"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 428 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 752 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 428 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      4-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      көрсетілген қаулыға 2-қосымша алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин