

      автокөлік құралдары үшін – көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің көшірмесі (КО ТР 018/2011 қолданылатын автокөлік құралдары үшін);

      өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы үшін:

      өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы соған сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға арналған кедендік декларацияның көшірмесі;

      өздігінен жүретін машина паспортының көшірмесі;

      өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына арналған сәйкестік сертификатының көшірмесі.

      Кәдеге жарату төлемін есептеу үшін қажетті деректерді айқындау мүмкін болмаған жағдайда оператор мыналарды сұратады:

      көлік жүкқұжатының көшірмесі (әкелінетін автомобильдердің сәйкестендіру нөмірі не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сәйкестендіру немесе зауыттық нөмірін көрсетіп) немесе халықаралық тасымалды растайтын CMR халықаралық көлік жүкқұжатының көшірмесін (әкелінетін автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірін не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сәйкестендіру немесе зауыттық нөмірін көрсетіп);

      шот-фактураның көшірмесі не инвойстың көшірмесі (бар болса);

      3) Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінгендер үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнді растау үшін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның көшірмесі. Мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон болмаған жағдайда өтінім берілген күн шекараны кесіп өткен күн болып есептеледі.

      Сондай-ақ Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінгендер үшін мынадай құжаттар қоса беріледі:

      өздігінен жүретін машина паспортының көшірмесі немесе электрондық паспорттардың ұлттық жүйесінде ұлттық оператор берген "аяқталмаған" мәртебесі бар көлік құралының электрондық паспорты, ол оператордың интернет-ресурсы мен электрондық паспорттардың ұлттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы операторға беріледі;

      автокөлік құралдары үшін көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің көшірмесі немесе көлік құралының типін мақұлдаудың көшірмесі және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы үшін сәйкестік сертификатының көшірмесі;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің экспорттаушысынан Қазақстан Республикасындағы импорттаушыға берілгенін растайтын, берілетін автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сәйкестендіру немесе зауыттық нөмірі көрсетілген қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі (бар болса);

      көлік жүкқұжатының көшірмесі (әкелінетін автомобильдердің сәйкестендіру нөмірі не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сәйкестендіру немесе зауыттық нөмірін көрсетіп) немесе халықаралық тасымалды растайтын CMR халықаралық көлік жүкқұжатының көшірмесі (әкелінетін автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірін не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сәйкестендіру немесе зауыттық нөмірін көрсетіп) (бар болса).

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2026 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      28-1. 01.01.2025 дейін қолданыста болды - ҚР Үкіметінің 18.07.2022 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Еркін кеден аймағының немесе еркін қойманың кедендік рәсіміне қойылған және еркін экономикалық аймақтың (бұдан әрі – АЭА) резиденттері (қатысушылары, субъектілері) АЭА аумағында автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығару үшін шикізат және материалдар ретінде пайдаланылатын (пайдаланатын) өнім үшін кәдеге жарату төлемін АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (шартқа) сәйкес немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қоймалар иелері тізіліміне енгізілген еркін қойма иелері автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарушы соңғы тауар үшін кәдеге жарату төлемі түрінде төлейді.

4-тарау. Пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларды, аралас материалдардан жасалған қаптамаларды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамада, аралас материалдардан жасалған қаптамада импортталатын өнімді өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауының ерекшеліктері

      30. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелінген пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларды, аралас материалдардан жасалған қаптамаларды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамада, аралас материалдардан жасалған қаптамада импортталатын өнімді импорттаушылар өтінімге өзіне сәйкес өнім ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне қойылған кедендік декларацияны қоса береді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес импорттаушылар өтінімде көрсететін мәліметтер тіркелген кедендік декларацияда көзделген мәліметтерге сәйкес болуға тиіс.

      31. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларды, аралас материалдардан жасалған қаптамаларды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамада, аралас материалдардан жасалған қаптамада импортталатын өнімді импорттаушылар өтінімге:

      1) қаптама парақтарын не өнімнің паспортын (бар болса);

      2) халықаралық тасымалды растайтын халықаралық тауар-көлік жүкқұжаттарын қоса алғанда, көлік жүкқұжаттарын қоса береді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес импорттаушылар өтінімде көрсететін мәліметтер олардың салықтық есептілігінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес болуға тиіс.

      32. Пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдар, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамалар, аралас материалдардан жасалған қаптамалар үшін кәдеге жарату төлемінің сомасы әдістеме негізінде есептеледі.

      Полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамалардағы, аралас материалдардан жасалған қаптамадағы өнімді әкелуді жүзеге асыру кезінде импорттаушы кәдеге жарату төлемін есептеу үшін базаны осы өнім қапталған қаптаманың массасын (килограммды) айқындау түрінде өз бетінше таңдайды.

      Полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамалардағы, аралас материалдардан жасалған қаптамадағы өнімді әкелу кезінде осы өнім қапталған қаптаманың массасын айқындауды импорттаушы осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдердің бірі арқылы жүзеге асырады.

      Кәдеге жарату сомасын есептеу үшін таңдап алынған базаға қарай осы тармаққа сәйкес осы Қағидалардың 30 және 31-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа өтінімге мынадай растайтын құжаттардың бірі қоса беріледі:

      1) қаптамада импортталатын өнімнің брутто массасы мен нетто массасының арасындағы математикалық айырмашылықты есептеу негізінде қаптама массасы айқындалған жағдайда – қаптама парағы;

      2) қаптамада импортталатын өнімді өндірушілер көрсететін қаптама саны мен типтері туралы мәліметтер негізінде қаптаманың массасы айқындалған жағдайда – шарт (келісімшарт), жеткізуге (импортқа, сатып алуға) арналған тауарға ілеспе құжаттар, қаптамада импортталатын өнімді өндірушілерден өзге де ресми құжаттар;

      3) әдістемеге сәйкес анықтамалыққа сай есептеудің негізінде қаптама массасы айқындалған жағдайда – әдістемеге сәйкес бекітілген нысан бойынша тізбеде көзделген өнім және (немесе) өнім қаптамасы бірліктері массасының орташа алынған көрсеткіштерінің анықтамалығын (бұдан әрі – анықтама) қолдану туралы ақпарат;

      4) қаптамада импортталатын өнім қаптамасының массасы туралы мамандандырылған (аккредиттелген) ұйымның қорытындысы негізінде.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мамандандырылған (аккредиттелген) ұйымдар Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне сәйкес айқындалады

      33. Бір мезгілде қаптамалардың бірнеше типіне (бір немесе түрлі материалдардан) қапталған қаптамадағы өнім әкелінген жағдайда, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қаптаманың әрбір типіне қолданылады.

      34. Қағаз, картон, полимер, шыны, металл қаптамаларға және (немесе) аралас материалдардан жасалған қаптамаға қапталған, тізбеге енгізілген өнім әкелінген жағдайда, өндірушілердің, (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері тізбеге сәйкес өнімге де және тізбеде көзделген оның (олардың) қаптамасына да қолданылады.

      35. Өндіруші өнімді тізбеге енгізілген қаптамада өндіру үшін полимер, шыны, қағаз, картон, металл қаптамаларды, аралас материалдардан жасалған қаптаманы пайдаланған жағдайда, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін осы қаптаманы өндірушілер (импорттаушылар) орындайды.

5-тарау. Өндірушілерді (импорттаушыларды) кеңейтілген міндеттемелерден босату талаптары

      36. Өндірушілер (импорттаушылар) Кодекстің 386-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда кеңейтілген міндеттемелерден босатылады.

      Бұл ретте автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарушыларды (импорттаушыларды) қоспағанда, Кодекстің 386-бабы 6-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар өнім Қазақстан Республикасының шегінен тыс өткізілген есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, операторға мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс:

      өнімді жеткізуге экспорттық келісімшарт не өнімді Қазақстан Республикасының шегінен тыс өткізу шарты;

      өнімді Қазақстан Республикасының шегінен тыс өткізу жүзеге асырылғанын нақты растайтын тауарға ілеспе құжаттар.

      37. Өндіруші (импорттаушы) енгізген кәдеге жарату төлемі болған және Кодекстің 386-бабы 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес кейіннен өнімді өндіруші (импорттаушы) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс өзі әкеткен жағдайда өндірушілердің (импорттаушылардың) артық және (немесе) қате төленген сомаларды оператор айқындайтын тәртіппен қайтаруға құқығы қалады.

      Кәдеге жарату төлемі енгізілген өнім үшін өндірушіге (импорттаушыға) артық және (немесе) қате төленген сомаларды қайтару осы өнімді өндіруші (импорттаушы) Қазақстан Республикасының шегінен тыс өткізген жағдайда жүргізіледі.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2026 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Өнімді Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкету (экспорттау) осы Қағидалардың 20, 22 және 23-тармақтарында белгіленген мерзімдер өткенге дейін жүзеге асырылған жағдайда, кәдеге жарату төлемін енгізу Қағидалардың осы тармақтарында көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.

6-тарау. Оператордың функцияларын іске асыру тәртібі

      39. Оператор өндірушілерден және импорттаушылардан өзінің банктік шотына Кодекстің талаптарына сәйкес кәдеге жарату төлемі түрінде түскен ақшаны Қазақстан Республикасында қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту және қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру мақсатында Кодекстің 388-бабында көзделген бағыттарға сәйкес оператор айқындайтын тәртіппен жібереді.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2026 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Кодекстің 388-бабының 5) тармақшасын іске асыру кезінде оператор меншікті жинау жүйесін қолдану шеңберінде мәлімделген көлемдер шегінде өнімнің және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғаларға ақша жібермейді.

7-тарау. Оператордың уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      41. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары оператордың сұрау салуы бойынша күнтізбелік 30 күн ішінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкетілген өнім және оның қаптамасы туралы мәліметтерді, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жолдайды.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.07.2022 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      41-1. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган оператордың сұрау салуы бойынша күнтізбелік 30 күн ішінде бастапқы (мемлекеттік) тіркеуден өткен автокөлік құралдары туралы мәліметтерді, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жібереді.

      Ескерту. Қағида 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.07.2022 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      41-2. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары оператордың сұрау салуы бойынша күнтізбелік 30 күн ішінде бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді, оның ішінде ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы жібереді.

      Ескерту. Қағида 41-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.07.2022 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2026 № 615 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      41-3. 01.01.2025 дейін қолданыста болды - ҚР Үкіметінің 18.07.2022 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42. Мемлекеттік кірістер органдары операторға жолдайтын мәліметтерде әр өнім бөлінісінде мынадай ақпарат қамтылады:

      1) өндірушінің немесе импорттаушының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі;

      2) іс жүзіндегі және (немесе) заңды мекенжайы, байланыс деректері (телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

      3) өнімнің атауы, саны және коды;

      4) өнімнің Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және оның шегінен тыс әкетілген немесе өнімнің өндірілген күні;

      5) өнім қаптамасының атауы, саны және коды;

      6) өнім бірлігінің нетто және брутто салмағы, сондай-ақ өнім санын ескергендегі жалпы нетто және брутто салмағы;

      7) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өнім сатып алынған шот-фактуралардың (инвойстардың) деректері (өнімнің нөмірі, күні және құны);

      8) өнім Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген ел.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.07.2022 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42-1. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган операторға жіберетін мәліметтерде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын көлік құралының әр бірлігі бөлінісінде мынадай ақпарат қамтылады:

      1) бастапқы тіркеуді жүзеге асырған тұлғаның атауы/Т.А.Ә., бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі;

      2) нақты және (немесе) заңды мекенжайы, байланыс деректері (телефон, электрондық пошта мекенжайы);

      3) VIN коды, шасси және шанақ нөмірі;

      4) бастапқы тіркелген күні;

      5) мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісі;

      6) маркасы, моделі;

      7) шығарылған жылы;

      8) көлік құралының санаты;

      9) қозғалтқыштың жұмыс көлемі;

      10) техникалық рұқсат етілген ең жоғары масса.

      Ескерту. Қағида 42-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.07.2022 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42-2. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары операторға жіберетін мәліметтерде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының әр бірлігі бөлінісінде мынадай ақпарат қамтылады:

      1) бастапқы тіркеуді жүзеге асырған тұлғаның атауы/Т.А.Ә., бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі;

      2) нақты және (немесе) заңды мекенжайы, байланыс деректері (телефон, электрондық пошта мекенжайы);

      3) машинаның зауыттық нөмірі;

      4) бастапқы тіркеу күні;

      5) нөмірлік белгі;

      6) машинаның атауы және маркасы;

      7) жасалған айы мен жылы;

      8) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының түрі;

      9) қозғалтқыштың номиналды қуаты;

      10) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының техникалық паспортының нөмірі мен күні.

      Ескерту. Қағида 42-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.07.2022 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2026 № 615 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      42-3. 01.01.2025 дейін қолданыста болды - ҚР Үкіметінің 18.07.2022 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындамаған не толық көлемде орындамаған өндірушілерге және (немесе) импорттаушыларға осы Қағидалардың 41, 41-1 және 41-2-тармақтарына сәйкес алынған, ұсынылған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша оператор кәдеге жарату төлемін енгізу қажеттігі туралы оның сомасы көрсетілген хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.

      Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындамаған не толық көлемде орындамаған өндірушілер және (немесе) импорттаушылар операторға енгізуге тиіс кәдеге жарату төлемінің сомасын есептеу осы Қағидалардың 20 немесе 23-тармақтарында көзделген мерзімдер аяқталған кезде қолданыста болған мөлшерлемелер мен коэффициенттер бойынша жүргізіледі.

      Оператор хабарламаны өндірушіге (импорттаушыға) осы Қағидалардың 42, 42-1 және 42-2-тармақтарында көзделген мәліметтерде көрсетілген мекенжайлар бойынша жіберген кезден бастап хабарлама жеткізілді деп есептеледі.

      Осы Қағидалардың 42-тармағында көзделген мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерінде әдістемеге сәйкес кәдеге жарату төлемін есептеу үшін қажетті өнім және (немесе) өнім қаптамасының салмағы туралы ақпарат болмаған жағдайда оператор анықтамалықты пайдаланады.

      Өндіруші және (немесе) импорттаушы кәдеге жарату төлемін оператордың хабарламасы негізінде өтінім бермей енгізеді.

      Автокөлік құралы бастапқы тіркелгеннен кейін оператор кәдеге жарату төлемін енгізу кезінде импорттаушы ұсынған мәліметтердің дұрыстығын оларды мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректерімен, көлік құралының электрондық паспортымен (бар болса), көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікпен (бар болса) және өзге де құжаттармен салыстыру арқылы бақылауды жүзеге асырады.

      Кәдеге жарату төлемінің мөлшеріне әсер ететін техникалық сипаттамаларға мәліметтердің сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда оператор импорттаушыға анықталған сәйкессіздіктерді жою және (немесе) кәдеге жарату төлемінің кем төленген сомасын енгізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Импорттаушы анықталған сәйкессіздіктерді оператор хабарлама жіберген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жоюға және кәдеге жарату төлемін енгізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға міндетті.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2026 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      44. Өндірушіде немесе импорттаушыда кәдеге жарату төлемі сомасының оператордың хабарламасында көрсетілген кәдеге жарату төлемінің сомасынан өзгешеленетінін растайтын мәліметтер болған жағдайда өндіруші немесе импорттаушы мұндай мәліметтерді оператордың атына осы Қағидалардың 15, 16, 17 және 28-тармақтарында көрсетілген растайтын құжаттармен қоса ұсынады. Кәдеге жарату төлемінің сомасын растайтын мәліметтерді алған кезде оператор кәдеге жарату төлемінің сомасын қайта есептеуді жүзеге асырады. Өндіруші немесе импорттаушы ұсынған мәліметтер расталған жағдайда оператор өндірушінің (импорттаушының) атына хат жіберу арқылы кәдеге жарату төлемінің түзетілген сомасы туралы хабарлайды.

      Өндіруші (импорттаушы) өнімнің экспорты және (немесе) реимпорты туралы ақпарат берген жағдайда оператор Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының атына, оның ішінде ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы, осындай ақпаратты растау туралы сұрату жібереді.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары өндіруші (импорттаушы) ұсынған өнімнің экспорты және (немесе) реимпорты туралы ақпаратты растау және (немесе) теріске шығару туралы мәліметтерді сұрату алынған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, оның ішінде ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы, операторға жібереді.

      Өнімнің экспорты және (немесе) өнімнің реимпорты расталған жағдайда (бұрын кәдеге жарату төлемі енгізілген) оператор мұндай өнімге кәдеге жарату төлемін есептеуді жүзеге асырмайды.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2026 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      45. Іс жүргізілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері бар әрекеттер анықталған кезде оператор мұндай құқық бұзушылықтар бойынша бар материалдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді.

      46. Оператор жыл сайын, есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 мамырына дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің, импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелерінің іске асырылу барысы туралы есеп ұсынады.

      47. Оператор қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынатын есепте мыналар қамтылады:

      1) Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарылған өнім және оның (олардың) қаптамасы туралы деректер;

      2) кәдеге жаратуға жататын қалдықтардың көлемі туралы мәліметтер (қалдықтар құрамындағы әрбір құрамдас бөлінісінде) және іс жүзінде орындалған көлем көрсеткіші;

      3) мыналарды:

      жиналуы, тасымалдануы, қайта пайдалануға дайындалуы, сұрыпталуы, өңделуі, қайта өңделуі, залалсыздандырылуы және кәдеге жаратылуы есепті жылы ұйымдастырылған өнім қалдықтарының саны, сондай-ақ өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері енгізілген кезден бастап қызмет кезеңдері ішіндегі қарқыны туралы мәліметтерді;

      орналасқан жерін, жиналған, қайта өңделген,залалсыздандырылған және кәдеге жаратылған қалдықтардың көлемі, қалдықтардан алынатын өнімнің түрлері мен көлемі қоса алғанда, оператор, өнім қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру бөлігінде өзара іс-қимылды жүзеге асырған кәсіпорындар туралы мәліметтерді қоса алғанда, өнімнің және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмыс туралы мәліметтер;

      4) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаруды ынталандыру жөнінде жүргізілген жұмыс туралы мәліметтер;

      5) қалдықтарды жинау мен қайталама шикізат ретінде пайдаланудың жаңа технологияларын ендіру, тұрмыстық қатты қалдықтарды және қайталама ресурстарды сұрыптау және (немесе) пайдалану жөніндегі зауыттар (өндірістер) құрылысы туралы мәліметтер;

      6) өнімнің тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру туралы мәліметтер.

      7) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.09.2026 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.09.2026 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      48. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарушыларды қоспағанда, өндіруші есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 наурызынан кешіктірмей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өткен күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылған өнімнің, оның ішінде мұндай өнім қаптамасының саны туралы ақпаратты ұсынады.

      49. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген ақпаратты операторға есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей береді.